Дольче мен Габбана. Күз-2012
Сән әлеміне аналарымыздың емес, әжелеріміздің жастық шағындағы сәнді элементтер ене бастапты. Оны Дольче мен Габбана сән үйі дизайнерлерінің осы жылдың күзіне арналған киім үлгілерінен көре аламыз. Минимализм дәуірінің аяқталғаны болар, осы күзде не бар, соның бәрін тағып ал деп ұрандататын сияқтымыз. Асыл тастармен, бисер, моншақ және басқа да «жылтырақтардың» шоғырынан жасалған ободок, алқа, білезік, сырға, брошь, сақина, тіпті дорбалардың өзі де кестелеп өрнектеліп қана қоймай, сан түрлі әшекей тастармен безендірілген.
Бай және салтанатты көрінетін бұл киім үлгілері әр бір қыздың көңілінен орын табады деп есептеймін. Себебі ханның қызына тігілгендей, қымбат матаға қымбат тастармен өрнек салып, үлде мен бүлдеге орапты бұрынғы "қос ғашық".
Ажур мен жібек, органза мен барқыт, алтын мен асыл тастардың әдемі үйлесімділігі көз тартады.
Болмасаң да, ұқсап бақ деп, осы киімдердің «бюджеттік» нұсқалары шығып қалуы мүмкін деп ойлаймын. Ал қазірше, бірнеше суретке көз тастайық:
Бай және салтанатты көрінетін бұл киім үлгілері әр бір қыздың көңілінен орын табады деп есептеймін. Себебі ханның қызына тігілгендей, қымбат матаға қымбат тастармен өрнек салып, үлде мен бүлдеге орапты бұрынғы "қос ғашық".
Ажур мен жібек, органза мен барқыт, алтын мен асыл тастардың әдемі үйлесімділігі көз тартады.
Болмасаң да, ұқсап бақ деп, осы киімдердің «бюджеттік» нұсқалары шығып қалуы мүмкін деп ойлаймын. Ал қазірше, бірнеше суретке көз тастайық:
Алқаш модельерлердің бар жұмысы — ұмытылып бара жатқан үлгілерді жаңғыртып, байшікештердің көңіліне құрт түсіріп, уақтылы көтін көсеп отыру деп ойлаймын.
Кейбір гүлді көйлектердің етегі сәл төмен болғанда, жұмысқа киер едім.
Рахмет, Айжан!
Салтанатты емес орындарға да киіп бара берер едім )))
Сосын 2006-шы жылғы коллекциясы не, 2012-сі не, бәрі сол баяғы алтын жылтыр мен қою қоңыр түстер, макро өрнектер, спектрдің 7-түсінің парады. Байсалды стильде тігілген киімдер сирек кездесе ме дедім ос Д мен Г-да. Әр үлгісі «Ох шешесс» немесе «Фубля» дегізед. «Так себе» деген киім тікпейді ау деймін бұлар.
Өзіме бір түсті, матаны қиып-қиып құрастыра салған киімдер әсте ұнамайды. Жоғарыдағы суреттердей бір ерекшелігі болуы тиіс.
aytpakshi, anau pavloposadskii printter katty unaydi magan, burinda apalarimiz, mamalarimiz kigen oramaldar bar goi
NEWSru.ua-ның хабарлауынша, атақты дизайнерлік жұптың былығы осыдан үш жыл бұрын-ақ әшкере бола бастаған. Қазір тергеу толығымен аяқталуға таяды. Егер әйгілі дизайнерлердің салықтан жалтарып, қыруар қаржыны шетел асырғаны белгілі болса, олардың бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеудің алдын ала мәліметтеріне қарағанда, D&G Люксембургте стилистердің офшорлық компаниясын құрған. Ал оның табысы Италияның қазынасына түспей, басқа елге өтіп отырған. Италия бюджеті барлығы 1 млрд евродан қағылыпты. 1985 жылы құрылған атақты фирма бүгінге дейін 17 фабрика мен жүздеген сауда нүктесіне ие. Доменико Дольче мен Стефано Габбана өмірге әкелген D&G сауда маркасы әлемнің үздік брендтерінің алғашқы үштігіне кіреді.
(БКБС АЙДАРЫМЕН ТАНЫМАЛ КИІЗКӘЗИТТЕН)