Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз (жалғасы)
Жалғасы. Басы мында.
Сақтандырушы компанияға бармастан бұрын осыған қатысты заңнамамен танысып алған едім. Соным іске асты. Мысалы, көлікке тиген зиянды бағалау үшін бағалау фирмасын жалдау керек. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, кінәлі тараптың сақтандырушысы зардап шегуші тарапқа бағалау компанияларының тізімін ұсынуы керек, соның ішінен зардап шегуші өзі қалаған фирманы таңдайды. Ал біздің жағдайда СК (сақтандыру компаниясы дегенім, артық ештеңе ойлап қалмаңыздар) өкілі біз тек бір компаниямен жұмыс істейміз, әрдайым осылай деді. Бағалаушы компанияның таңдалуы өте маңызды нәрсе, себебі әмпей-жәмпейлес компания болса, зардап көлемін кішірейтіп жазып береді, сөйтіп СКдан аз қаржы кетеді. Мен әдейілеп қағазға басып апарған жоғарыдағы заңды көрсетіп, өз құқығымды пайдаланғым келетінін айттым. СК өкілінің түсі өзгеріп сала берді, өз қалауыңызша кез келгенін таңдаңыз деген жауап берді. Арызымды жаздым да, кете бардым.
Зардапты бағалау
Интернеттен бағалау компанияларын іздеп, соңында біреуіне тоқтадым. Межелі күнде көлікті апарып, бағалаушы суретке түсіріп, ақпаратты алып қалды. Кейін үш төрт күннен кейін барып бағалау құжатын алып кеттім. Зардап сомасын әділ бағалап берді.
Сот отырысы
Алдын ала телефонмен хабарласып біліп алған уақытта сотқа келдім. Кезегім келген соң, сот кабинетіне барсам, қарсыласым жоқ. Хаттама бойынша кінәлі адам келмейінше, бастамаймыз деді. (негізі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, келмеген адамды күтпей өткізе беруі тиіс). Амал жоқ, күттік, әйтеуір келді. Қарсыласым өз кінәсін тағы да жоққа шығарды, соның кесірінен видеожазбаны талап етті. Сөйтіп отырысымыз тәмам болды, яғни тағы да видеожазба келгенше күтіп, келесі уақытты телефонмен білу керек болды.
Оқиға уақытын дұрыс көрсетпедік пе екен, видеожазба жоқ боп шықты. Негізі оқиға орнында камера бар еді. Сондықтан отырысқа ЖП қызметкерлері шақырылып, өз пікірлерін айтты, хаттамадағы схемадан автобус жүргізушісінің кінәлі екені анық көрініп тұр деді аса құрметті ЖП қызметкерлері. Сөйтіп бұл отырыс та тәмам болды. Енді сот шешімі күшіне енгенге дейін он күн күту керек, сосын барып шешімді алып кетуге болатын болды. Бір барғанымда дайын болмай, екі барғанымда болып, шешімді жұмысқа келіп анықтап оқысам, менің көлігімнің мемлекеттік номерін дұрыс жазбапты, қайтадан сотқа барып түзетуге тура келді. Осының бәрі көріп тұрғандай тым көп уақытымды алды, жұмыстан қайта қайта сұрана беру де ыңғайсыз, обшым, жүйке бірталай жұқарды. Қайткенмен де күдіктеніп қалған көңіл ЖП дан да, соттан да заңға қайшы әрекеттер болмас па екен деген қорқыныш та болды. Шүкір, уақыт алғанмен, бәрі оңынан шешілді.
Сақтандыру компаниясы өкілімен кездесу — 2
Сот шешімін, бағалау құжатын, жеке куәлік көшірмесі, т.б. құжаттарды алып СК өкіліне бардым. Заң бойынша, СК өкілі құжаттарды қабылдағаннан кейін менің қолыма анықтама беруі тиіс, ол анықтама екі данада жасалып, бірі кінәлі тарапқа, бірі маған берілуі керек, яғни, түпнұсқада. Ал ол маған анықтаманың көшірмесін беріп тұр. Сөйтсем, ол айналайын тек бір данада ғана жасапты, ақыры көшірмеге компания мөрін салып берді. Бұл анықтаманың да маңыздылығы зор, себебі онда тапсырылған құжаттар тізімі болады, оған барлық тарап қол қояды, яғни ол болмаса, тиісті құжатты тапсырғаныңды дәлелдей алмайсың, сәйкесінше, СКның зардап сомасын төлемеуге заңды түрде құқығы пайда болады.
