Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз

Осыдан дәл бір жыл бұрын кішігірім жол көлік оқиғасына тап болдым. Маршруттық автобус жүргізушісі оңға қарай жолақ ауыстырам деп белгі шырағын жақпастан оң жақ жолақта келе жатқан менің көлігіме соғылды. Бірқалыпты бұрылыс болатын, мүмкін көрмей қалған шығар. Осы оқиғадағы жол полициясының қазметкерлерімен әңгімеден бастап, ең ақыры сақтандыру сомасын алғанға дейінгі азды көпті тәжірибеммен бөліскім келіп отыр (өзім сұрақтарыма жауап іздеп интернетті көп ақтарғам). Бірақ ешкімге керек болмай ақ қойсын деп тілеймін әрине.

Сонымен, кеттік!

Алғашқы әрекеттер.
Автобустың соғылғанын сезген бетте, көлікті тоқтаттым. Алғашқы сезім — шок, абдырау. Автобус та тоқтап, ішіндегі жолаушылары жәймендеп шығып жатыр. Одан кейін «эмоциялар бораны». Бірдеңе деп ұрысып жатырмын жүргізушіге, ол да қалысар емес. Телефонымнан 102ге қоңырау шалдым. Тез жауап берді, оператор әйел жараланғандар бар жоғын сұрап жатыр. Он минут шамасында Жол полициясы қызметкерлері келіп, жағдайды бағдарлағасын, кетіп қалды. Шамасы жеңіл не ауырлығын қарау үшін келген болар. Одан тағы жиырма минуттан соң басқалары келді. Асықпай жүріп дөңгелектердің тұрған жерін бормен белгілеп алды да, көліктерді қозғай беруге болатынын айтты. Бормен белгілеу барысында кездейсоқ кетіп бара жатқан екі жігітті шақырып алып, соларға өлшеудің дұрыстығын тексеруді тапсырды (Понятой сияқты шығар).

ЖПмен әңгіме
Көліктерді сол жерге жақын жолдың бойындағы паркингке қойғасын, ЖП қызметкерінің көлігінде автобус жүргізушісі және мен түсініктеме жазуға отырдық. Оның алдында ЖП автобус жүргізушіден: «Оформлять будем?» деп сұрады. Ол кісі ия десе де, таң қалып қайтадан сұрады. (?) Сөйтіп түсініктеме жазуға отырдық. Екеуміз де қазақша жазып, біздің іс қозғау тіліміз қазақша болды. Түсініктемеде әр қатысушы өз тарапынан болған оқиғаны баяндап беруі тиіс. Айта кететін жайт, автобус жүргізушісі өз кінәсін теріске шығарумен болды. Сөйтіп, ол өз версиясын (ол бойынша мен оны басып озып, алдына түспек болыппын), мен өз версиямды жаздым. Түсініктемеде барынша өзіңнің кінәсіздігіңді дәлелдеп жазу керек, сонымен қатар қандай мүліктік зақым келді, соны жаза кеткен жөн.
Негізі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, ЖП қызметкері жасаған хаттаманың көшірмесі әр қатысушыға берілуі керек. Бірақ біздің жағдайда хаттама екі данада жасалып, біреуі ЖПға, екіншісі автобус жүргізушісіне бұйырды. Ал маған ше? десем, керек болса, барып түсіріп ал дейді. Тәжірибем жоқ болғасын, қарсыласа қоймадым. (кейін интернет форумдарда жазғандай, практикада осылай жасалады мыс көбінесе). Сот отырысының шамамен болатын уақытын айтып, телефон берді, сол бойынша анық уақытын сұраңдар деп.
ЖП мен сөйлеспестен бұрын екі көлікті де телефоныма фотоға түсіріп алдым бірнеше ракурстан, зақым келген жерлерін (оқиға орнына келген ағамның ақылы, жалпы оның сол кезде көмегі көп болды, мен абдырап қалғанда. Мысалы, түсініктемеде көлікке қандай зиян келді дегенде, ағамның айтуымен жаздым, үш ұйықтасам түсіме кірмейтін нәрселер, дөңгелек геометриясы бұзылған, т.б. дегендерді).

Алкотест
ЖПмен қош айтысқан соң автобус жүргізушісі алкогольдік тест жасауға баратынын, егер мас емес деген справка болмаса, проблемалар туатынын айтты. Сөйтіп компаниямызбен наркодиспансерге бардық. Негізі мастық күйі сақтандыру компаниясы үшін ақшы төлемей қоюдың сылтауы. Справкамызды алып үйді үйімізге тарадық. Қоштаспас бұрын телефон, адрес, аты жөн, сақтандыру компаниясы т.б. мәліметтермен алмастық.

Сақтандыру компаниясы өкілімен кездесу.
Ертеңіне жұмыстан сұранып, өз азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырған компанияға барып, мәлімдеме тастап кеттім (шарт бойынша, кез келген ЖКО туралы ескерту керек, кінәлі бол, болма). Одан шығып, автобус компаниясының сақтандырушысына бардым. Өкілі зуылдап, іші бауырыма кіріп, бәрін қатырамыз, уайым болмасын деді.

