Есте сақтау қабілетіміз нашарлап бара жатыр ма?



Есте сақтау қабілетіміз, жадымыздың қолданылуы нашарлап бара жатыр ма? Бір нәрсені еске түсіре алмай көп қиналамыз ба?

Соңғы кезде көп адамнан естіп жүрмін осындай нәрсені. Өзімде де көп байқалады.

Бүгін бір ағайым Терри Гиллиам деген кісінің сөздерін бөліскен екен ФБ-да. Сол сөздерден ұққандаймын біраз нәрсені.

Жадылары жоқ ұрпақ туралы кино түсіргім келеді. Достарының аттарын, телефон номерлерін, маңызды күндерді естерінде ұстай алмайтындар туралы. Дәл қазір осындай ұрпақ өсуде. Бұл балалар кез келген сұрақтың шешімін табу үшін интернетке жүгіреді, IMDB, Википедия-дан қарап, Google-дан іздеу үшін. Бұл — жадының жаппай қырғынға ұшырауы, жойыла бастауы.

Бұлар туралы қандай фильм түсіруге болады? Қай жерде жүргендерін белгілейтін, не істеп, не қойғандарын, не көргендерін жазып отыратындар туралы ма? Жақында бір концертте болдым, сонда байқағаным адамдар оттық түгіл телефондарының жарығымен де бұлғамайды екен. Олар тек экрандарына телміріп, болып жатқан нәрсені жазуда. Сонда олар қай кезде ләззат алады? Бұлар бөгдепланеталықтар — бұл ұрпақта тек үнемі желігу, бір нәрсеге тек қысқа фокуспен қарау, барлық нәрсені тез және дәл сол жерде алуға құмарту. Бұл қандай өмір сонда, күте білу мен жады жоқ?

© Терри Гиллиам

Мен өзімдегі мәселені ақпараттың көп болуымен байланыстыратынмын. Мына кісінің де айтқанымен келісемін. Барлық нәрсені миымызда сақтағымыз келмейді. Интернетке жаман үйреніп алдық. Адамдық қасиеттер жоғалып бара жатқан осы заманда дене мүшелеріміздің де функциялары жоғалып бара жатыр.
Бөлісу:

54 пікір

Aidakonya
«Сонда олар қай кезде ләззат алады?» блогшылар кай кезде лаззат алады, жаксы жагдай боп жатса, фотога тусиреди, так, так мынаны керекке жазу керек! а так просто сол саттен лаззат алмайды
менин ойым
Armanjan
бірінші рет сіздің пікіріңізді түсіне алмай отырмын.
Aidakonya
яки, проблема сиздин жадынызда емес
a63a1
Менде қорыта алмадым ))
Aidakonya
о, койындаршы, кейде сиздердин жазгандарынызды 33 шайнасамда жута алмаймын мен де
a63a1
34-ші рет шайнауға не кедергі?
Aidakonya
1 рет шайнаганда 1 тис туседи, 32 тусип калган сон, 33 рет коремин тис ети аурып кетеди шееееее
a63a1
сорып отыра беруге де боладығой
Aidakonya
муз кампит, курт и каткан нанды унатпаушы едим
a63a1
Тісі жоқтың былбырап піскен майды да сорып отырғанын көргенбіз.
Aidakonya
мен корсем гой пару кенес пен корега кремин беруши едим
omarbirat
Маңызды нәрселерді есте сақтауды техниканың қолына тапсырып, бастарымызды бос нәрселермен толтырып жатырмыз, меніңше.
Мысалы, керек адамдардың телефон нөмірлерін телефонға ғана сақтап қоятыным бар. Егер оған шұғыл хабарласу керек болған кезде, телефонның батареясы отырып қалып, зарядтағыш таппай қалсам, шарасыздықтан басқа қолдан келер шарам болмай қалады
Marco
Оның рас, бүгін мысалы, үйленгеніме жеті жыл болғанын ұмытып кетіппін)))
omarbirat
Қолда басқа да телефондар тұрады сол кезде, бірақ дәл сол керек нөмір жоқ болып күйдіреді ғой )
asaubota
ұялы телефонды алғаш ұстаған кезде номерлерді жазып қойсам да есімде сақтай алатын едім. біреулер біреудің номерін сұрағанда жатқа айтатынмын. бұрын үлкендер де біреулердің үй номерлерін жатқа айтып отыратын еді. қазір ақпарат көбейген сайын мидағы жадыны қолданбайтын болып кеттік. мен тіпті көрген киноларымды ұмытып қалатын болыппын.
asaubota
Сатыбалдының Деградациясы да осы тақырып қой
Abilakim
мен де байқадым өзімнен осы құбылысты. ұмытып кетпейін деп шығарып қойған нәрсені ұмытып кету, нөмір жаттай алмау дегендейлер бар менде де
nurbergen_makym
Мұның себебі әр адамда әр түрлі шығар. Гендік фактордан бастап, әлдебір "-изм" дәргейіндегі дүниелерге дейін.

