Chance күнделігі: Бірінші техникалық қызмет

Өткенде одометрім істемей қалған еді ғой. Жаңа барып, сервис орталықтан істетіп алдым. Кепілдікке кіреді екен, тіпті сервис кітапшасында «Одометр ауыстыру» деген арнайы беті де бар екен: демек бұлардың одометрлері тез кетеді.


Сервистері ұнады. Аздап сылбырлау, бірақ жалпы тұрғыда қызметтеріне көңілім толды. Процесін түсіндіре кетейін, кәделеріңе жарап қалар:

  • Барғаннан кейін сервис бөлімінің мамандарына жолығасың.
  • Сервис кітапшаңды, техпаспортыңды көрсетесің.
  • Механикке машинаңды тапсырасың.
  • Тез жөнделетін (1-2 сағат ішінде) жұмыс болса, буфетте күте тұруыңды сұрайды.
  • Буфеттен тех.орталық алақандағыдай көрінеді.
  • — Қалай, қалай? — Алақандағыдай. — Қалай, қалай? — Алақандағыдай деймін, зайбал!
    • Шайыңды ішіп отырып көлігіңді бақылап отырасың.
    • Мамандар жұмыстарын бітіріп жатқанда, қайтадан сервис бөлімінің жігіттеріне барып, көліңіңді күтесің.
    • Машина дайын болғанда қолыңа кілтті тапсырады.
    Орталықтың ішіндегі буклеттерді ерігіп оқып жүріп қажетті техникалық қызмет көрсету құнын біліп алдым. Бірінші ТО 2 мың шақырым жүрген кезде өтеді екен. Майын ауыстырып, тартатын жерін тартып, бекітетін жерін бекітіп береді. 11 мың теңгеге шығады. Одан кейінгі ТО-лар 8 мың шақырым сайын, олардың бағалары сәл қымбаттау.Енді дән ризамын. Әзірше ешқандай ақауы жоқ, тап-таза машина.
Бөлісу:

2 пікір

omarbirat
Мамандар жұмыстарын бітіріп жатқанда,
мәшинеңнің ақаулары жойылғанын телебизірден қарап бітіріп отырасың дейсің ғой

Дұрыс болған. Енді ақау-сырқаулардан аман болсын
a63a1
Патике қызық болсын тюнингпен айналысшы ә? Әр жағыңда қытай жақынғой)