Қайтсек «жұлдыз» боламыз немесе кемшіліктерімізді білеміз бе?

  • КВН
Қазақша КВН жастар сүйіп ойнайтын ойын. Бұл ресми сөз. Бірақ қандай жастар ойнайды? Көрермені кім? Осы сұрақтарды көптеген командалар көп жағдайларда айналып өтетін сияқты. Ия, ия, білемін, қазір «Олай емес братан!», «Біз ойланамыз!», «Не істесек те барлығы көрермен үшін» дейтіндер табылады. Бірақ өкінішке (мүмкін бақытыма) орай мен КВНды көрермен ретінде қарай алмаймын. Сондықтан редактор көзқарасымен бізге не кедергі жасайды, қандай кемшіліктеріміз бар, санап өтейін. Бірден ескертейін, бұл жерден алып, жерге салып жамандау емес. Бір қорытынды шығарып, ары қарай сүйікті ойынымыздың дамуына себеп болса деген ой. Адекватты пікірлер болса тыңдауға дайынмын. Сонымен:

Бірінші кемшілік: Және де ең үлкен кемшілік сауаттың аздығы. Бұл жекелеген емес, жаппай құбылыс. Ешкім жаңалықтар қарамайды, оқымайды. Тіпті кейбір командалар ОБСЕны дұрыс айта алмай, қарапайым сөздерден сүрініп жатқанына қарның ашады;

Осындан шығатын екінші кемшілік: жаппай гон әзілге көшу. Әйтеуір бет аузыңды қисайтып, шала орысша сөйлеп күлдірсек болды дегенге саяды. Бұдан әзіл арзандайды, алысқа шабатын топтар да құри бастайды. Әрине, гон болу керек, бірақ шамадан аспаған дұрыс.

Үшінші қателік: Артық қылам деп тыртық қылу. Яғни, біз саясат айтамыз деген желеумен бетке былш еткізіп, шекеден тарс еткізеді. Негізі саясат болсын, белден төмен болсын әзілді ыммен жеткізуге болады. Астарлап, сөзбен байлап. Әзіл тауып;

Төртінші қателік: Әнге ден қоятын топтардың аздығы. Неше түрлі тамаша әндер бар. Бірақ соларды өңдейтін, әдемілеп орындап шығатын командалар кем де кем.

Бесінші қателік: көңілшектік. Бұл көбіне жас командаларда болады. Әркім топтас досының көңіліне қарап, рөлді бөлгенде де нашар ойнайтын адамға береді. Бұл тіпті кейбір командаларда ойын басталғанша рөлді бөлмей, ойын қорытындысына әсер етіп жатады;

Алтыншы қателік: Жалқаулық. Ия, ия, КВНға екі күн қалғанда емес, шығармашылық процесс үнемі жүріп жатуы керек. Әйтпесе «Ал не істейміз?» деп желке қаситын немесе «Братан, бізде ештеңе жоқ! Ертеңге дейін туамыз!» дейтін командалар өте көп. КВН ойнаймын деп нақты шештің бе, ендеше қолыңа ал, нәтиже көрсет! Сен редактор үшін де, көрермен үшін де емес, бірінші кезек өзің үшін ойнайтыныңды ұмытпа!

Сонымен қортындылайық: Көрерменді тәрбиелейтін ең алдымен ойыншы, командалар. Егер біздің шынымен де парасатты, то биш интеллигентті көрермен болғанын қаласақ алдымен өзімізден бастағанымыз дұрыс сияқты. Телеэфир де осы кезде түзеліп, жалпы қариялардың «Қазіргі жастар бұзылып бара жатыр!» деген сөзінен де құтылушы ма едік?

