Шәй әлде кофе?
«Чай или кофе?». Осы сұрақты бала кезіңізде талай рет кинолардан естігеніңіз анық. Өсе келе қызмет бабымен офистік жұмыстар атқарғанда, басқа да кездесулерде, әйтеуір бір жерлерде осы сөзбен ұшырасқан да боларсыздар. Ал, мен бұл сұрақпен тым ерте ұшырасыппын қарап отырсам. Сексенінші жылдардың орта шенінде туған ауыл баласының бес-алты жас шамасындағы кезінде кофе туралы түсінігі болмаған да екен ол кезде. Біздің үйдегі (ата-әжемнің баласымын ғой) қыздардың екіншісі тұрмыс құрды да күйеуінің қызмет бабыменБалқашқаласына көшіп кетті. Шешей марқұм (әжем) буынып-түйініп қаладағы «аш-жалаңаш» (Марқұм өле-өлгенше қаладағы біздерге азық-түлік тасушы еді) қызына азық-түлікке толған үлкен-үлкен сөмкелерімен пойызға мінеді. Мен шешейдің қасында еріп жүрмін. "Қала деген қандай екен?", «Жүзитін ванналары бар ма екен?(ол кезде малтуда білмеймін)» деген ойлармен қалаға да келіп жеттім. аулдың қазағы шайқор келетіні бар ғой. Біздің шешей де шайды таңдап, талғаммен ішетін жан еді. Сөмкелерімізді орналастырып болған соң шай ішуге отырдық.Әпкеміз менен «Шай ішесің бе, кофе ішесің бе?» деп сұрады. Тыныш отырған балада несі бар десеңші?! «Кофе» дедім ойланбастан. кинодан ғана естіген сөзім. Көк жәшіктегілер тамсанып ішіп жататын әйтеуір. Маған шәшкеге қара қоңырлау бірдеңе құйып берді. Шыны керек, қою қызыл шай ішіп жүрген маған бұл ұнай қоймады. Дәмін татып көрдім. Пәлендей ешнәрсе аңғармадым. Кофе туралы түсінігімнің бәрі быт-шыт болды. «Мені баласынып, алдап отыр» деген ой келді басыма. Содан," Мынау кофе емес, алдап отырсыңдар" деп біраз жылағаным есімде)))"Өй, маңқа! кофе ішіп көрген адамдай сөйлейсің ғой" деп әпкеміз де күйіп — пісіп жатыр. Үйде әйтеуір шыны бөтелкедегі қақпағы жылтыр, көк қағазбен қапталған кефир бар екен. соны ішіп солығымды басқаным есімде)))
Суретке сілтеме
Суретке сілтеме
3 пікір