*****
Эпопея ұлғайып бара жатыр, ал қызықтың бәрі алда! Сондықтан осы жерден доғара тұрайын, жалғасы кейінірек.
Бөлісу:

24 пікір

bake
толығымен оқыған жоқпын, басынан төмен қарай көз жүгіртіп шықтым, фотосуретке түсіріп алғаныңыз жөн болған екен. Бастан өткен процедура ғой. Тек айырмашылығы, мен соқтым автобус кілт тоқтағанын байқамай, сөйтсем бір джип автобус жолын бөгеп көшені қиып өтпекші болған екен. Кінәлі джип шофыры * қызметкері болып шықты, құлағыма сыбырлап айтқаны бар «мен * қызметте істеймін ДТП менім есебңме жазылмау керек брат» демегі бар ма, МАИ қызметкерлері * қызметкерінің көлеңкесінен қорқатын болып шықты. Бір шыңы машинаны тегін өз "қаражатынан" (?) жөндетіп берді. Бізде де "қара киімділер" бар екен ау деп таң каласың да коясын)))
mercedes
ЖП

Әдейі осылай жазып отсың ба?
Karakyz
Жол полициясы дегеннен қысқарған сөз ғой, ДП — дорожная полиция сияқты. Еш арам ойым болған жоқ)
ruben
оны бұрын ойластырып қойған. ЖолПол. сіздің версия көзге хош
omarbirat
Одан тағы жиырма минуттан соң басқалары келді.
Жолыңыз болған екен. Братаным мәшинесін соққанда, түнгі үштен бастап таңғы он дегенде әрең келген. Жолдары ұзақ деп шағымданатындар көп соларға, әйтеуір.
Abilakim
Алғашқы әлекеттер.

Әрекет дегеніңіз бе? әлде "әлек болу" дегенге ұқсайтын сөз бе?
satibaldi
ЖПмен әңгіме
Келісем, бірақ бәрібір қаттылау сөз сияқты, мент болса да ол да адам баласы ғой.
meirzhan
Заңгерлік білімі жоқ адамдар үшін ваще бәрі түсініксіз болады екен ғой.
Сәттілік сізге! Cіз үшін іс оңынан шешілсін.
Karakyz
Бұл бір жыл бұрынғы оқиға, былтыр аяқталған. Оңынан аяқталып, зияным өтелді.
satibaldi
«Плавный» (қазақшасын таба алмадым)
«Плавник» деген сөзге ұқсастығына сүйеніп, баса берсеңіз болад, сонда «желбезек бұрылыс болатын, мүмкін көрмей қалған шығар.» болып шығады, керек адамдар өзі түсініп алад.
MickThatsMyNick
4-5 күн бұрын тіпә жол апатына ұшырадым, баршамыз білетіндей қыста оталмай гаражда тұрған көліктердің көбісі жазда шығады. Оның ішінде менің көлігім де
Мәшинә құдай сақтасын енді көп! Авиақалашықтағы переездте Алға бағытынан келіп солға бұрылайын деп тұрмын, содан, поезд өтейін деп жатыр, жол уақытша жабылды, уақытын үнемдейін деген менің алдымда тұрған көлік кейін қарай бұрылмақшы болып, артымен менің көлігімнің алдыңғы бампердегі нөмірімді майыстырып жіберед. Мен оның артынан қалай шыға қалдым дищищ?! Жұмысқа асығып тұр екен, содан ол бес мың беріп менен құтылып кетті. Ал мен нөмірімді түзетіп алып жұмысқа тарттым. Көлік жүргізгенде абай болыңдар!
omarbirat
содан ол бес мың беріп менен құтылып кетті.
Неге ара қашықтық сақтамайсың деп өзіңе секірмепті қайта
Karakyz
Мен оның артынан қалай шыға қалдым дищищ?!

Айтпаңыз! Осы оқиғадан кейін ойым осы болды, неге дәл сол уақытта сол жерде болдым, сәл кешікенде не тезірек өтіп кеткенде деген сияқты.

Сосын көлікпен келе жатқанда көрші жолақта автобус келе жатса қорқатын болдым, оқиға болған жерден өтпей басқа айналма жолмен өтіп жүрдім басында
omarbirat
Көлік жүргізгенде абай болыңдар!
Ара қашықтық сақтаңдар!
Жүріп келе жатқанда ғана емес, тоқтағанда да арада кемінде 1,5 метрдей жер қалдырыңдар. Алдыңдағы мәшине аяқ асты аварийкасын жағып, тұрып алса, артқа қарай жүрместен айналып өтіп кететіндей орын қалдырған жөн
sammita
«Плавный» (қазақшасын таба алмадым)
бірқалыпты.
Karakyz
рахмет! өзгертіп қойдым
patick
метламын дисің
omarbirat
Видеорегистратор қойдырып алса қалай болар екен. Пайдасы тие ме, уа жама'ат?
meirzhan
Ютьубтегі видеоларды қарасақ, пайдасы тиеді. Кейбірлері тіпті 5 камера орнатады екен. 1-еуін багажникке.
monti
оныда ебін тауып ұрлап атр кен ғо
былай пайдасы тиеді