"Ақ халатты абзал жандар"...
Жоқ, дәрігерлерге өкпем жоқ. Араларында түрлі «экземплярлар» болғанына қарамастан, адамдар да бар іштерінде.
Бірақ, бүгінгі естігенім…
Г. 23 наурыз күні кесарь тілігі арқылы босануы тиіс еді. Бірақ, толғағы ерте басталып, 19 наурызда босанады. Жүктілік жақсы өткен, бала аман туылды. Бірақ, ертесіне бала шетінеп кетеді. Өз айтуынша, дәрігерлер қолынан түсіріп алған.
Сәбиінен айрылған ананың аузын жаппақ болып, перзентхана басшылығы 40000 теңге береді. Әділдік іздеп сотқа шағымданған әйелге прокурор: «Бәрібір түк өнбейді, арызыңды қайтып ал, олар жоғары жақта бәрін тындырып қойған» деп ашығын айтады. «Берген ақшасын алып, тыныш отырсаңшы» дегенді де қосып қояды. Ол арада минздрав араласып, перзентханаға "істі дереу жабыңдар, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын" деген бұйрық түседі де, дәрігерлер ауызбастырықты елу мың теңгеге дейін көтереді.
Осы оқиғаны барлық телеарналар көрсетті дейді. Бірақ, бүгін ешбірінің архивінен сол сюжетті таба алмадық.
«Орталық Азияның» журналистері қызығушылық танытып, айналдырып көрсек қайтеді деп еді, Г. сөйлескісі келмеді. "Қажыдым" дейді…
"Өмірде әділдік жоқ екен" деп мұңайып отыр… Үлкендер де "өлер бала өлді ғой, өз жүйкеңді, денсаулығыңды ойла" деп, тағы басып тастапты…
Ең қиыны, ол енді бала туа алмайды…
Осы бітеу шеңберді үзетін күш бар ма екен.
қазақ көбееді деп ойласақ…
Енді бала туа алмаса, не жоғалтады, до конца шулатуы керек еді кім не деп кеңес берсе де… (Айту оңай шығар, сонда да...)
Ана ме бала мәселесі, босану мәселесі ойыншық емес. Көз жұмып қарауға болмайды
Бірақ бізде де екінің біріне себепсізден себепсіз кесарево жасай беретін болып алды. Арнайы қысырлап тастамаса да, болашақ үшін қауіпті екенін жақсы біледі ғой. Болашақта тағы баласы болады ма жоқ па алаңдамайды еш. Біздікілер енді қу ақша үшін жасап жатыр, егер алдын ала ақша беріп қойсаң өзіңді босандырады екен давлениең жоғары ма, жағдайың келмей тұр ма қарамайды, өліп кетсең де бәрібір. Арнайы расписка жаздыртып алады да
Сау адам столға жатпасы анық
Осындай жағдай бізде де болды деген сыбыс бар. Опшым былай
«Аварияға түскен әйел уақытан ерте баласын түсіріп алады. Дәрігерлер баланы өлі туылды деп тіркейді. Құжаттарының бәрін зың қылып бітіріп тастайды. Кейін дәрігерлердің бірі оралып жатқан баланың тірі екенін байқайды.
Бірақ олар бұған қуанбайды, ата-анасына айтпай баланы тоңазытқышқа салып қатырып тастайды. Мекеменің атына кір келмеуі үшін.»
П.С. Осыған сенгім ақ келмейді негізі, бірақ, бірақ.
Алдырып тастағанда не болар еді, тіпті ойлағым да келмит
Осындай оқиғаны таныстардан естігем, ауру деп алдырып тастаған баласы сап-сау дамып жатыр екен дит, бетін әрі қылсын(
Сол құжаттың астына қол қойдырып алады «таныстым» деп. Бұрынғыдай тек дәрігерлер ғана жауапты болып қалмайды осыдан кейін.
Ал енді медсестра, санитарка деген майда-шүйделердің құтыруы бөлек әңгіме…
Қалқаман деген микрорайон ба?
медиктерді мамалатып айдап алу керек!Алматы құрсын, тұнған коррупция
Баршамызға Алла жар болсын!!!
Осы тақылеттес жағдайды төменде жазып болғанымша аузыңа сол сөздің түсе қалғанын қарашы.
Осындайда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақалды айта кетсем деймін. Бар мәселе осында жатыр.
"Өзім туамы нес?" деп түсінбей қойғанмын сол кезде.
Біздің аналарымыздың буынын сол кездің медицинасы біраз құртып кетті: жатырына мұз қойды, баланы сағат санап емізуге үйретіп, емшектен шығарғанда омырауын таңдырып қойып, мастопатияның алғышарттарын қалыптастырып берді.
Босану физиологиялық процесс, емізу де. Оны тек бақылап отыру керек, бірақ араласудың қажеті жоқ.
Кесаревомен босанған әйел баласын уызға да жарытпайды…
Жанын қинағысы келмей кесе салыңдар дейтіндер де бар ғой әрине, одан бұрын бірақ өзім туам деп ақша беретіндер де көбейіп жатыр болашағын ойлап.
Түркияда мысалы, қызлар жандарын қинағысы келмейді, екінің бірі кесаревомен туып жатыр. Қазір енді заңмен тыйым салыпты соған, тек мәжбүр жағдайда ғана кесілсін деп. Себебі, бала туу саны онсыз да аз бұл жақта, арнайы бағдарламалар жасалып жатыр бала санын көбейту үшін.
Біздің елде тіптен жақсылап қолға алу керек бұл мәселені. Болашақты ойлап жатқан ешкім жоқ, бәрі тек қазіргі күндерімен, осы шақпен өмір сүреді