Аршат Оразовқа (орындауға міндеттегенім емес) қарап шығу үшін хат

Құрметті Аршат Оразов!!! Соңғы кезде осы ауылға мүше болуыма байланысты байқағаным осы тағы да басқа ауылдарды ұйымдастыру белсендісі екендігіңді байқадым. Сондықтан та озық технология маманы ретінде және де мен Мақашқара (бұдан әрі — хат иесі) Сізге бір ұсынысым бар еді.
Қазақ деген ұлтта көкпар деген ойын бар екені баршаңызға мәлім. Сол ойынды қырғыз бауырлар патенттеп алып деп есіттім сукі. Сол ойынды ғаламторда дамытуға бәріміз атсалыссақ жама«ат!!!
Арнайы көкпар.kz ашуға болмаса да басқа бірдеңкелер құруға болатын болар. Менің интернет туралы сауатымның төмендегіне байланысты Сізден жік жапар болып кешірім өтінемін…
Бөлісу:

24 пікір

satibaldi
Лібә, «Вольтердің монтаньярлар мен Ұлттық Жиналысқа Үндеуі» епті. Пафосын-ай шіркіннің.
KILYZAMAN
Патенттеп алыпты
— қай ауылдың өсегі?
Marationok
киіз үй монғолдардікі деп мен де естідім, жалпы ағылшындар сияқты болайық, типі футбол біздікі бірақ… типі біздікі емес.
KILYZAMAN
Жер біздікі, бірақ қойнауындағы біздікі емес
— деген сияқты ой(ғой) ;-)
Marationok
дәл солай, жұдырықтыра ұру керек кеудеге, біздікі! біздікі! біздікі!
KILYZAMAN
Жау кеткен соң жұдырықтың пайдасы болама өзі? Әлде, сатылып кеткен нәрсені қайтарудың жолы барма?
Marationok
Жау кеткен жоқ, әлі, қайта керісінше, бүткіл тесіктерге кіріп кеткен.
satibaldi
— Көкпар — қырғыздардыкі, оны елдің барлығы білед;
— Тоғызқұмалақ — қырғывздардыкі, оны білмейтін орыс жоқ;
— Айтыс — Қытайдыкі, өткенде ЮНЕСКО-ға тіркетіп алды;
— Қымыз — немістердікі, өндірістік көлемде өндіруге лицензия тек соларда бар.

Қаззақтарға қалатыны — KILYZAMAN -ның пиролиздік пеші мен рунеттен ұрлап әкеліп салатын дімкәс мақаласымақтары. «Да будь доволен миткальем, Не в бархат же тебе рядится!» ©«Отелло»
KILYZAMAN
Шопақбас не дейді, біз не дейміз?
KILYZAMAN
рунеттен ұрлап әкеліп
Әттең ай, әттең орыс тілінен басқа тілді білмеймін. Әйтпегенде, нағыз салымды көрсетер едім.
KILYZAMAN
Әттең ай, әттең орыс тілінен басқа тілді білмеймін. Әйтпегенде, нағыз салымды көрсетер едім.
гөгл аудармашыға таяқ тіреудің де жолдары бар…
Makashkara
Расында, өткенде мәгәзінге кіріп пивіге тіске басатын бірдеңе алайын деп аударыстырып жүрсем көзіме құрт түсе кеттін. Алқа-қотан жиныда құртты тіске басып отырып қағазына көзіп түсіп кеткені сол-ақ екен, Қырғыз ұлттық дәмі деп жазып қойыпты сукі…
Сол сияқты көкпардан да айырылып қаламыз. Киіз үйді өзбектер оформит етіп жатыр екен. Қымызды жапаондар зерттеп жатыр. Құсбегілікті латын американдықтар арғы атасының көрін қазып, қауырсын іздеп жүр сукі…
asaubota
Құрметті Мақашқара,

Мұндай тақырыптағы сайт жасау үшін Алматы қ., Осенняя көш., 32, 1 пәтер мекенжайында орналасқан "ҚР Ат спорты федерациясы" РҚБ атты мекемеге хабарласып көр. Көкпарға қатысты барлық ақпарат осы аталмыш мекемеде бар деп ойлаймын. Яғни, сайт идеясын ұйымдастыру жағынан осы мекеме көмектесе алады деп ойлаймын. Менің қолымнан келетіні тек сайт құрастыру.
Aldeken
лібәәә, футбоды пезнес ойнайсың ау дим, бырат, а?
asaubota
аха, меморгандарда 4 жыл жұмыс стажым бар және мемблогтармен де сұрақ-жауап тәжірибем бар
patick
Соңғы кезде осы ауылға мүше болуыма байланысты байқағаным осы тағы да басқа ауылдарды ұйымдастыру белсендісі екендігіңді байқадым.

Біздерге кент статусы беріліп еді негізі
Makashkara
Құрметті Асаубота!!!
Сіздің 15 наурыз 2012 ж, сағ 15.19-де жіберген жауабыңызды талқылай келек өз басымдағы түйткілді мәселелердің шешімін табуға оң ықпалын тигізетінін мәлімделй отырып:
-Дәл Сіздің жоғарыда атап өткендей сайт құрастыру жөніндегі тәжірибеңізбен бөліссеңіз, төменгі ауылдағы сауаты аздау кейбір проблемалар бойынша жанашыр жандарға жұмыстарын ары қарай алдып кетуге ықпал жасауыңызды сұраймыз.

Құрметпен: Мақашқара!!!
Алдын ала рахмет!!!
asaubota
құрылыс салу объектіңіз белгілі болса, құрылысқа қажетті барлық материалдарыңыз дайын тұрса және ақысын қазақтардан басқа ұлт өкілдеріндей как положено төлейтін болсаңыз біз дайынбыз әрқашан.

(30 жастан асқан, бала-шағалы адаммын. энтузиастықпен айналысып болдым. тіпті консультациялық көмек көрсететін де уақытым жоқ)
Makashkara
Асаубота!!! Жауабың қанағаттанарлық!!! Бұл мәселе де қаржыға тірелетінін ұқтым. Бұл жағын басқа жерде талқылайық!!!
Daniar-Alan
әттең сайт құраламайм Мақаш… әйтпесе…
Gastarbaiter
ЖАЛЬ ЧТО У ТЕБЯ НЕТ АПЕЛЬСИНА
Gastarbaiter
Біз қазззақ деген жай жатқан елміз,
Осы жерінен аяқтай салса да, бұл жолдардың данышпандығы азаймас еді.
Энтузиазм оргазмға жетпейд, бірақ бәрібір жақсы нәрсе, негізі Маслоудың пирамидасын көрдіңдер ғой, есі дұрыс адамның дамуы солай болуы керек, материалдық жағдайды әбден жасап алып, ішіп жем қыдырысыңнан артыла бастағанша материалды пайдасы жоқ тірлікпен айналысамыз, есесіне үнемі ақша мен уақыт мәселесі жағаласады да жүреді. Алдымен материалды база жасап алсақ, идеяларымызға да трезво қарайтын боламыз.
Daniar-Alan
келспим. идеяны жүзеге асырып материалды базаны да көтеруге болад кей жағдайларда