Жапон халқының хертегісі. "Сакура шиесі"

— Барып тұрған нағыз-нағыз жезөкшесің сен! — деп бақырды байы Иокоға.
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы мәуе сакура бүр жарды.
— Жезөкше емес, гейшамын мен! — деп бақырды Иоко, байы Дзюинтироға қайыра.
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакура гүлдеді.
— Айырмашылық?
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакура ештеңе істемеді.
— Гейша — өнер адамы, топас!
Тыңдарманға әрі қарайғы боқжағыс қызық болмас. Табиғатынан лоқтау келген Дзюинтиро қатынының шын мәнінде — кәуділгі жезөкше екеніне ешқашан көзі жетпес. Алты ожау сакэ ішіп алған тасбақа Фудзиямаға алты рет мініп түскенше түсіне қоймас. Алты градус әлемді өзерткенмен, бүгінгі 23 градус ыстық самурайдың сансыраған санасына сына сала қояр ма екен?
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакураны түбірімен жұлып тастап, Matsushita Electronics «Panasonic» OLED-панелінің баннерін жапсырып қойыпты: бүгінгі жапонға Киото не, TCP/IP не — бір протокол боп кетті ғой. Мені қойш, мен тек тыңдарманға шиесі піскенін тамсанып айта алмағаныма қынжыламын. Әйтпесе Хиросимадағы бір бұтағы мандарин, бір бұтағы картоп беретін алмұрт ағашының саясында жатпаймын ба? Немесе Нагасакидегі қыт-қыттап, арпа теріп жейтін жылқыны көріп қайтпаймын ба?
Баннерден ештеңем кеткен жоқ. Бірақ фирманың келбеті Такеши ұялуы керек сияқты.
Бөлісу:
  • 13

13 пікір

zhanibek_nurish
Табиғатынан лоқтау келген
,
Rafaello
Хиросимадағы бір бұтағы мандарин, бір бұтағы картоп беретін алмұрт ағашы

Ұстаз!
zhanibek_nurish
Мына хертегіге бірдеңе деу қиын. «Сакура гүлі-бейкүнә сәбилердің қанына боялғандықтан алқызыл түсті» деген жапон халқы сенімінің бар екендігінен ғана хабарым бар,
Nurgisa
Глубоко!!!
zhanibek_nurish
мен қаға алмадым,
Barsa
Высако сияқты. Толықтай қорыта алмадым
Gulzhanat
Рюноскеден асып түсіпті Хокку жағына қалайсыз?
zhanibek_nurish
Рюноскеден асып түсіпті
, асыраәсірелеу
Gulzhanat
комплименттің бәрін серьезно қабылдай беруге болмайды
zhanibek_nurish
күлегешке мән бермеген екенмін,
a63a1
ертең оқымасам бүгін сакура жеміс бермейтін сияқты.
sigma
Жапон хертегісі деп басталғаннан неужели 6 градус жоқ ішінде деп отыр едім, 23 градустың кәмпит-пишня боп қалғанына көз жетті.

Жазған сол Сатыбалды екен
PatriotKZ
дым түсініксіз ғой…