Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз (жалғасы)

Жалғасы. Басы мында.

Сақтандырушы компанияға бармастан бұрын осыған қатысты заңнамамен танысып алған едім. Соным іске асты. Мысалы, көлікке тиген зиянды бағалау үшін бағалау фирмасын жалдау керек. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, кінәлі тараптың сақтандырушысы зардап шегуші тарапқа бағалау компанияларының тізімін ұсынуы керек, соның ішінен зардап шегуші өзі қалаған фирманы таңдайды. Ал біздің жағдайда СК (сақтандыру компаниясы дегенім, артық ештеңе ойлап қалмаңыздар) өкілі біз тек бір компаниямен жұмыс істейміз, әрдайым осылай деді. Бағалаушы компанияның таңдалуы өте маңызды нәрсе, себебі әмпей-жәмпейлес компания болса, зардап көлемін кішірейтіп жазып береді, сөйтіп СКдан аз қаржы кетеді. Мен әдейілеп қағазға басып апарған жоғарыдағы заңды көрсетіп, өз құқығымды пайдаланғым келетінін айттым. СК өкілінің түсі өзгеріп сала берді, өз қалауыңызша кез келгенін таңдаңыз деген жауап берді. Арызымды жаздым да, кете бардым.
Әрі қарай

Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз

Осыдан дәл бір жыл бұрын кішігірім жол көлік оқиғасына тап болдым. Маршруттық автобус жүргізушісі оңға қарай жолақ ауыстырам деп белгі шырағын жақпастан оң жақ жолақта келе жатқан менің көлігіме соғылды. Бірқалыпты бұрылыс болатын, мүмкін көрмей қалған шығар. Осы оқиғадағы жол полициясының қазметкерлерімен әңгімеден бастап, ең ақыры сақтандыру сомасын алғанға дейінгі азды көпті тәжірибеммен бөліскім келіп отыр (өзім сұрақтарыма жауап іздеп интернетті көп ақтарғам). Бірақ ешкімге керек болмай ақ қойсын деп тілеймін әрине.

Сонымен, кеттік!
Әрі қарай