Құрметпен Алмас Көзілдірік
www.kazkvn.kz/?p=212
Бөлісу:

102 пікір

Nurgisa
Алмастың айтқанымен келіспеске лаж жоқ.
Zilola
Семейлік жігіт ғо иә, баяғыда ойындарын көруші едім
daniyar
Біздің ауылдікі Тарбағатайлық
kozildirik
Аякөз өзенінің суын атсып ішкен де)))))
Zilola
ең алғаш шыққанда қасыңызда тағы бір көзілдірікті жігіт бар еді ғо, ол қайда қазір?
kozildirik
Жетінші арнада спорткомментатор. АПЛ ойындарын жүргізеді
meirzhan
Жігер Азбергенов деген жігіт қой.
Zilola
мен тв көрмеймін сондықтан да білмеймін, ал бұрындары КВН ойындарына барып тұратынмын Алматыда.
VKM
Уряяяяяяяязема)))))
omarbirat
Жақсы жазылған сын екен.
asaubota
81-лер жаман бір нәрсе істеуші ме еді жалпы?
kozildirik
Сүйтіп койсанш құрдас))))
Aldeken
Келуіңмен, найманның көзілдіріктісі…
kozildirik
Нақмет құрдас! Енді жұмысымдағы жұмысым қалып қояр деп қорқып жүрмін))))
qisyq
Наймандар көбейе берсін, масондықложаңдыссс…
Gastarbaiter
Наймандар туысқандықты шешесі жағынан есептейтіні рас па?
kozildirik
Ондай болған дейт мыс)))) Әзірге қазақтан асқан жоқпыз))))
Daniar-Alan
Наймандар туысқандықты шешесі жағынан есептейтіні рас па?
рас рас
GALEKE
Жебірейлер епті
Daniar-Alan
Сіз найман ба едіңіз?
GALEKE
жоқ ә, Құдай сақтасын! Туысқанды шешесінен есептейді дегенге айтып отырмын
Zilola
нағашы
kozildirik
баланың жақсысы нағашыдан))))
Aldeken
тілеуқабақтың тамплиерлері сау болсын…
Gastarbaiter
Барлық саламызды бір уақытта жоғары деңгейге шығару қиынның қиыны. Физически адамдар жетпейді. Конкурс жоқ болатынын содан. КВН-ннен бір жақсы әзілқой өндіріске кетіп қалса, бітті оның орнын басатын адамды ұзақ күтесің.
Арзан әзілқойды көтінен бір тепсең, орнына "қымбат" әзілқой табыла қоюы неғайбыл.
Реально тым көп талап қоямыз кішкентай ғана елге. Тым болмаса бір-екі саланы «отдуши» дамытып, алсақ, басқасын артынан сүйрер еді.
kozildirik
сіздікі жоғары жақ айтқан алдымен экономика, сосын саясат деген сияқты ғой? Негізі бірден қатаң талапқа үйретсе артынан деңгейді (планканы) көтере берген дұрыс сияқты. азбыз ғой, шүкір десек жүре бермейміз бе тапталып?
asaubota
қазір сан көбейіп келе жатыр. бұл жақсы. сан көбейген сайын сапа да жақсарады. 2-3 жыл ішінде КВНге тек мықтылар шығады деп ойлаймын.
Gastarbaiter
Мен де солай ойлаймын.
Құдайға шүкір, басқа кадрлардан тапшылық көрсек те, сыншылардан тапшылық жоқ
ҚазНет -жоқ! -деген әңгіменің, Қазақша контент жоқ! деген әңгімеге, одан Қазақша контент аз, одан Қазақша Контент сапасыз, деп сыншылық мақалаларға куә болып едім.
Қазір қарасаң қарқын жаман емес. Бірақ бір орында тұрып қалмау керек, тұрып қалмаймыз да. Ол табиғи заңдылық. Соғыс болмаса, отырықшы ел дамиды. Тіпті еріккеннен дамиды. Бұрыңғыдан іші пысқаннан дамиды. Басқа опция жоқ.
Janasil
Сыншылар көп болса Абайда көп оқығаннан шығар.
a63a1
Ерегесо бұл сенбе?
Gastarbaiter
Жалпы көп салаларда сондай болып жатыр қазір.
Вот неден бізде таршылық жоқ, так это сыншылардан. Жатып, тұрып, шалқайып, тізерлеп сынай береміз. Өзі бес-ақ түйір халықтың жартысы сыншы жамағат болса, жартысы сыналушы кембағалдар болса, жуық арада бірдеңе өзгереді деп ойламаймын.
Әркім өз саласын бір шетінен бастап шұқылай берсе, шұқылай берсе тәуір бірдеңе шығады да.
КВН-ға қатысты тіпті қиын. Ол бір жоғары технология емес, сырттан кадрлар тартып деңгейімізді көтеретін. Ондай юморист қанша мықты болса да жалпы халықтың ішіндегі тұрмыс-тынысына үңіле алмайды.
kozildirik
Негізі сол шұқушылардың бірі мен едім. Қай жағынан қалай шұқуға болады деген ой білмек біз жазған пақырдың ойы))))
Gastarbaiter
Сын болмаса, шұқылаушылар При-Мадонна боп кетеді ғой. Шұқылаушылар болмаса, сыншыға да ермек жоқ.
Сіздікінде ұсыныс та бар екен, ол өте жақсы көрсеткіш.
Қалай жасалмау керектігін көбімізі білеміз. Ал қалай жасалу керектігін білу үшін осындай эксперттік сындар қажет.
Gastarbaiter
пардон, хер-Дарк Фон Назгүлге жұмыс қалдырмайын. «Примадонна» дегім келген.
patick
Көрермен де аздап сауатсыздау. Астарлы бір әзіл айтылса, ешкім үндемей қалады. Ал, шымкенттік халат киген КВН-шылар шығып, қатын болып ұрысса — бәрі көттері жыртылғанша шыңғырады. Жо-жоқ, жуық арадағы 5-10 жылда сапалы КВН болмайды Қазақстанда.
kozildirik
Негізі сауатты көрермен келеді. Жаңағы халаттарды көрген соң желаниелері кетіп қалатын сияқты. КВНшылар сауаттарын арттырып, соны тв арқылы көрсете бастаса сауатты көрермен қайтып келетін сияқты ма қалай?
patick
КВН-шылар да соны ойласа. Халат деген әзіл-сықақ театрларында да жетеді ғой. КВН бұндай театрдан биік тұруы керек қой.
kozildirik
МХМ. Мұныңызды сын дәптерге түртіп қойын, кейін квншілерге сіз айтты деп айтып барамын. шын айтам
patick
шын айтам

