Керекинфо - ертегілер елі


Керекинфо — ешкім оңайлықпен жете қоймайтын, жетсе де, ішке ене қоймайтын ертегілер әлемі деп қарасақ, ондағы қалданушыларды ертегі кейіпкерлеріне бөліп көрейікші:

Админ — ертекші  


1. Бұлбұл

Кез келген нәрсені бүге-шүгесіне дейін қалдырмай, көңілді баяндап отырады. Ортаның «гүлі». Оқиғаны жандандырып, қиялына ерік беріп, позитивті молынан қосып, адамдардың бақытты болып қосылғанын қалайды, соған жазбасын бағыттайды. Көмейінен, ой, қаламынан төгілген жазбаларды оқыған сайын оқығың келе береді.

2. Түлкі

Өзі туралы ауыз ашпауға тырысып, сұрақтан сұрақ тудырады. Қулыққа басып, сенен қате тапқысы келеді, сол арқылы өз пайдасын көздейді. Постыңның әр нүктесіне тоқталып, ұзақ зерттеуге тырысады. Мағынаның астарын іздейді.

3. Аю

Өзі туралы әңгімені жаны сүйеді, мақтаншақ. Қорқақтығы бар, ішкі жан-дүниесі өте әлсіз, сыртқа «дәу» боп көріне алады. Кейде тіпті қиналып жүргенін айту арқылы да өзіне елдің назарын аудартып алуы мүмкін. Бастысы, ел аузынан түспеу.

4.Қасқыр

Ақиқат үшін жанын салып, ұрысуға, тіпті қырылысуға бар. Пікірін тік жеткізе алады. Сол арқылы өзінің үстемдігін көрсетіп, тісін батырып қалуға тырысады.

5. Мыстан кемпір немесе тролль

Өте сауатты және астарлы түрде жазба иесін еденнің деңгейіне дейін төмен таптап, алыстан сақ-сақ күліп отыра алады. Жәй ғана салғыласудан бастап, жүрегіңіз ауыратындай әңгіме айтылатын жанжалға ұластырмай тұрғанда, үнсіз қалу керек. Назарына бір іліксеңіз, іздеп жүріп, тиіседі.
Сатыбалды бырат есіме түсіп кетті шы

6. Арыстан

Ақылды, сабырлы, өзіне деген құрмет пен беделін орынды қолдана алады. Ұйымдастырушылық қабілеті бар. Төреші болуға жаны құмар. Көп сөзден гөрі, тақырыпқа дөп түсетін сөйлемді жазғанды ұнатады.

7. Қоян

Көп сөзі жоқ, үнемі көзге түсіп қалмауға тырысады. Кейде мүлде ештеңе айтпастан (жазбастан) сырттай бақылап отырады.

8. Есек

Аутсайдер. Жазғаны жақсы болғанмен, пікірге келгенде екі адамды арандатып, біріне бірін айдап салушы. Өзіне деген құрметін әркімге соқтығып жоғалтып алған. Тролға ұқсағанмен, ешкімді тірідей жерге тықпайтындығымен ерекшеленеді. Түсініксіз қолданушы, болғанға да, болмағанға да көсеуін сермеп қалады.

9. Қой

Жаңадан тіркелген момақан қолданушылар қойға ұқсайды. Байқұсты түрлі аңдар барынша талайды, тірі қалса, мал боп кетеді. Тірі қалмаса, жан дауысы шығып жатып, мерт болады.

Кімнің кім екенін жіктеп көрейік. Әзілді түсініп, ешкім ренжи қоймас деп ойлаймын.
Бөлісу:
  • 42
  • 2

64 пікір

araika
Keremet! Eshkimdi dop basyp taba almadym. Birak sipattamalar ort!
Khorlan
Arine, 100 paiyzy tura kelmeidi goi. Ertegi keiipkerleri bolgasyn, ertegilerge tan giperbolany korykpai koldangan goi (ozimnin oiym).

