«1Q84»


Көркем шығармаларға қызығушылығым бала күнімде қалып қойғандай көрінетін. Әсіресе соңғы жылдары мамандығыма, сабағыма қажеті бар кітаптар ғана оқып жүрдім. Жақында қолыма Харуки Муракамидің кітабы тиді. Үш кітаптан тұратын роман.
Шынымды айтсам, Муракамиді жылауық, тым мұңды, әсіресе пәлсапашыл авторлардың бірі шығар деп ойлағам (бар ғой сондай бір жазушылар, сән үшін оқылатын). Мойындаймын – қателесіппін. Әрине менің оқығаным орыс тіліне аударылған нұсқасы. Дегенмен шын суреткердің қолтаңбасы сақталған деп шештім.
Роман кейіпкерлерінің мінез-құлқы, кескі-келбеті, жүріс-тұрысы мейілінше әсерлі суреттелген. Кейіпкер туралы алғашқы сөйлемдерді оқыған бойда, оның физилологилық, психологиялық, тіпті қоғамдық портреті көзге көрінбейтін қылқаламмен санаңа мәңгілікке бейнеленеді. Сиқыр.
Солай бола тұра, шығармадағы тұлғалардың бірде-бірі идеалды адам ұғымының маңына жуымайды. Әдетте, жақсылықты жақсыға тілеуші едік қой, ал бұл кітапта кімнің жақсы екенін мен ұққаным жоқ. Өзіміз сияқты адамдар. Әркімнің өз құпиясы, қорқынышы, жабайы сезімдері бар. Кей кезде басты қаһарман, шартты түрдегі жағымсыз кейіпкерден де өткен қатігез, пасық адам сияқты көрінеді. Мүмкін кітап дәл осындай кемшілік пен қателікке толы қоғамды бүкпесіз көрсеткен шынайылығы үшін де қызықты болар.
Шынайылық? Негізі роман түгелдей ойдан шығарылған. Өзімізге үйреншікті өмір әлдебір фантазиялық әлеммен тұтасып жатыр. Екі өмірді байланыстыратын жіп қайда, қай жерде сабақталды, түйілгені тұсы қане, шегі бар ма өзі… осылай ойлап, тереңге бойлай бересіз, бойлай бересіз. Шығарманың басты ойы адамзат әлдеқашан айтып, біреулер гипотеза, келесілер теорема, ал үшіншілер аксиома ретінде қабылдап жүрген ұғымға құрылған. Оны кітапты оқып шыққан соң өзіңіз айтып берерсіз.
Бөлісу:

13 пікір

temir1986
Мен неге екенін Жүз жылдық жалғыздықтан соң көпке дейін ештеңе оқи алмадым.
Marco
Маркес амигоның бітіп болмайтын сөйлемдері шаршатты ма?)
Adiletshu
Бұрын мектепте кітаптарды оқи беруші едім, қазір ерінем. Марко, көпке дейін сол киноның әсерінен кете алмай жүретін бір киноларың бар ма
shokoladka_9509
мен әлі күнге дейн кітап оқимын)) өйткені мен әлі студентпін))
VKM
Электрондық варианты болса, осы жерге ляқтыра салшы, Марко.Қыс қой қазір,іш пысқанда оқып көрейік) Мен қазір бас қатпайтын, жақсы аяқталатын детективтер мен қыздарски романдар оқимын.Психология қызықтырып жүр.Классиктерді мектеп кезінде оқып, жалыққанмын. Универ мен жұмыс істеген кезден бастап, бір жөні дұрыс кітап оқымаппын.Мода болғасын Пауло Коэльоны оқыдым… деградация басталды)
Aidakonya
Мураками енбектерінде жапондык стиль сезіледі да, авторын білмей окысан да бірден жапондык екенін тусіне аласын, бірнеше кітабын окысам да суйікті авторларыма айналмады, таза «для разнообразие стилей» окуга болады
Marco
Иә, мен де сүйікті авторым деп айта алмас едім. Дегенмен шебер екенін мойындаймын, онда да, тек осы кітаптың шеңберінде) Басқасын оқымаппын)
Aigolek
А мен Артур Голденнын Мемуары гейшиды окып тастадым. Окыганда окиын деп те издеп окыган жокпын. Плей маркеттан онын китап екенин де билми коширип алыппын. Сосын бир куни карап отырып калай кирисип кеткенимди де билми каппын. 2 туним уйкысыз отти. Енди осы китаптын желисимен тусирилген киносын издеп отырм. Китапты окып алып киносын корген унайды. Ал киносын корип ап китавын ешкашан оки алмайм.
zholantai
Киносын көргенмін. екі қайтара көруге жарайды. тек жоғарғы сапада тауып барып, көріңіз. әйтпес, бекер.
Karakyz
Муракамиді бастап, аяғына жетпей тастап кеттім. Тартпады)

Ал 100 жылдық жалғыздықты түгелімен оқып шықтым, сондағы мотиваторым жұрт мақтаған шығарма ғой, мүмкін соңына жетсем түсінермін деген ой болды. Бәрібір құндылығы неде екенін түсінбедім. Мен топаспын ба?
Marco
Жұрттың бәрі түсінбеген ғой ол кітапты. Түсінбегенін мойындағысы келмей, «мықты-мықты» дей берген. )))
Zhanara2012
Шедеврді оқыған шедеврмін дей бере ме?
Gastarbaiter
Көп кітаптан шедеврді ажырату үшін де тәжірибе керек. Мың жерден ақылды болсаң да, тәжірибелі оқырманның таптаурын дүние, қарапайым сюжет желісі деп ернін сылп еткізіп ысырып тастаған кітабы сен үшін жаңалық болуы мүмкін. Және керісінше, талай кітап оқып, кітаптар арасындағы ұқсастықты, ненің қарапайым, ал ненің күрделілік екенін, ненің шығармашылық батылдық екенін, ненің байқампаздық екенін игерген оқырманның «пір» тұтар кітабы аса көп кітап оқымайтын адамға, немесе бір жанрды оқи беретін, талғамы тар оқырманға «түсініксіз боқ-сідік» болуы мүмкін.

Және әрине шедеврге еліктегенімен, жазушының орталау санасы былшиып көрініп тұрған, әдемі сөз иіру техникасын меңгергенімен түйсіктің таяздығы мен надандық жалпия көрінген кітаптар да болатыны жасырын емес.