Не сыйласам екен?

Сәлембердік! Көктемнің төл мерекесі 8-наурыз келе жатыр ғой. Бәріміздің ойымызда: кімге не сыйласам екен? Айлық берсе, бірден Мегаға жол тарту керек? Мағрипашқа сағат әперсем, Сәулепашқа дохи алуға жетпей қалады… Гүл беріп құтылайын ба? Мама мен апаға ше?! Осы іспеттес сұрақтар әсіресе жігіттердің, қыздардың да миын қатырып жүргенін сезіп тұрмын. Сезгеннен кейін бірден, көмек бермесем болмайды деп шештім. Сонымен…

Апаларға немесе әжелерге сыйлық таңдап көрелік… Апалар мінезімен де, жасымен де, тіпті менталитетімен де әр түрлі болады ғой. Біреулері нағыз үй «бикештері» болса, екіншілері «современный» әжешкалар. Үйде, таңнан кешке дейін немерелерін иіскеп, оларға ертегі оқып беріп отыратын әжеге ас үй гаджеттерінің бірін сыйласаңыз, мәз болады. Мысалы, шырын сыққыш (соковыжималка). Рақат қой, күн сайын натуральный делінген, сырты қорап емес, өзі қолдан сығып алған сок, тойыс шырынды ішіп отырады. Ал «современный әжекаға» косметикалық құрал не болмаса әдемі айна мен орамал берсеңіз жарап жатыр.


Анаға ше? Мама сыйлықтың қай түріне де қуанып, жылап жібере жаздайды ғой?! Шын көңілмен берсек… Но, бір но бар. Мамаға бұл күні ас үйіне немесе сарсаңға салатын құрал (мысалы техника) бермеңіз! Көктемде оның құлпыра түсуіне, жүзі жайнай түсуіне лайық әтір, гүл, опа далап, сақина немесе әдемі көйлекті сыйға тартыңыз! Егер анаңыздың әдемі портретін суретшіге салдыртып, табыс етсеңіз, әдемі естелік болып қалады.


Әпкеге, апайға, апаға немесе құрбыға (диалектіні таңдап аласыз ғой)
Әпкегеғ құрбыға сувенир немесе қол сағаты, ұялы телефон аксессуары яки болмаса кітап!
Сеніңіз, олар кез келген сыйға разы болады. Бет орамалдың өзі де оны әрдайым есіңізде сақтап жүретініңіздің белгісі ретінде қабылдап, мәз болады.


Бастыққа?
Хммм… Осы жерде абай болыңыз! Бастығыңызбен әдемі қарым қатынас орнатқыңыз келсе, дәл осы мерекеде оны ұмыт қалдырмаңыз… Әрине, бастығыңыз әйел болса… Оған шоқ гүлін, қымбат әмиян, оқуға тұрарлық кітап немесе қымбат бөлме статуэткасын табыстаңыз. Косметикалық құрал, әтір немесе «нәшинөшкі» беріп жүрмеңіз. Бұл басшыға беруге арналмаған, тым жеке сый…
Сүйіктіге… Жігіттер жағы сүйікті қыздарына не сыйлайды екен? Қандай план бар, жігіттер?!(төменге жазыңыз, құпия болмаса)


Қызға әдемі, романтикалық кешкі ас, шамдардың арасындағы, керемет әсер сыйлайды. Оған қалтадағы қаражат жетпесе, гүл және жұмсақ қонжық әперіңіз. Қонжықтың сүмірейіп қалғанын емес, қақшиған, жұп-жұмсақ, әппағын таңдаңыз. Қыз оны құшақтап, сізді еске алып жатады. Әтір, сақина, сырға, косметикалық жинаққа да аруыңыз мәз болады. Қыздардың жаны сондай нәзік… Олар күтпеген тосын сыйды зор бақытпен қабыл алады.



