Көмектесе аламыз ба...
Кезекті менің бұл тақырыбым осы сайтқа жазуға жарай ма әлде минус болама білмеймін. Бірақ кімнен сұрарымды білмедім. Нағыз жарамай жатса өшіре салармын. Бүгін мен интернетте отырып бір бағдарлама көрдім. Ол адам өмірін құтқарған батырлар туралы. Соңында рак ауруына ұшыраған кішкентай қызды көрсетті. Оның сыныптастары барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектеседі екен. Көріп, бір жылап алдым. Содан соң ойға қалдым, біздің елде де сондай көмекке зәру адамдар көп қой. Ауруларды санамағанда жетімдер, соның ішінде қазақтар қаншама. Бізде, шүкір, бәрі бар. Тіпті, қымбат сотка мен қымбат киім кимесем де мен өз күшіммен қалағаныма жете аламын. Ал кейбіреулердің оған шамасы жоқ. Бақытты отбасыда өмір сүргеннен артық қандай бақыт бар! Жетімдерге көмектесу — бала күнімнен ойымда бар еді.Тіпті, 3 жыл бұрын мектеп кезінде «алматы ақшамына» осы ойымды жеткізіп, мақаламды жариялаған болатынмын. Сонда мен бай адам болғым келеді, себебі мен сонда ғана жетімдерге көмектесе аламын дегем. Қазір де солай ойлаймын. Сонымен әңгіменің нақтысы, мен ешқашан жетімдер үйінде болмадым. Ойлап отырмын, осы жаңа жылда ең болмағанда бір балалар үйіне кішкене де болса да сыйлық жасасақ не болар екен? Мен әрине үлкен суммадағы қаражатпен көмектесе алмаймын. Бірақ қалай көмектесуге болады? Кім қалай ойлайды? Әлде босқа әуре болмау керек пе көп қаражат болмаса? Көп түкірсе көл болмай ма? Пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын. айтпақшы, көрген бағдарламам: пусть говорят — не все равно тақырыбы
негізі идея жақсы көп түкірсе көл деген көмектесу керек енді!!!
қазір сондай волонтерлар көп бір қуантарлығы.
мынадай да жағдайлар кездесіп жатады: балам ауру ақша жинап беріңіздер деп компанияда рассылка жібереді де ол жиналған ақшаға өзіне жағдай жасайды. кәдімгі, бізбен бір компанияда істейтін бір қазақстандық корей әйел сөйткені бар еді. бұл енді, әлгі, операция жасауға көмек сұрайтындарға қатысты…
Ауруларға, ия, ақша жағынан көмектесу керек. Бұл — бөлек әңгіме
бөлініп жатқан ақша өз орнымен жұмсалып жатпайды. бұл- Қазақстан…
мәселе ақшада болып қалады кейде…
Киім, тамақ жағынан оларда қиыншылық жоқ сияқты, тек көңіл мен мейірім жетіспейтін сияқты.Олардың орнына өзімді қоя алмайды екенмін,қалай ол ата-анасыз өмір сүрген?
өз ата-анасына керек болмаса немесе олардын айрылған болса, неге жақсы адамдарға бермеске ұлтына қарамай?..
орыс емес басқа емес, қазақтарға қызыққанына да риза болдым. бала мен ата ана бірін бірі тауып бақытты етсе жақсы болар еді. бақыт іздеп аласұрған адамдар: біреуі сүйгенін іздейді, біреуі ата анасын, біреуі баласын, біреуі дос… заман не болып кетті өзі…
Мәселе басқада, Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті деген бөлімшесі бар, уоооот, сол комитеттің басшылығын және кей облыстардағы сол комитеттің бөлімшелері іспеттес, қорғаншылық мекемелерінің басшыларын қос ауыз мылтықтың ұңғысын көздеріне тақап қойып қос шүріппені қатар басқанда іштегі бытыраның от шашып келіп көздеріне қадалатынын сезіп, шарасыздықтан көздерінен жас парлап тұрып шарасыздықтан өлгендерін көруді армандаймын кейде… Оған себептерім де бар…
Пы.сы. админ, егер менің бұл пікірім, немесе оның кейбір бөліктері, сайт саясаты мен мемлекеттік ішкі тұрақтылығына нұқсан келеді деп тапсаң, өшіріп тастауыңа келісетінімді мәлімдеймін.
