Аяз һәм пластик терезе

Жертөленің терезесін қойдың қарынымен қаптаған замандарда болған. Әйтседе, біздің барлығымыздың дерлік балалық шағымыз шыны терезелер заманымен тұспа-тұс келеді. Таңертең ұйқыдан тұра салып терезе шынысындағы аяздың салып кеткен өрнектеріне тамсана қараушы едік.Әр күні әр түрлі өрнек салып кететін Аяз шалдың суретшілігіне бас шайқаушы едім. Аязды Аяз ата кейіпінде елестетуші едім. Бес жасыма дейін әрине. Қазір қала тұрмақ ауылдағы жұртшылық терезелерін пластиктеуге көшіп жатыр. Бұны заманның талабы дейміз бе әлде басқаша жоримыз ба, ол өз еркіміздегі дүние. Әйткенмен, осы пластик терезелерге Аужекең өз өрнегін сала алмайды. Ендеше, боранды я болмаса шаңылтыр аязды күндері терезеге телмірген балалар аяз салған өрнектерге қарап түрлі қиялдарға берілмесі де анық.
ПыСы: Үйдің терезесін әлі пластиктеп үлгерген жоқпын)))
Суретке сілтеме
Бөлісу:

13 пікір

torgai
Онда бақытты екенсің! Со суреттерге қарап жүре бер. Немерелерің де көрсін…
Abilakim
дауысыңда кекесін бар ма әлде жоқ па?
torgai
Кекетсем))) деп қосар ем. Бәріміз көріп, қызықтап өскен табиғат ғажабын олардың көргенінің несі жаман
Abilakim
жамандық көріп тұрғаным жоқ)))
бұл жердегі )))-белгімсі кекесін емес
Abilakim
немерелерімнің соны көріп отырған сәтін көруімді де тілей салмадың ба
VKM
Пластик терезе жақсы, жалпы. Аязды суреттен көре салса да бола береді
Abilakim
Бұныңыз енді шәйді ішпей шәйнекке қарап кете салумен бірдей нәрсе ғой)))
Абай Отарша айтқанда «Парнуха көрген жақсы, оны практикалық тұрғыда сезіну тіпті басқаша»
bizbike


мынау менің кеше ғана түсіріп алғаным, дәліздегі пластик терезеден, үйдегі терезелереге бұлай аяз қатпайды екен шынында да
neoaskar
Біздің үйдің пластик терезі түгел аяз болып қалды өткендегі суықта. қатқаның көрсең қарап тұрып жаурайсың.
Пысы: ол бөлмеге жылу бармайды. төбесі дұрыс жабылмаған. әлі бітпеген.
Blogshy
бізде ағаш терезе, тотықұстың құйрығындай өрнектерін әлі де салып жүр аяз. Бірақ астынан улеген салқын жел бүкіл эстетикалық ләззатыңдыі үріп кететіні жаман
Aigolek
Тотыкус деген попугай емес па? Онын куйтыгынын кай жери адеми? Менин корген аяздын суреттери намного адеми ед тотыкустын котиннн
Blogshy
тотықұс па тауыс па, жар-птица. тауыс деген дұрыс болар, общым құйрығы адеми құс