Ozim Koi men Koyannyn selekciyalangan turi siyaktymyn ^_^
izbasar
админды ғана танимын… Сіз қайсысыз?
patick
Өзімді қасқырмын деп елестеттім. Бірақ сендерге белгілее
Aigolek
Булбул: ВКМ, Айкаракоз, Алиша, Ракышева
Тулки: Кен, Кисык, Патик
Аю: Аза, Абилаким
Каскыр: Даракы назгул
Мыстан кемпир: Гаста
Арыстан: Аршат, Марко
Коян: Олар оте кооп
Есек: Маган аздап ухсайт еще коянга да ухсайм )))
dark_nazgul
Не ғо.
Мені олай атауға тек мыстан кемпірлерге рұқсат берілген.
Есектер мен қояндардың ойы да, бойы да жетпейді оған.
Aigolek
тісін батырып қалуға тырысады. 

Чета батпай жатыр тисиниз
dark_nazgul
а мен саған ауыз салған жоқпын әлі, балақай. жай, анадайдан тісімді ақситып, ырылдап қойдым. так что, аманыңда ЗЫТ!
Erkekyz
Коян: Олар оте кооп
аха, бірі мен.
Adiletshu
Бұлбұл: Гастарбайтер
Түлкі: Сатыбалды, Қисық
Аю: Айқаракөз, Айжантабын, Данияр Алан
Қасқыр: Жанасыл, Әбіләкім, Абзал
Мыстан кемпір: Сатыбалды, Патик, Дарк Назгүл
Арыстан: Нұрғиса, Алдекен
Есек: Жакабай Шырақ, Кен
19852407
 танып алдық, ду қол шоколад
aikarakoz
«Оралғазиннің фанаты» деп өзгерте берейін бе атауыңызды, ханым?
Marco
Көп сөзден гөрі, тақырыпқа дөп түсетін сөйлемді жазғанды ұнатады
Мынау точно Омар.
asaubota
жақсы талдау. ұнады. тек мен ертегіші емеспін

