Аяз һәм пластик терезе

Жертөленің терезесін қойдың қарынымен қаптаған замандарда болған. Әйтседе, біздің барлығымыздың дерлік балалық шағымыз шыны терезелер заманымен тұспа-тұс келеді. Таңертең ұйқыдан тұра салып терезе шынысындағы аяздың салып кеткен өрнектеріне тамсана қараушы едік.Әр күні әр түрлі өрнек салып кететін Аяз шалдың суретшілігіне бас шайқаушы едім. Аязды Аяз ата кейіпінде елестетуші едім. Бес жасыма дейін әрине. Қазір қала тұрмақ ауылдағы жұртшылық терезелерін пластиктеуге көшіп жатыр. Бұны заманның талабы дейміз бе әлде басқаша жоримыз ба, ол өз еркіміздегі дүние. Әйткенмен, осы пластик терезелерге Аужекең өз өрнегін сала алмайды. Ендеше, боранды я болмаса шаңылтыр аязды күндері терезеге телмірген балалар аяз салған өрнектерге қарап түрлі қиялдарға берілмесі де анық.
ПыСы: Үйдің терезесін әлі пластиктеп үлгерген жоқпын)))
Суретке сілтеме
Әрі қарай