Менің есте сақтау қабілетім — өте нашар. Кәсіби мамандар көмегіне жүгінгем. Менің жағдайымда: бірінші себеп — алкогольді шамадан тыс көп қолдану; екінші себеп — бастан алған ауыр жарақаттар; үшінші себеп — жадыны жаттықтырмау;

Берген кеңестері: алкогольді пайдалануды азайту, ендігі әрі бастан жарақаттанбау, күніне жоқ дегенде төрт жол өлең жаттау;

Әлі ешқайсысын қолданған жоқпын, бірақ
sigma
Әлі ешқайсысын қолданған жоқпын

Оқып отырып -Лібә!-дедім. Қандай мықты бас десеңші. Күнде болмағанмен жетісіне бір бастан жарақат алып тұру деген кез келгеннің басынан қолынан келмейтін іс.
nurbergen_makym
Жоқ, енді, аптасына болмағанмен (Патик өтірік айтқызбасын), айына бір мықтап ішкенде шатақ іздеп кетіп, таяқ жеп қалатынмын...
Tyulpan
мен де бастан ауыр жарақат алғам. содан жады ди ма қалай, әлгі есте сақтау басында өттте жаман болды. жылай беретін едім жай нәрселерді бұрынғыдай есте сақтамай қалғаныма, бір түрлі үйрене алмай. содан есте сақтай алмаймын деген сайын ббіреулер соны өзіме қарсы қолдана бастады. сол кезден бастап «бұлай болмайды, бірдеңе істеу керек» деп ойладым. енді қатты жұмыс істедім демим, бірақ алғашқы кезге қарағанда жақсы сияқты. керек нәрселер есіме түсе қалса, жерден 7 қоян тапқандай қуанам. а так бас жарақатын бастарыңызға бермесін…
VKM
Артық информацияны еске сақтап не керек? Бірақ телефондағы номерлерді блокнотқа жазып қою керек екені сөзсіз!
Gastarbaiter
Қазақтар қызық халық.
Интернетпен өмір сүретін азшылық пен интернет туралв естуі ғана барлар.
asaubota
жақында ауылға барғанымда мысалы ол жақтағы адамдардың есте сақтау қабілеттері әлі бұрынғыдай. ұмытылып кеткен нәрселерді, оқиғаларды айтып отырады.

