Тәуелсіздік шыршаның шырмауында қала бере ме?

erkekiz
Бәріне қазақтың өзі кінәлі.Той дегенде қу басы домалайтын қазақ неге Тәуелсіздікті тойлауға құлықсыз? Осыны түсінбей-ақ қойдым… Салғырттығымыздан өз елімізде отырып, Тәуелсіздікті мектеп, мемлекеттік органдар деңгейінде ғана атап өтетін мереке немесе халық үшін демалыс күні деңгейіне түсірдік. Өз басым Тәуелсіздіктің 20 жылдығында да ерекше өткен іс-шараны байқамадым. Сол баяғы жартас…
Қазір қай қалаға барсаңыз Жаңа жыл күні ертең келетіндей жанталасуда. Айналаңызда қызылды-жасылды ойыншықтар мен түрлі құттықтаулар іліулі. (Осы тұста Оңтүстік Қазақстандықтардың ерекше бастамасын айта кету керек. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тәуелсіздік мерекесіне дейін «Жаңа жыл» деп жалаулатпауды қол астындағыларға тапсырды. Жөн-ақ). Шын мәнінде қарапайым халық христиандардың мерекесін тойлаймыз деп даладағы жасыл шыршаны заңсыз кесіп, қылмысқа істегеніне мән бермейді. Ал, ата-бабаларымыз жыл басы Наурызда жас көшеттер отырғызып көрегенділік жасаған емес пе? Ендеше батыр бабалардың төгілген ыстық қаны мен ұлы арман жолында құрбан болған асыл азаматтардың арқасында қол жеткізген ТӘУЕЛСІЗДІКТІ мақтан тұтып, қастерлей білейік! Келе жатқан ТӘУЕЛСІЗДІК мерекесі құтты, әрі ұзағынан болсын!

Қалада жүріп Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық хаттарды көзім көп шала бермейді. Тапсам да сол баяғы Алтын адам, Ту, Астананың суретімен безендірілгенін көремін. Құдай-ааауууу басқа елдердің Тәуелсіздік мейрамына арнап шығарған ашық хаттарын қарасаң сүйсінесің. Көп қой Қазақстанда көрсететін құндылықтарымыз. Африка құрлығындағы елдердің мерекеге арналған ашық хаттарын көріңіздерші. Көздің жауын алады!
Бөлісу:

4 пікір

madikon

Осындай видеоларды көріп, сол кездегі оқиғаны айтып еске алса біраз тәуелсіздік қадірін түсінер ме еді…
madikon
видеом көрсетпей тұр, мен қойған
asaubota
не ұсынасыз автор? үй ішінде қалай тойлауға болады Тәуелсіздік күнін?
Tyulpan
бүгін-ертең болатын біздің корпоративкада желтоқсанға жеке номер арнап, құттықтайтын болды. қуанып кеттім. былтыр құттықтамаған еді. 2010-да 15-желтоқсанда әнұранымызды қосқанда риза болғанмын. барлық этаждарда. қарасам шетелдіктер де тұрып тыңдап, құрмет көрсетіп жатыр екен. сондағы бөлімнің жеке жаңа жыл кешінде шетелдіктерге латынмен жазылған әнұранды беріп, бірге айтқан едік…