Пы.сының. Пы.сысы. Шыдай алмай кеттім, ішіме сыймай, есьжы… цүнесің ғо…
Менің ата-анамда бала асырап алу туралы ой болған. Бізбен ақылдасқанда,қарсы болмадық сіңлім екеуміз де.Үнсіздік, не болғанын сұрау да ыңғайсыз.Мүмкін бермеген шығар
қазақтар балаларынан бас тартып отырса, сіз де айтады екенсіз. мәселе балалардың бақытында. мен де бұрын сіздей пікірде болғанмын. бір жақты ойлаудың қажеті қанша? жетімдер болмас үшін, қазақтың санасы сондай дәрежеге дейін көтерілуі керек, кешіріп қойыңыз. өзімізді өзіміз әйту келсін келмесін мақтауға мастерміз...
қазақтар не то что басқалардың балаларын, тіпті өз балаларын әзер асырап жүр!
не десек те, түйткілі көп бұл мәселенің…
шетелдік немесе қазақ деп бөлінгенде емес. бұрын үзілді-кесілді қарсы болатынмын. кейін қарап отырсам қазақтың да жаманы-жақсысы бар, сол сияқты шетелдіктің де жаманы-жақсысы бар. адамына қарай асырап алам деушілерге риза боламын! қазақ бере алмаған бақытты жақсы шетел азаматтары берсін онда.
бұл мәселенің түйткілі көп, сонау заманнан ауыздан түспей талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі. талай рет дебаттың да резолюциясы болып қаралатын еді студент кезде…
бала асырап алу туралы сұрадым. центр опеки деген мекемеге барыңыз солар біледі деген жауап алдым. шетелдік азаматтарға бала асыраумен айналысатын агенттіктер бар, солар айналысады деді…
Осыдан біраз жыл бұрын болған оқиға еді.
Шымқаланың алыс бір ауылы бар. Атауын ұмытып қалдым. Бір әйел кісі тұратын. Әбден қажыған әйел. Жасы 37-де. Екі ұлы бар екен. Отағасы күйбең тіршіліктен шаршағандықтан болар ішіп кеткен. Бері қарауы екіталай. Әлгі апай екі ұлының нәпақасын табу үшін, тау арасындағы ауылда жалданып қойшы болып істейді екен.Өзінің басында үйі де, күйі де жоқ. Тағы да жүкті болып үшем босанған ғой. Апайдың тапқырлығы ма, сасқан үйрек артымен сүңгидінің кері ме, балаларға қаланың, облыстың, үлкен көкеміздің атын қойған ғой. Біреуі болмаса, біреуінің мейірімі түсіп үй береді ме деген ниеті болған ғой. Содан жаздық келіп, жаза бердік. (Менің сыртта жүргенімді пайдаланып, маған ғана жаздыртатын. Өздері қорыққан-ау, қазір солай ойлаймын) Құлақтарына жетті-ау бір күні… Шымқаланың «крутой» мөлтекауданынан 4 бөлмелі пәтер берді, 3 ұлға медбике тағайындады. Менің сол балапандарым 6 жасқа қарай аяқ басты. Мысалы, бұл балаларды жетім деп айта алмаймыз ғой. Жетім болмаса да, жетімнің күйін кешіп өмір сүріп жатты. Мен алғаш барғанымда, күні бойы тек қана ағарған айран-сүтті ғана қорек еткен 5 ұлды көріп, жүрегім ауырған. Қазір жәрдемақысын да, мемлекеттен алатын көмек қорын да ұйымдастырып қойдық. Жағдайлары жақсы. (Бір-бір көкелердің атын иемденген үшемдерді көкелерімен таныстырып, "Өкіл бала" етіп жіберуді ойлап жүрміз. Болашақтарына «гарантия» бола ма деген ой ғой...)
Бұл менің осы уақытқа дейінгі жасаған ең, ең ең үлкен көмегім шығар. Балапандарды сағынып кеттім.