мына жазба интернеттегілерге арналған ғой
Abilakim
бала кезімдегі кішкене оқиғаларға дейін есімде. Айтып отырсам үйдің іші таң қалады. Нөмір жаттауға деген қабілетім жоқ болар, ал кейінгі кезде рас, бірдеңелерімді ұмытып жүремін.
Gastarbaiter
Мен дк бала кездегіні ұмытпайм, ол кезде миыңда мың ой жоқ, әсерлер де қатты содан болар, м, бірақ осы жаңа ұстап тұрған затымды қайда қойғанымды, кафеге кіріп, жарты сағаттан кейін шығып, қалай, қай жақтан келгенімді ұмытып қалам. Пахом айтпақшы топографиялық кретинизм)
Әлдк географиялық па еді? Әне нақ, тағы ұмытып қалдым
Gastarbaiter
Менің есте сақтау қабілетіме еш әсер етпеді, бұрыннан ұмытшақ болатынмын.
Қазіргі технологиялар қайта маған мықты көмек боп жүр.
Dana
Арине, ауылда бари баскаша, ауасы да тап таза жане табиги онимдерди кобине колданады. Каладагыдай тынымсыз тиршилик коринбейди, тынымсыз коликтердин де дауысы естилмейди. Экологиянын ластанбауынын натижесинде есте сактау кабилеттери оте жаксы дамыган. Мени ойландыратын нарсе, кагаз, калам болмаган кезде ауыз адебиети де жаксы дамыган, бир биринен естигенин бирден жаттап алып, сол олен жолдарын кайталап отырган, кызык, карап турсак, бул бизге бир ертеги секилди коринеди, бирак, шындык… Казир, биреудин айтканын жаттау былай турсын, бугин бир жерге койган кагазды, ертен таба алмай алексин…
saken
сенбі күні «Батыстан» ауылдан беріп жіберген құжаттарды күтіп алуды ұмытып кетіппін. Сол күні азанда есімде етін. Түсте есімнен танып? енді ол қағаз Ақтөбеде жүр. Қайтадан салып жіберемін деген еді жолсерік мырза.
Олда ұмытып кетпесе болар еді…
seyh
менің топшылауымша жадыны жаттықтырмаумен қатар айналамыздағы көріністер(харамға қарасаң да есте сақтау нашарлайды деп жататын) де әсер ететін шығар. Достарым мектеп кездегі естеліктерді айтып отырғанда аспаннан түскендей боп отырам өзім
Marationok
Бес минут бұрын не болғаның есіме де түспейді…
Armanjan
Бес минут бұрын не болғаның есіме де түспейді…
онда тіпті анау «Мұсылмандардың адалдығы» фильмі- деп аталатын жазбадағы аузыңыздан ақ ит кіріп көк ит шығып, ақ тер, көк тер боп жазған пікірлеріңіздің бәрі жадыңыздан бұлбұл ұшты деңізші…
Marationok
Оны біраз енді не болып қалды, айып етпе.
aikarakoz
Кейде есте сақтау қабілетімнің мықтылығына таң қалып жатам: баяғыда болып өткен титімдейді еске оңай түсірем әрі жаттанды тұрады. Ал, кейде мың жерден толғанып, жүз жерден ойлансам да, ең басты нәрсені ұмытып қалам. Негізі, шынында да Твиттер деген ауруды жұқтырдым, барған жерімде телефоныма шұқшиям. Керекинфо үшін, Фейзбук үшін суретке түсіп/түсіріп жүретініміз өтірік емес. Білмеген, еске түсіре алмаған дүниелерді(біліп тұрсам да, толықтыру үшін)гуглдатып жібереміз. Жадымыз компқа көшіп кеткен сияқты.
Ноутбук не телефон таңдағанда техникаға емес, өзімізге жад таңдағандай, көп гигабайттығын аламыз…
konvict
Негізі біз көрген нәрсемізді ұмытпаймыз. Жай ғана мән бермейміз. Сосын ол мидың қараңғы бір түкпіріне бұғып қалады. Дәл соған ұқсас оқиға орын алғанда есімізге еміс-еміс түсе бастайды.
Ал, мен өзімнің есте сақтау қабілетімнің нашарлығын басымнан алған соққыдан деп есептейтін. Төбелес болса мейлі ғой. Мұздан таяқ жедім
Gastarbaiter
Міне нақ, баланың бал тілінен аққан шындық. Мән бермейміз, қияли боламыз, әлдені ойлап отырамыз, автопилотпен жүреміз, құлақта наушник, қолыңда телефон, үйде біреу "әй, кешке ана Мырқымбайдың туған күніне мынаны кисем бола ма? " десе, Сатыбалдының сюжеттерін оқып өліп бара жатқан біз «Аха» дей саламыз.
Жарты сағаттан кейін Әйелің қара чулки, қоянның құйрығы бар кружева трусы, корсет пен етік, қолында қамшы,, басында жапсырма мүйіз «Кеттік, нақ» дегенде шошып түсеміз
«Аха? Деген жоқсың ба? дейд. Ал сенің есіңде жоқ.
Khorlan
Kyzyk… Osydan on zhyl buryn sinilimnin (!) zhattagan olen zholdary keshe estigendei esimde! Al bugin korshimnen bir zatty suraimyn dep atyn esime tusire almadym!  bir filt'r turady-au: mynau kerek-ony umytaaamyz, mynau kerek emes- basynda mangi sakta!