Сондықтан, балдар, қыздар, дайындала берейік!!!
Қыздар, мерекелеріңізбен келе жатқан! Жайнай түсейік!!! Жігіттер, сіздерге де! Жайната түсіңіздер!!!
Бөлісу:

44 пікір

Marationok
Жазбаң тым ұзың екен, сосын мен алқаны алар едім
katipash
сіз секілді еріншектерге арналмаған жазба!
Marationok
мәселе ерінщектікте емес, жеке блогтар деген бөлімінде көп орын алып жатыр дегенім.
Marationok
жалпы жазбаң керемет!
satibaldi
Жазбаң тым ұзың екен, сосын мен алқаны алар едім
Аяғына дейін оқыған жоқпын, бірақ көзқарасым қалыптасты деЧ
aikarakoz
айналайын, Қатипаш апа (әже? қарындас? қарындас-апай?)!!! мынауыңыз жігіттерге мықты көмек болды ғой . Мен сізді жақсы көріп келеми
a63a1
меніше?
aikarakoz
 айтуға аузым, жазуға қолым бармайд
a63a1
Айтпаяққой сеземғой сезем!
Marationok
иә, мені де айтып кет
aikarakoz
Маратионок! айтсам, жүрегіңіз жарылып кетпей ме?
Marationok
кетпейді, айта ғой, күтіп отырмын, асыға асыға
aikarakoz
сүйреттегі сіз болсаңыз, шалдар маған намайд! мұрты бар шалдар тем более  жүрегіңіз жарылмаса, қазір жіп әкеп берем
Marationok
жіп не үшін керек?
aikarakoz
ана жаққа билет керек боп қала ма дедім де енД
Marationok
билетті сізге алып берем, қандай керек, қызыл әлде сары?
aikarakoz
ооо, жоқ! рахмет!!!
Marationok
онда маған да керек емес
Marationok
aikarakoz, a63a1 Түсімбедім? Бірдей бір уақытта жаздыңдар ғой, басыма күдікті ойлар келді, сеңдер бір адам емессіңдер ме?
a63a1
қойш, виртуал махаббатты да көп көрдіңбе?
Marationok
виртуал махаббатты нес тағы?
aikarakoz
ибаааай! қайдағы махаббатты айтвотс?
a63a1
Айқарагөз менің ойдан шығарып алған ғашығым! Кешірім өтінем миыңды зорлап кеткеніме
Marationok
оу! Абзал азамат! Зузуля тәртіпті қыз деп естідім
aikarakoz
 Зузулясы нес? Атымды мазақ қылғаныңыз үшін сотқа шағымданам
Marationok
Ол мен емес, Қатипаштың шығарып жүргені ғой
Marationok
Әдемі естіледі ғой Зузуля! Зузулишка
aikarakoz
Зузуля тәртіпті қыз деп естідім
дерек көзін айтып жверес па?
Marationok
дерек көз, менің анализім
aikarakoz
қан талдауы ма? моча ма?
araika
Қатипаш, айттым ғой, осы пост менің керегіме жарайтынын, рахмет!
Мамаға бұл күні ас үйіне немесе сарсаңға салатын құрал (мысалы техника) бермеңіз!
Мынаған қосылмас ем, керісінше олар қуанады. Бұл сақтандыруды жұбайларға арнаған дұрысырақ, меніңше.
meirzhan
Қатипаш, айттым ғой, осы пост менің керегіме жарайтынын
Кімнің тролль боп ойнап жүргені белгілі болған сияқты.
Marationok
Кімнің тролль боп ойнап жүргені белгілі болған сияқты.
araika
Аулақ менен
Заказ беріп үлгермесем де, білдім. Очым, алдыңғы постын қарашы
meirzhan
Иә, көрдім комментіңді. Сол заказ беріп үлгермей, посттың жарияланғаны ғой күмән туғызып отырған.
araika
Еһ, менен күмәнданатын ретің жоқ
Zhan
«Керекте» Айқаракөздің соңынан Абзал түссе, Арайканың соңынан ылғи осы Мейіржан түсіп жүреді. Қайтейін енді, көрмейін десем көзім бар. 8 март келе жатыр, ұрыса алмайтын кезді пайдаланып қалайын.
Kipshakkyzy
Мен бастығыма «нәшинөшкі» алып бермекші болып жоспарлап отыр едім. Рақмет, Қатипаш! Бір ажалдан құтқардың мені!
meirzhan
Ночнушкасы жоқ екенін қайдан біліп ең?)
Kipshakkyzy
Қайдан білейін сүйікті күйеуіне «сексуальная» болып көрінсін дегенім ғо.Семья бақытын ойлап жатырмын да
seyh
қандай сонда өзін тигрица сезинетіндейін ба ?
Marationok
бастық — ношінөшкі — сыйлық — ажал, қалай байланыстырамыз?
Daniar-Alan
осы Қатипаш көрінбид…