Күтімі қандай болса, түсімі сондай
Бұрынырақ оқыған кітабым бар еді. Содан түртіп алғандарым. Негізі мұның бәрін әжелеріміз еш кітап оқымай-ақ білген ғой, бірақ сол анадан қызға берілетін осы бір алтын ережелерден қол үзіп алған секілдіміз. Осының бәрі дұрыс екенін түсініп отырсам да, кейбір тармақтарын үнемі орындап отыра алмайтыным бар. Алып-қосарыңыз болса жаза отырыңыздар.
Ер үшін не маңызды?
Кейбір ерлеріміз бәрін өз бетімен жасап, шешімді тез қабылдайды. Ондай ерлерге жұбайының көмегі керек емес те сияқты. Бірақ кейде өзіне сенімсіздеу, немесе жалқаулау күйеулер де болады, сонда оған жұбайы тарапынан келесі көмек керек
1. Еріңізді әрекетке ынталандыру
a. Оны дайындау
b. Оның жауынгерлік рухын ояту
c. Оның бұрынғы жетістіктерін есіне салу
d. Бұның бәрі әсер етпесе, әскердегідей сапқа тұрғызып, «шаруа жаса!» деп артынан бір тебу
2. Қаупі жоғары жобалардан сақтау
3. Оның жетістіктерін мойындау (оған жетістікке жетуге көмектесу, бірақ соның жұмысын жасамау)
Ер қандай үйге оралғысы келеді?
1. Ол үйде оны қарсы алып, келгеніне қуанса
2. Ол үйде оның табысын, әкелгенін қуанышпен қабылдаса (азық-түлік әкелгенде бірдеңе дұрыс болмаса, оған көңіл аудармай-ақ қойыңыз)
3. Ол үйде оның сүйіктісі бақытты болса
Әйелдің ең маңызды қасиеті
Күйеуін сынамау (сөзбен де, ыммен де сынамау, сіздің еріңіздің жолы болмай жүрген саладағы басқа еркектердің табыстарын айтпаңыз)
1. Сіздің еріңіздің қолынан бәрі келетініне ешқашан күмәнданбаңыз, — күмән бәрін жояды.
2. Сізге ең маңызды болып көрінетін істі еріңізбен жылы қарым-қатынастан жоғары қоя көрмеңіз.
3. Авансқа, яғни алдын ала мақтау-мадақтауға, көтермелеп, жебеуге жомарт болыңыз, оның өткен жетістіктері мен еленген еңбегін ешқашан ұмытпаңыз
4. Еріңізді ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз.
Бәріңізге жұбайыңызбен әп-әдемі болып, осылай жүзге жетіп, қол ұстасып жүруіңізге тілектеспін. Артыңыздан жастар қызыға, әрі қызғана қарап жүрсін.
Пы. Сы Бұл постта отбасы шырқының жүз пайызы тек әйелге байланысты деуден аулақпын 50/50, бірақ мынау әйелдің қулықтары жүзеге асса сол 50/50ге жетуге болады деп ойлаймын.

10 пікір