Біз қазақ қандай елміз немесе Журиктерге үндеу
Қателеспесем, кеше я алдыңғы күні Астана арнасынан Бекболат Тілеуханның сұхбаты шықты. Сонда ағам осы сөзді айтып еді. Расында біз қазақ қандай елміз?!
Турасын айту керек "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласын осы күнге дейін жаттап алдық. түнде түртсен 20 тапсырманы түгендеп берем… Жо-жоқ! Мен Елбасы саясатына қарсымын деп, қарағайға қарсы біткен бұтақ санап тұрған жоқпын өзімді. Президенттің айтқанының барлығына қосыламын. Дұрыс.(«дұрыс» дегенім дұрыс болмады-ау). Айтарым бұл емес.
Қазір Республикамыздың барлық облыстарында осы мақала (кейбірі бағдарлама дегенді қосып алды) төңірегінде «дөңгелек үстелдер» өткізіліп келеді. Уралап басталған жиындардан «отдуши ұйықтап» қайтасын. Бірақ байқап қарасам, мақаланы түсінген адамдарды саусақпен санап шығуға болады. Ең сорақысы, «Х», «Қ» т.т. сынды арналардағы, «Е», «ДмҚ», «КП» газеттеріндегі журиктер қалың елді ашық жалқау деп қаралауы.
Әй, айналып қана кетейін (сол журиктерге) БАР ҚАЗАҚТЫ ЖАЛҚАУ деп тек АБАЙ ғана айта алады. Бесіктен белің (қазір бесікке ешкім жатпайды), паперстен бұтың шықпай жатып, жұртқа қара жағуды ҚОЙСАЙ!!!
Жалғымпазданудың (*өтке кірудің де) да шегі бар. Әрі Елбасының айтқаны сендердің материалдарыңдағы тексттен мүлде бөлек нәрсе.
Жұмыссыздық пен жалқайлық екі бөлек дүние. Сондықтан жалқаулық емес, екі қолғ бір күрек ұстатар мардымды жұмыстың жоқтығынан бос жүрген қазақстандықтарды қаралауы кей журиктердің өміріне ЗИЯНды. Ұрып кетпесе де, көп түкірсе көл болар дегенді ұмытпайық.

1 пікір