Zhalpy, kansha zerttelse de bizge en beimalim zher garysh emes — osy moiyn ustap turgan bas siyakty. 
manshukn
Мен жүрегіме ауыр тиетін оқиғалар немесе жағдайларды ойламауға, тез ұмытуға тырысамын. Бірақ, соның зиянын да көріп жүрмін. Қазір, ұмытшақтық пайда бола бастады.
MickThatsMyNick
Белгілі бір нәрсені есте сақтауды маңызды деп таппасаң миды қинаудың қажеті жоқ сияқты… Мәселен, миға сақтап алдым деген нәрсені адам одан да маңызды нәрсенің кесірінен ұмытып кетем деп қорқып, қағазға немесе блокнотқа сақтық шарасы ретінде жазып қоя алады, бұл жоспардағы іс-әрекетіміздің көлемін жадымыздікімен сәйкес келмеуін білдіретін шығар. Мысалы: бүкіл тума-туысқандарың мен жақындарыңның, олардың балаларының туған күндерін есте сақтау мүмкін емес сияқты, сақтағанның өзінде жұмыс-жұмыс деп ұмытып кетіп жатамыз, сондықтан арнайы тізім арнаған дұрыс.
zholantai
Бұлар туралы қандай фильм түсіруге болады? Қай жерде жүргендерін белгілейтін, не істеп, не қойғандарын, не көргендерін жазып отыратындар туралы ма?
Нолланның «Memento»-сы келіңкірейді, дұрысы нақ келеді
Adiletshu
көргенмін. Күшті кино. Көріңдер, рекомендеймін
Barsa
Марқұм рулас үлкен атай болды. Өткен ғасырдың басында, ортасында болған оқиғаларды кеше болғандай баяндап береді. Адам аттарын, киген киімдерін, үй-жайын жатқа соғады.

Ондай кісілерге бір жағынан қызығасың. Енді былай қарасаң дәл солай есте сақтап та керегі жоқ секілді. Күніне қанша адаммен телефон алмасасың, неше адаммен танысасың. Техника дегенің де сол үшін жасалып жатқан жоқ па, көп информацияны қорытып жүйелендіру үшін. Тек сол техниканы дұрыс пайдалану керек — телефон анықтамалығын жүйелеп жазу, блокнотқа оңай табатындай етіп жазу деген секілді.

