БЕСІК – ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ МЕ, ӘЛДЕ АҚЫМАҚТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ МЕ?
Маған, бала кезімде, әжем, апам «Бесікте жатқан баланың денесі, аяғы түзу өседі, бала таза болады» дейтін. Ал мен, өзімізді, яғни қазақтарды, бесікті пайдаланбайтын елдердегі азаматтармен салыстырсам, керсінше екен. Бесікті паидаланбайтын елдердегі азаматтардың бойлары да, аяқтары да ұзындау, әрі түзурек, ой-өрісі де жоғары, санасы проблемалардан тазарақ… Сана таза болғандықтан, еркін ойлауға, яғни өмірге жаңалықтар енгізуге, жаратуға кеңістік болады екен. Ұлы ғалымдар сол елдерден шығады, біз пайдаланып отырған барлық техника мен үйіміздегі қасық, вилка, чайникке дейін солар ойлап тауып, солар шығарып отыр, керек болса киіп жүрген киімдерімізді де солар шығарады. Ал, біз тек пайдаланушымыз(потребитель), керек болса, шығарылған бұйымдарды, кейбіреулеріміз дұрыс пайдалана да алмаймыз.
Одан бөлек, басқа елдермен салыстырғанда, денсаулығымыз да нашар. Неге? Себебі, біздің бесігіміз бар деген тұжырымға келдім.
Нәресте, ананың құрсағынан «Мен кіммін, не үшін жер бетіне келдім, енді қайда барам» деп
жылап еркіндікке шыққан кезде, біз оның еркіндігін шектеп, бесікке байлап қоямыз. Солайша, нәрестенің ойында, аталған сұрауларына, өз әрекетімізбен «Сен құлсың, жер бетіне құлшылық етуге келдің, баратын жерің мола» деген түсінікті қалыптастырамыз. Өз еркімен қимыл-әрекет жасай алмаған нәресте, өз бетінше ойлай да алмайды, біреуге бағынышты, құл екенін бесіктен сезіне бастайды.Еркін қимыл-әрекет болмаған соң нәрестенің денесі де, миы да жақсы, яғни табиғи дамымайды. Қимыл жоқ, немесе аз болса өсу де төмен болатыны ешкімге құпия емес, тірінің бәрі, қимыл-әрекеттің, күрестің арқасында өседі, дамиды. Ал, құлдың миы, санасы тұтынушылық денгейден өспейді.
Баланың өмірге көз қарасы, негізінен, 7-8 жасқа дейін қалыптасатынын ескерсек, 1-2 жасқа дейін денесі бесіктің қамауында болған баланың ой-өрісі дамымай, нәтижесінде еркін ойлай алмайды, әке-шешесінің ойымен, басқалардың ойымен жүруге бейімделіп, өз пікірі болмайды. Ол баланың ой-өрісі, әке-шешесі сияқты(әке-шешесі де бесікте жатқан), тұтынушы денгейінен көтерілмейді, тұтынушы ретінде денгейі өсуі мүмкін, бірақ өмірдің құндылықтарын жаратушы ретінде денгейі төмендейді. Бұл айтылғандардың растығын өмір дәлелдеп отыр.
Тәуелсіз Қазақстанымыз, жер бетіндегі мемлекеттермен салыстырғанда, ғалымдарының санының көптігі жағынан, алдынғы қатарда бола тұра, неге, мемлекетіміз заводтар, үлкен құрылыстар салу үшін, шет мемлекеттердің ғалымдарын, милиондаған қаржылар беріп, жалдайды. Біздің ғалымдардың дипломдары ғана ғалым, өздері ғалым болмағаны ма? Неге ғалымдарымыз, орта мектеп оқулықтарын да жаза алмай отыр. Біздің ғалымдардың жұмыстары көп болғандықтан, қолдары тимейді ме, жоқ, әлде ғалымдық дипломдарын сатып алған ба екен? Мүмкін байлық іздеп, бір-бірімен жарысып жүрген шығар?
Бесікте байланып жатқан балада қимыл болмағандықтан, қан айналымы да төмендейді. Өздеріңіз білесіздер, организіміміздің барлық органдарына қоректік заттар, витаминдер қан арқылы тарайды. Демек дененің дұрыс өсуі, дененің қимылына тікелей байланысты болғандықтан бесікті пайдаланатын семьялардың балаларында «дисплазия» деген ауыру көп кездеседі. Себебі аяқтары қимылдамағандықтан жан-бас сүйектері жақсы өспей қалады, ол ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, кейінгі туылғандарының ұршық сүйектері орнынан шығып кете береді.
Ал бесікті пайдаланбайтын елдерде дисплазия ауыруы жоқтың есебі. Мысалы орыс халқы нәрестелерін корзинаға немесе коляскаға салып қояды, нәресте аяқ-қолын қимылдатып еркін оинап жатады, қимыл болған соң, денедегі қан жақсы айналып, қоректік заттар органдарға уақтында жеткізіліп, дене сүйектерінің өсуі дұрыс болады. Европа халқының, негізінде, денелері биік, аяқтары түзу, сүйкімді болуының, «дисплазия» ауыруының жоқтығының себебі, оларда бесіктің жоқтынан екенін түсіндім.
