Сәби жүрек
Бұл жазба қиын да бақытсыз не болмаса бақытты да тәтті өмір кешіп жатқан сәбилер жайлы емес. Кешелі бері «Еларнадан» беріле бастаған «Сәби жүрек» сериалы жайлы жеке пікірім. «Фильмнің режиссері кім, сценаристі кім?» (айтпақшы, композиторы Қуат Шілдебаев) деген сұрақтарға бұл жазбадан жауап таба алмайсыз. Бірақ, фильмнің бастауы сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңдеріндегі балалар үйіндегі оқиғадан бастау алатыны жайлы мағлұмат бере аламын.
Опшым, барлық қазақ киносының басты мәселелері бұл телехикаяны да айналып өтпеген, айналып өткеніңіз не жер бауырлап жатып алған. Ол, дыбыстардың және дауыстардың жасандылығы.Әуелі орысша түсіріліп, үстінен кейін қазақша жаза салғанға ұқсайды. Актерлік шеберлік жайына келсек, біраз танымал актерлердің қарасын көріп қалдым. Дегенмен, басты рөлдердегі балалар шынайы түрде ойнай алмаған секілді, көрген адамды ондай ойға әлгінде айтып өткен үстінен жазылған дыбыстар тіпті сендіре түседі. Ресейліктер түсірген киноларда, мысалы «Громовтар», балалар қалай ойнайды ә?! Сендіреді ғой барлығымызды, балалар үйіндегі оқиғалар, барлығы бізді бей-жай қалдырмаған, ал мына фильмде ондай жоқ. Неге орыс киносын мысалға алдың,өзіміз де де «Алты жасар Алпамыс» дегендей тамаша кинолар бар еді ғой деп сөкпеңіздер.Тек, балалар үйі жайлы көріністерін салыстырып отырмын.
Актерлік шеберліктеріне қолды бір сілтелік.киноның басында тоқсаныншы жылдар деп жазып өтеді, кейіпкерлердің киім киістері де сол кезеңге келеді. Мына қырсықты қараңыз, базардағы саудагердің артында кейінгі жылдары ғана шыға бастаған қызылды-жасылды арқа ысқыштар ілініп тұр, өзіне бас киім таңдап алған сатып алушы тоқсаныншы жылдары қытайлықтар шығарып жатқан гүл іспеттес жасыл айналарға қарамаған болар?! Анадайдан бокс қолғабы мен «грушасы» көзге шалынып қалып тұр. Тоқсаныншы жылдары бокспен айналысқан жұрттар сұхбаттарында "Қолғап табу үлкен мәселе еді, баяғыдан қалған ескі қолғаптарды тігіп алып, сонымен рингке шығушы едік" деп бөскен тәрізді бізге.
Обшым, мен ол киноның бүгінгі сериасын қарамаймын)))

5 пікір