Махаббатқа мас болдым...

Махаббат… Махаббат бұл өмірде жоқ емес, ол бар… Махаббат біздің басымызға түсіп, сезіміне бөлеп, тұрақты бола алмай, кете баратын болғандықтан, кейбіріміз оны жоқ деп есептедік. Мағанда осылай жасап кетседе, мен оны бар деп есептедім, себебі оның дәмін таттым. Мүмкін әлі махаббат сезімінің дәмін тата алмай жүргендер жоқ деп есептейтін де шығар, бірақ бұл сезімді бастан өткермегендер кемде-кем.

Бұл өмірдің заңы бойынша шын сүйіп, ғашық болғандардың көпшілігі қосыла бермейтін секілді. Қосылғандар бар, бірақ қосыла алмай, айырылысып кеткендерге қарағанда аз. Бәрін болжайсың, елестетесің, қиялға батып сүйгеніңмен болашаққа шарлайсың, шешіп қоясың… Бірақ, шіркін, әттеген-ай, тағдырыңда сүйгеніңмен, ғашығыңмен бірге бола алмау ғана жазылған екен. Тағдыр екіге айырады, өмірің біршама уақытқа созылған қасіретке айналады.

Алғашқы махаббатым сәтсіз, баянсыз болса да, мен одан көп нәрсе үйрендім. Сүюді, сүйгенім үшін жылауды, бірте-бірте оған үйреніп, бауыр басып, жүрегіме орналастыра отырып ғашық болуды үйрендім. Ол үшін жанымды да қиярдай, бір сәтте онсыз шыдай алмастай, өлердей ғашық болдымда. Ол менің жан дүниемнің, ішкі түкпірімнің, жүрегімнің қорегі, азығы еді.

Бұл тек маған жолыққан алғашқы махаббатым ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар ол, махаббатқа әбден мас қылдырды, ғашықтық сезімінен қалағанымша дәм татқызды. Ғашықтыққа мас болған адам — белгілі бір аурумен ауырған адам секілді немесе ақыл есінен айырылған жынды адамға ұқсайды. Ол ешкімді тыңдамайды, ешкім оны ғашығының жолында тоқтата алмайды. Оны сүйгені ғана тоқтата алады, айтқанын істете алады. Ләйлінің Мәжнүнін бекерден бекер Мәжнүн демесе керек, себебі араб тілінде Мәжнүн — жынды деген сөз екен.

Мен осылайша бұл өмірде махаббат әлемінің жұмағында жүргендей күй кештім. Эх, егер бұл ғашықтыққа мас болу мәңгілікке созылар болса, онда бұл шексіз рахат іспеттес. Ал егер аяқталар уақыты болса, махаббат осы ғашықтықтан айырып жарты жолдан тастап кетер болса, онда сен сүйгеніңнен айырылғаныңа жүрегің шыдай алмай бұл өмірмен қош айтысасың немесе бұған жүрегің төтеп беретін болса, онда ұзақ уақыт оны ұмытумен азапта, қиналумен өмір сүресің. Жүректе қалған жара болып, ескі түскенде ол жара тырналып, ауыртып уақыт өте береді.

Біз өткізген алты ай уақыттың ешбір күні, бір-бірімізді іздемеусіз, хабарласпаусыз өткен емес. Бір күн онымен тілдесе алмай қалар болсам, сол күнгі ауамды жұта алмай, тамағымды, суымды іше алмай қалғандай күйді кешер едім. Оның дауысы тіптен нәзік, жіңішке еді, ешбір қыздың дауысына ұқсамаған, қасында тұрып естігенде жаным тынышталып, рахаттанғандай күй кешетін едім. Ол жанның бойынан басқа қасиеттерін айтпағанда, дауысының өзі оған ғашық болуыма жеткілікті еді. Ол мен үшін теңдесі жоқ, баға жетпес болды. Оның өткен өмірінде кім болған мені қызықтырмады. Мен одан, маған жеткіліктінің бәрін үйрендім. Бірақ… Ол енді ешқашан келмейді…
Ол бұл өмірде бар, бірақ біз енді ешқашан қосыла алмаймыз, тіпті оның дауысында ести алмаймын. Ол бұны қаламаса да, оның таңдауы осы болды. Міне тағдыр осылай өліп-талып, жанын қиярдай болып ғашық болғандарды түрлі айла-тәсілдерімен айыра салады екен. Қайта ғашық болғым да келеді, бірақ қорқамында, тағы қайталанар болса өмірімнің мәні кетіп, азапқа айналуынан. Енді ғашықтыққа жақындамай, тек шынайы ғана сүйіп, жүрегімнің, екі өмірімнің бақыты болады деген адаммен ғұмыр кешкім келеді…

Ұмыту керек адамыңды ұмытуға кейде уақытта көмек бере алмай қалады. Өйткені қанша уақыт өтсе де ұмытылмайтындай сезім қалдырған адамдар бар. Қатты ұмытқың келіп бара жатса, тек өз күшіңмен ғана ұмыта аласың, — деп ой түйдім.

Сіздерге махаббатта тек сәттілік, екі дүние бақытын, рахатын тілеймін!
Әрі қарай

Маған түсініксіз жайт...

Өмірдің түсініксіз жайттары көп қой… Сондай жағдайдың бірі (мен соны ешқашан түсінген емеспін)-бір сәттің дәл солай екі рет қайталануы. Қызығы сол, бұрын болған оқиға көз алдында тағы қайталанып жатады, ал озің бұрын сол жағдайды бастан кешірген сияқтысың.Бірақ ешқашан есіңе түспейд… мен бұрында өмір сүргем бе деп ойлап қаласың кейде… сосын ішіңнен: бұрын болды осы сәт, бірақ қашан ед? — деген ойлар мазалайды, сөйтесің де кейін ұмытып кетесің. Бүгінде мен үшін тағы сондай жағдай болды..әйтпесе мұндай тақырып қозғамас едім. Сіздерде сондай бола ма? Ғылыми тілде қалай атайды екен бұл жағдайды? ауру ма екен?өмірдің тылсымы ма бұл? Қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Есте сақтау қабілетіміз нашарлап бара жатыр ма?



Есте сақтау қабілетіміз, жадымыздың қолданылуы нашарлап бара жатыр ма? Бір нәрсені еске түсіре алмай көп қиналамыз ба?

Соңғы кезде көп адамнан естіп жүрмін осындай нәрсені. Өзімде де көп байқалады.

Бүгін бір ағайым Терри Гиллиам деген кісінің сөздерін бөліскен екен ФБ-да. Сол сөздерден ұққандаймын біраз нәрсені.

Жадылары жоқ ұрпақ туралы кино түсіргім келеді. Достарының аттарын, телефон номерлерін, маңызды күндерді естерінде ұстай алмайтындар туралы. Дәл қазір осындай ұрпақ өсуде. Бұл балалар кез келген сұрақтың шешімін табу үшін интернетке жүгіреді, IMDB, Википедия-дан қарап, Google-дан іздеу үшін. Бұл — жадының жаппай қырғынға ұшырауы, жойыла бастауы.
Әрі қарай