жеңістен жеңіске-Барселона!

Алға, Барселона!!!
Бүгін түн тағы бір қызыққа толы футбол матчымен есте қалды.
Қонағын құдайдай силайтын әйгілі Камп Ноу стадионы.
УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай шешуші матчы Испандықтардың Барселонанысы мен Италияндықтардың Миланы арасында (әділетті) өтті.
Есеп 3:1, Хосеп Гвардиола сарбаздарының еншісінде, (дау жоқ солай боларына сеніп, бәс тіккем)
Бұдан бұрынғы кездесулерде “«Барселона» – «Милан», 2:2 (1:1)” тең түскен еді.
Азулылар бұл түн аянып қалған жоқ, талайды таңдай қақтырған үздік үштіктен (Месси, Хави, Иньеста) құралған алаң иелерінен Лионель Месси қонақтар қақпасына бірінші голын (11 минут) сүңгітіп алды.
Одан соңғы ойын барысы миландықтардың қарсы шабуылына ұласып, Ночерино (32 минут) қарымта қайтарып үлгерді. Жұртқа керемет футбол өнерін көресуден жалықпаған Месси бұнымен тоқтағысы келмеді, алаң шетінде ақырған Хосеп Гвардиолланың үні жігер берді ме қайдам, екінші голын (41 минут) да қақпа ішінен көрсетті. Cонымен алғашқы 45 минут тамам.
Теледидар алдында қалғып кетіппін, комментаторлардың жарқын түсіндірулері, арадағы ГОЛДАР туралы айқайынан ояндым. Үзілістен кейінде ойын өз деңгейінде, мүмкіндіктерін өткізіп алған Миландықтар соңғы 45 минуттан өз жеісін таппақ болды, алайда Пуйоль сынды (таскене) қорғаушылардың қорғанысын бұза алмады. Патоның сәтсіздіктері алаңнан кетіуіне мұрындық болса, Ибрагимович, Робинью түк бітірмеді.
Мессидің ауыр соққысынан қаңғыған допты Иньеста (53 минут) ұтымды пайдаланып, ГОООЛ соқты. 90 минут зу етті де кетті.
Милан шарасыз, жеңілске мойын ұсынды, жолдама Испандық Барселонаның қанжығасында.
Еркек, МЕССИ...
Екі гол авторы: Лионель Месси (біздің спартак). ұйқысыз түн еш өкінішсіз…
Бөлісу:

25 пікір

satibaldi
Екі гол авторы: Лионель Месси (біздің спартак). ұйқысыз түн еш өкінішсіз
asaubota
осы футболға әдебиет қосылмай тек футбол күйінде берілсе деген тілек менде.
Nurshat
Онда қалай беру керек? Админ
asaubota
ТВдегі комментаторлар құсап қателікке бой алдырмай, жәй қарапайым сөздермен жазылғаны жөн.
aza
Бір ойында Милан қақпасына екі пенальти белгіленуі күдікті. Пенальтиден соғылған голдарды есептемесек… келесі айналымға кім өтер еді… Ибрагимұлын аяймын!
asaubota
пенальтисіз ақ та көрініп тұр ғой. Барселона бәрібір айдаушы еді өлімтік Миланды.
Nurshat
 Барселонаның жанкүйерісің бе?
asaubota
жоқ, тек Ақтөбе жанкүйерімін. ал, Испаниядан баск командасы Атлетик Бильбао ұнайды.
aza
Өлімтік деме, нақ))) Мәселен, менің ойымша өлімтік, сілімтік па)))) біреу, Ол Барса)))
kokbori
-Мына кісіге қалай тиіп жүрсіз, әпке, керемет жігітті шыр айналдыруға ақылыңыз да, көркіңізде бар емес пе?!
-Ой, қарағым, менің көзіммен қарап көрші
Nurshat
Жеңіс Барселонада екендігінде дау жоқ
Nurgisa
Нұршат, футболға қатты қызығасыз ба деп қалдым?
Nurshat
қызыағымын ғой, аздап ақша табуғада болады,
zhanibek_nurish
сүңгітіп алды
, бұрын ауылда футбол ойнайтын кезде, допты қақпашының ауынан өткізіп барып соғу үлкен мәртебе еді. Балалық ғой. Үлкен футболда
сүңгітіп алды
деген артық қолданылған етістік емес пе?
kokbori
суламай сүңгітті десе ше?
zhanibek_nurish
онда Ватьсьяяна-комментаторға айналып шыға келесің,
Nurshat
ол түн жаңбыр жаумаған, суламай сүңгітті сөз супер
Nurshat
ГОЛ соқтыдан гөрі сүңгітіп алған жақсы шығар, өзгерте алмадым.
zhanibek_nurish
дәлірегі «сүңгітті» болса, көңілге қонады. Ал,«сүңгітіп алды» деген, «суырып алдым, солып қалды. Ол не?» деген жұмбақтың жазылмаған фазасы іспеттес. мен осыны айтқым келген.
Nurshat
дос доп қақпа іште қалып қоймайды ғой, соны «Сүңгітіп»   «алды» дейді
zhanibek_nurish
Мессидің өзі алды ма?
Nurshat
… ашыған қақпашы алмай ма?
zhanibek_nurish
duris, kakpashi aladi. Messi sungitedi. Odan kein onin ol dopta sharuasi jok. Kakpashi ala ma, jok otirip alip jilai ma, dopti jara ma, bul kakpashinin sharuasi. «Messi sungitip aldi», hahaha