p.s менің де Бір орман ертегімді де оқуларыңызды өтінемін.
Aldeken
тек мен ертегіші емеспін
бірден айтшиш, мен керекинфоның құдайымын, қоғамдық санаға белгілі бір деңгейде (ал, ол деңгейдің өте жоғары екенін атйпы мақтанбайсың) әсер ете алам деееееееп…
a63a1
танысып қояйық, Адам деген хайуан мен боламын!
Gastarbaiter
Амплуаны ауыстырып отыруға тырысамын, басқаларға да соны тілеймін.
Қанша керемет болса да бір жақты кейіпкер болсам, өзімнен өзім жалыға бастаймын.
VKM
Бұлбұл:Қисық, Омарбырат
Түлкі: Кен
Қасқыр: Гаста
Арыстан: Алдекен, Алиша
Сатыпалды гибрид енді,1 образға сыймайды
dark_nazgul
Арыстан: Алдекен, Алиша
дөп.
ken
Бұлбұл — Алиша, ВКМ
Түлкі — Сатыбалды
Аюдың сипаттамасы дұрыс жасалмаған. Мысалы, Әбіләкім мен Гастаны мақтаншақ деуге болады. Бірақ қолданушының жазбасына қарап, оның ішкі дүниесін анықтай алмайсың. Оның қорқақтығын/батырлығын да білу мүмкін емес, менің ойымша.
Қасқыр — Саммита
Мыстан кемпір — Сатыбалды, Гаста
Арыстан — Омар бырат. Бірақ ұйымдастыру қабілеті туралы білмедім.
Есекке ұқсағандарды көрмей отырмын. Адамдарды бір-біріне айдап салатындар бар. Алайда оларды өз құрметін жоғалтып алған демес едім. Сондай-ақ, құрметін жоғалтып алғандары да болды. Бірақ олар адамдарды бір-біріне айдап салған жоқ сияқты еді.
Aldeken
Адамдарды бір-біріне айдап салатындар бар. Алайда оларды өз құрметін жоғалтып алған демес едім. Сондай-ақ, құрметін жоғалтып алғандары да болды. Бірақ олар адамдарды бір-біріне айдап салған жоқ сияқты еді.
Кен, не ғо, осы сен үйленген бе едің, әйтпесе, мына түріңмен әйел таңдауға бүкіл өмірің кететін түрі бар… бұл өмірде, тіпті вирт өмірде де, ешкім де, ештеңе де идеал емес. Сосын бұл жерде адамдардың ішкі дүниесін емес виртуалдағы образдарының сипаты критерий болып отырғанын ескерерсің…
ken
)))
сен үзіндіге алған ойымды есектерге берілген мына сипатқа қатысты жазғанмын:
"пікірге келгенде екі адамды арандатып, біріне бірін айдап салушы. Өзіне деген құрметін әркімге соқтығып жоғалтып алған."
e_zhalgas
не бүлдіріп отырсыңдар, балалықтарыңдысс?
VKM
cені ешқайсына келтіре алмай қойдым)))
e_zhalgas
мен өзі ешқандай анықтамаға тура келмеуіммен ерекшемін
aikarakoz
Оһ, ересектің сөзі
asaubota
тақырыптан ауытқығаныма кешірерсіңдер, бірақ кейде маған осы Жалғас пен Эльвира жақсы жарасатын сияқты болып көрінеді.
aikarakoz
Құдайға шүкір, кірпік қаққаннан-ақ бір-бірімізді түсіне алатын жағдайдамыз, Аршеке
Abilakim
Аттары аталған қолданушылар кешірсе болды ғой)))Бізге бәрібір, керекшілердің тойын тойлап қайтсақ болды)))
bazuka
виртуальный женгетай
VKM
шынымен келеді бір-біріне
aikarakoz
Кәдімгідей апарып тастадыңдар ғой
Жалғас — менің жақсы көретін досым. Екеуміз де Таразы болғандықтан, әзіліміз де, сөзіміз де керемет жарасады.
Abilakim
Достықтан махаббатқа апаратын жол бір-ақ қадам…
Gastarbaiter
Интернет экспэрименттер алаңы. Кейбіреулер, мыс. Админ өмірде қалай интернетте солай
Ал мен интернет пен реал тұрмақ, асханадан туалетке барғанда әр түрлімін.
Осы сайтта көп ондай адамдар.
Жақсы болсын жаман болсын харизмасы бар, реально жоқтығы білінетін, шоу жасай алатын, хайвайының өзі қызық адамдарды құнды мүшелер деп білем.
Қояндао мен есектер де керек адам санын көбейтіп, плюс минустар қойылуы керек шығар енді біреудің есебінен.
Шектен шығушылық та, боқтау да, жақтасу да, коалиция құрып жабылулар да, бәрі де болу керек сайтта.
Сайт тірі болған сайын, ойынға шындап кіріскен сайын бірдеңе үйренесің.
Жамағатта ұзақ жүрсең нағыз стратег ғана болмайсың, өзіңнің кемшіліктеріңе де сырттан қарай аласың.
Бұл тек өзін сайтта қалай да жүзеге асырған адамға қатысты.
Бірақ бұның жай ойын екенін ұмытсаң, реал мен виртуалдың шекарасын жоғалтып алсаң — ең қиыны сол.
e_zhalgas
беріліп кетіпсің ғой
Gastarbaiter
Тыныш, шәйнектерге Инструктаж по ТБ жүргізетін Даниар Аланға бір жыл азық болатын афоризмдер бұл))))
totiya
Данияр Алан қойларды малдардың қатарына қосып жүр ғой, тиіспеңіз. қойлардың үні шықпай жатыр бірақ.
Daniar-Alan
Админ — ертекші

дәп осы күннен бастап Ганс деген лақап ат жамалыпты дид Одминге…
Delhi
Мынау шыныменде қызық екен. Ойлап отырсан көптеген қолданушылар мына кейіпкерлерге ұқсайды екен)))
dark_nazgul
Не болсам да, қой мен бұлбұл бола алмаймын.
a63a1
Кейде ішіп отырғанда ит болып кеткім келеді, жарықтық ешкімге тиіспесе оғанда ешкім тиіспейді, басынан сипап кеткені болмаса
dark_nazgul
а мен мысық болғым келеді.
a63a1
қатып қалған қағида жоқ, мысықпен иттің құшақтасып ұйықтағанын көргем
dark_nazgul
мен де көргем.
a63a1
келеғойш
dark_nazgul
Әй, мен «мысық болғым келеді» дедім, бірақ әлі болған жоқпын. Сен итке айналып үлгергенсің бе?
a63a1
бағанадан не үріп отырм сонда саған?
Abilakim
У ды созып айтасың ©
«Бауыржан шоудың» бауыржан шоу кезіндегі тамаша әзілдері еді…
Aidakonya
мен озимди 5, 7, 8, 9 уксаттым, конил шулыкка тусип кетти
aikarakoz
Уай, менде мынадай күшті пост бар екен ғо