Осымен бәрі бітті ау деп отырғанда (осы кезде оқиғаның болғанынан бері екі айдай (!) уақыт өтті), СК өкілі хабарласты бір күні. Бағалау құжатының алғашқы бетінде бағалаушы компанияның қай бағалаушылар палатасының мүшесі екені жазылуы керек, ал менікінде ол жоқ екен! Неге мұны құжатты тапсырғанда емес, екі апта уақыт өткенде айттыңыз десем, мен тек қабылдаймын да, құжаттырды Алматыға бас кеңсеге жіберем, сондағы заңгерлердің ескертуі дейді! Бұл жерде уақыт та маңызды, себебі СК соманы БАРЛЫҚ құжаттарды тапсырғаннан бастап он бес жұмыс күні ішінде төлеуі керек. Техникалық түрде, мен сонда әлі барлық құжаттарды тапсырмаған болып шықтым және оны екі аптадан кейін білдім! Өкінішке орай, заңнамада бұл жағдай реттелмеген, яғни, құжатты қабылдағанда бәрі тексерілсін, кейін ескерту айтуға болмайды деген сияқты ереже жоқ. Дереу түрде бағалаушыға хабарлассам, ол еңбек демалысына кетіп қапты, екі үш күннен соң шығып, бағалау құжатын ескертуге сәйкес жөндеп берді. СК өкіліне оны апарып беріп, енді көңілім жайланып, ақша қашан түсер екен деп жүрмін. Бір күні СК өкілі тағы хабарласып тұр: бағалау құжаты ішінде бағалау акті жоқ дейді! Ал мен ол құжатты тапсырмастан бұрын көшірмесін алып алғам, соны қарасам, ол бар! Мен бар деймін, ол жоқ дейді, екеуміз телефонның екі жағында қызыл кеңірдек болып жатырмыз, ақыры Алматыдағы кеңсенің заңгерлеріне өзім хабарластым. Сөйтсем, олардың іздегені басқа құжат екен міс, бағалау өткізгені туралы чекте дәл менің көлігімнің маркасы мен нөмірі жоқ дейді! Осы жерден белгілі болды, сынықтан сылтау іздеп қаржыны төлегілері келмей тұрғаны! Егер құжатты тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаржы шотыма түспейтін болса, Қаржы ұйымдарын бақылау комитетіне арыз жазатынымды, енді ешқандай құжат тапсырмайтынымды айтып, телефонды қойып қойдым.
Межелі мерзімнің соңғы күнінде қаржы есеп шотыма түсті, бірақ бағалауға төленген сегіз мың теңгемді қайтармады, сол жоғарыдағы марка мен номері жоқ деген сылтаумен. Арыз жазып, алуға болар ма еді, жеке шаруалардан мойным жар бермей, қолымды бір сілтедім.
Міне, осылайша үш ай дегенде зардабымды қайтардым. Онымен іс бітпеген еді, көлікті оңдау тағы бар ғой. Бірақ онымен ағам өзі айналысты. Осы оқиғадан түйгенім — егер оқиғада кінәлі тарап ақшамен құтылам десе, қажетті соманы қолыңызға ұстатса, ойланбай ақ ала салу керек екен. Жүйкеңізді, уақытыңызды, ресурстарыңызды үнемдейсіз.
А, ия, мені осыншама әуреге салған сақтандыру компаниясын атамаппын ғой, ол «Астана финанс» сақтандыру компаниясы, жасаған жұмысында заңдарды белшесінен басып, тиесілі қаржыны төлемеудің амалын қарастырып баққан "қаһармандар", міне, осылар!
Осымен эпопея тәмам. Жол көлік оқиғасынан аман болайық!

бірақ машинаның ыңғайлы жағын ойласам алғым кеп кетеді
управление гневом деген кинода америкалық, сақтандыру визиткасын іліп кете барады ғо, хабарласарсың мұнда деп прям кино ғо, сонда да оларда жақсы қолға алынған шығар
Бір адам айтқандай, кино — бұл өмірдің қызық емес тұстарын алып тастаған түрі деп. Шын өмірде олай бола қоймас.