Біз, ата-аналар, ой-өрісіміздің саяздығынан, өзіміз құл болғандықтан, санамыздың төмендігінен, есепті білмегендіктен, шамамызға қарамай, араларын 1-2 жыл етіп, 5-10 баладан туып алып, баламызға қарауға уақытымыз болмай, оларға дұрыс көңіл де бөле алмай, миымыз ашып, өз нәпсіміз үшін, уақытымызды тежеу үшін, туылған нәрестені бесікке байлап, өзіміз сияқты құл жасаймыз.
Сондықтан, балаларымыздың, біздің, санымыз бар да, сапамыз жоқтың есебі. Ал, мен, сапалы деп бүкіл әлем, немесе жоқ дегенде, әлемнің жартысына жуығы мойындаған, ғалым, әуле азаматтарды айтамын. Қазіргі таңда біздің «ғалымдарды», «әулелерді» тек біз ғана білеміз, біз ғана мойындаймыз, олар ештеңе жаратып, ешқандай жаңалық ашпаса да. Өкінішке орай бізден әлі, менің білгенімше, нағыз ғалым, нағыз әуле шыға қойған жоқ, бірақ мақтанғанда бүкіл әлемге жар саламыз.
Ұлы ғалым Альберт Эйнштейн айтқаныннындай, өмірде бәрі салыстырмалы түрде бағаланады, сондықтан менің жазғандарым салыстырмалы.
Қортындылай келіп, айтарым, бірінші кезекте біз өзімізге, екінші кезекте бесікке қапа болуымыз керек деп оилаймын. Ал, маған келсек, мен, өз ойымды жаздым, менің ойым мүмкін дұрыс, мүмкін дұрыс емес, әркім өзі шешсін деп алдарыңызға қойып отырмын.
Сарыағаш ауданы тұрғыны: Ибрагим Жунисбеков

ал жазбаға келсек, тым асыра сілтеп жіберген
бесікке балаларын өзбектер де, тәжік, ұйғырлар да бөлейді. алайда олардың аяқтарын қиысқ деп айтпайсың.
Шыққан жерің емес, бара жатқан бағытың маңызды дейді ғой. Мүмкін бар мәселе бесікте емес болар, бар мәселе өсіп жатқан ортада болар. Өзін дамытқысы келген адам бесіктен емес, қараңғы ортадан өзін аулақ ұстауы керек сияқты.
Қыртпасын аптыр.
Бесікке жатқам жоқ, аяғыма не жалуюсь Мәселе бесікте емес, мәселе генде.
пікірлерді көріп, оқып шықтым енді
бесіктің аяққа қатысы жоқ сияқты. мен бесікте жаттым, аяғым қисық. шешем мұны ерте жүріп кетуіммен байланыстырады. өзімнің екі ұлымның да аяқтары қыз қызығатындай түзу. екеуі де бесікте жатқан жоқ. қазіргі балалардың жартысында бас сүйек іші қысым (внутричерепное давление) бар екен. бесік немесе аяққа салып тербетуге болмайды мұндай балаларды.
Бесіктің зиянын білмедім пайдасы көп.
Бала жылы жатады.Қол аяғын ербеңдетіп оянып кете бермейді,үлкендер бала өз қолынан да шошуы мүмкін дегенді айтып отыратын.
Памперс деген пәлелерге әжептеуір эконом,ғалымдар памперстерді де зиянды деп жатыр ғой.
Бесікке жатқызғанда 24 сағат ешкім таңып тастамайды ғой.Сондықтан аяқтың қисықтығына еш әсері жоқ.
Үлкен ұлым сегіз айға дейін жатты. Уақытымыен отырды, еңбектеді, уақытымен жүріп кетті. Түк те ақымақтық деп есептемеймін.
Ал,ұл баламды тіпті уайымдамаймын. Жүгіріп жүр.Бір тізесі екіншісіне соғылып жатқан жоқ әйтеуір
1.Бесікке бөленген бала таза жатады.Қазіргі памперстер секілді баланың құйрығын сорып тастамайды.
2. Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді. Қазіргі балалардың жамбасына кергіш пе, таңғыш па бірдеңе салып жүргендерін көп көрдім ауруханаларда.Медициналық тілмен ол аурудың қалай аталатынын біле алмадым. Осының бәрі бесікке жатпаудың кесірі.
3. Бесіктен шыққан бала керіліп-созылып рахаттанады, балаға ол да пайдалы.
4.Бесікте жатқан балаға суық тимейді,қымтаулы жатады.
5.Бесіктің ырғақты тербелісі баланың психикасына оң әсерін тигізуі мүмкін.МОМП (менің ойым-менің пікірім)
6.Анасы баласына аунап кетіп жастыққа тұншығып қалды ма екен деп алаңдай қоймайды.
Әбіләкім (шамамен б.э.д. 12 ғасыр)
Қалған доводтарыңыз да так себе.
Басы жұлынып қалғанша тербету дегенді түсінбедім. Бір ырғақпен тербетесің ғой баланы. Мен ұйықтап жатқан баланы жақсы қарап отырамын негізі, оянған кезде келіншегім қарайды)))
Ал,қызымызға шағын жазғы арба сатып алдым, ана коляска қалды 40 кун де қолданбадық
сосын тұяқ серіппей ұяқтайды