Менің тез ұмытатын нәрселерім — сатып алған заттарымның бағасы (моментінде саудаластың, алдың, ұмыттың), адамдардың өз өмірлеріне қатысты проблемалары (маған олардың не қатысы бар?). Вот солай…
vebred
жалпы кейінгі жылдары байқағаным, адам кәртайған сайын, балалық шағында болған оқиғаларды, діл қазір көріп отырғандай есіне түсіреді де, есесіне кеше ғана болған дүниелерді ұмытып қалады
Kipshakkyzy
Соңғы уақыттары мен де көп нәрселерді ұмытып қала беретін болыппын. Осыған алаңдап витамин қабылдап жүрмін. Бала кезімде фантастикалық кинолардың әсерінен мен де ойша өзімді уақытша жадтан айрылып, басқа әлемде жүргенімді кино сияқты көз алдыма лентадай елестететінмін. Құрсыыыын, бала кезімде ғой ол, қызық керек. Ал шындығында олай болғанын қаламаймын.
Marationok
Қандай керемет едің
araika
Umytshakpyn, kazir gana bireu uidegilerge salemdeme joldasa, habarlasuyn eskertse ne konakka shakyrudy tapsyrsa sol kui umytyp ketem. Kein aiteuir birdeneler arkyly oiyma oralsa gana jetkizemin, otken shakty kop koldanamyn
badur9
Адам сансы қайда? Сол сияқты, жады, жете, зере, зейін дегендермізді қалай түсінеміз? Бұ ұғымдар қазақта болған ба? Осындай сансыз саулдарды мен жастайымнан іздеп, талай сұрақтарды мандарға қойғанмен тұшымды жауап таба алмағанмын. Енді сол сұрақтарға маған Құдайдың өзі жауабын қайдан табуға жәнен қазақтың бұрынғы өткен аталрымыз жан ғылымының ең жоғары дәрежесін меңгергінін білдірді. Әл-Фараби атамыз сана күшін бірінші орынға қойған екен. Енді біздің барылық пстхолог, философ мамндарымыз шет жұртың ғалымдарының Фрейд сияқтылар еңбегіне сүйеніп сана мида деп осындай бұл ұғымдардың бәрі түгел жоғалған. Адам баласының есте сақтау яғни жады санамен байланысты. Ал сана қанмен яғни қандағы 11-санды жұлдызшамен байланысты. Негінен еркек 70-метал-метелоидтан тұрып рух сипаты ақпарты сақтаушы болса, әйел заты 40-қышқылдықтан тұрып жан сипатты ақпартты сақтаушы. Осының бәрі ұлтық геніміз ділге тәуелді. Ал ми жұмысы адам баласының белгілі бір компютерлік матица яғи ой күшіне тәуелді. Мидағы 21-орынның 5-еуі бос яғни өтірік, теріс ақпарттар болмақ. ...Қысқаша айтқанда әйел көріп ойланады бастың тазалығына тәуелді, ал еркек естіп ойланады, яғни жүрек жұмысынан санаға тәуелді. Сондықтан әйел басына көп салмақ түскендіктен әйел заты басын ерекше қорғап, «Шашы ұзын ақылы қысқа, яғни көру жиілік қуаты қысқа толқынды. Және әйед қағыс естіп, көп жағдайда саңырау. Еркек соқыр, аяғының астындағыны байқамай басындағы тымағын 6-ай іздеуі де мүмкін. Құдай соқырмен саңырауды екі жарты қылып бірін-бірі тәрбиелеу үшін жартып қойған. Сонымен қандай ерекшеліктер бар? Егер бұл тақырып қызықтырса бұл туралы 8-кітапбетнде Абай-Шәкәрім философиясы және жан сырлары туралы жазылған еңбектерді Википидия және глобал сайтынан „Дінің діліңнің, Тілің иманыңның айнасы“ деген тақырыптың маңынан іздеп табуға болады… Келесі жолы жалғасы бар…
Tyulpan
бадур9, суфизм бағытынан емессіз ба?
ruben
Бұрын кітаптың бір бетін 3-5 оқығанда-ақ жаттап алатынмын. Кітаптан оқып тұрғандай жатқа айта салу оп-оңай еді. Қайда кетеді деген оймен жетілдірмей, тастап кеттім. Қазір қиналамын жаттаумен. Бірақ адамдармен араласқанда, қатты қаласам, қылық-мимика, үсті-басы мен кей көзге түсер кәкір-шүкір детальдарды ұмытпаймын. Телефон номерлерді де ұмыта қоймаймын. Парольдарым қыздардың номерлерінен құрала(тын-)ды
UMYTYLGAN
осы кейбіреулерге қызығам, олар деген қалай туылып, тілі шыгып, еңбектеп, жүріп бастаған шақтарының барін еске ала айтып отырады. ал менде мектепке барған куніме дейінгі өмірімнен фрагментте жоқ. кейде өзімше керегі болар деп параққа кошіріп қойғандарымды қайда нені неге жазғанымды есіме тусіре алсамшы…
кешегіде осыған байланысты тамақ құрамындағы картоп (кәртөшкі) есте сақтау қабілетін азайтады дегенді естіп осында білетіндер болар деп сурай кеткенді жөн көрдім
badur9
Есте сақтау негзінен есту қабілетне байланысты. Әйелдерде «девичий помять» яғни кей жағдайда тез ұмыту да құдайдан берген жақсы қасиет. Ал жалпы ұмытшақтық әйелдерде тойымсыздықтан, өмірге риза болмау және тіл білімінің қуатының әлсіздігі мен тәндік жұпар исітік «По мята» сының азайуынан, жалаңаш, жалаң бас, шаш қиып бас терісінің қалыңдауы мен, шалбармен жүру сияқты әдетерден пайда болады. Еркектерде рухының әлсіреуінен, аруақ қауатын тазарта білмеуден, ынжықтық. ездіктен пайда болады.