Қисаңдатып жүруші едік

Кезінде «Love is...» деген сағызды қисаңдатып, дәмі кеткеніне бір жылдан астам уақыт болса да шайнап жүруші едік қой. Нағыз ауызымыз талып қалса, құлақтың артына жапсырып, іш пысқанда алып жіберіп тағы да қисаңдатуды бастайтынымыз тағы бар. Қолға ақша тимей, зәу де бір тиын тебеннен несібе болса дүкенге шапқылайсың дейсің. Танауыңнан жиырмамен жорғалай аққан қос ақ бозды жүз жиырмамен кері жібересің дағы, «Апай, лопез берш» деп тиынды салдыр еткізіп тастай салатын кездерді аңсайсың қазір… Шіркін балалық!!!
Обшым, Брюс лидің «яуууу, яууу» деп, жауларын тасақтан тарс еткізіп, тырапай астырғанда, өзіңнің жанды жеріңнен соққандай екі қолыңды бұтқа қыстырып алатын кезді еске түсірген нәрсе — сағыздың енді балмұздақ ретінде шығатыны туралы жаңалық еді. Ал ол жаңалықты толығырақ мына жерден өздерің оқып алыңдар, нақ.
Ал мен қиялдауға кеттім. Ой, қайран балалық кез!..
Бөлісу:

9 пікір

madickisbig
міне мына сағыз ғо
Біз балалық кезде ішінде наклейкасы бар сағыз сатып алып, сол наклейка үшін таласып ойын ойнайтынбыз, қолымызбен полға ұрып, касандра, турбо, кент, ал мына сағызда фантик болатын, шайнап жақтан жақ қалмайтын.
kokbori
сендерде осының ішінен шыққан қағазды үстінен соғып ойнайтын ойын болып пед
madickisbig
жоқ, сол наклейкасы болмағасын көп сатып алмайтын балалар, бірақ дәмі наклейкасы барлардан жақсы болатын
kokbori
наклейка деген кейін шықты ғо, одан бұрын осының қағаздары біз үшін теңгеден кем болмайтын
madickisbig
сосын алдында фишка болды мортал комбат тб бірақ бұл уже басқа тақырып
kokbori
Ой, сен жас бала болдың ғой, ана фишка дегенің екі мыңның о яқ, бұ яғында шықпады ма, анау тоқсан үш, тоқсан бестердің шамасы ғой дим ұмытпасам
ademi_alem
Ой, қайран балалық кез!..
shokan1990
Бәріненде кешке көшеге шығып доп қуып кететін кездер-ай… Қауын ұрлау… Жазда шомылу… Уай, жастық… Шашылған асық…
araika
Осы
«Love is...»
-дерің әлі тірі екен, өткенде Мегада «Sweets»-тен алғанмын. Бағасы 25 тг