— Буа-ха-ахха — деп күліп жібереді деп ойладыңыз ба?
kozildirik
Өзім солай бір күліп алдым
Zilola
шымкенттік халат киген КВН-шылар шығып, қатын болып ұрысса
ол халатты басқалар да киеді, басқалар да аса ұрысады. Шымкентке тиісе берме
patick
Әрине, ешкімнің көңіліне тигім келмейді, бірақ солай — именно сол қаланың өкілдерінен байқаппын театрға тән приколдарды.
Gastarbaiter
Петросяндар орталығы болған соң шығар.
patick
Қазығұрттың басындағы кеме — «Аншлагтың» кемесі емес па екен тіреліп қалған?
Janasil
шымкенттік халат киген КВН-шылар шығып, қатын болып ұрысса — бәрі көттері жыртылғанша шыңғырады
Бұл жерде шыңғырудың мәнісі халат пен әзілде емес, залдың көбі Шымкенттік болғандығынан шығар.
Gastarbaiter
Ал, шымкенттік халат киген КВН-шылар шығып, қатын болып ұрысса — бәрі көттері жыртылғанша шыңғырады.
kokbori
«Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел» Абай
Gastarbaiter
Негізі юморда аудитория нашар, сауатсыз деген болмайды. Аудитория қашан да прав. Сенің өнеріңді бағалайтын ең алдымен солар. Бірақ аудитория төмен деп те оларды аяуға болмайды. Аудитория үнемі өз деңгейінен жоғарырақ бірдеңеге талпынғысы келеді. Сондықтан аямау керек адамның интелектісін. Адамның миы көп нәрсеге қабілетті.
daniyar
жақсы айттыңыз
kozildirik
Бірақ КВН сайыс болған соң, әйтеуір күлдірсек жеңеміз деп халатқа кетіп қалатынымыз бар…
satibaldi
Тым жақсы сценка беріледі. Мысалы:
— Я Мыкола, запорожец.
— Александр, москвич я.
Казах:
— Сәкен, Ленд Крузер Прадо.
Сосын мұны ойнауға шығады:
— Э, э, Сәкенмін мен э если чо, сендер қайдағы запарож, масвич болсаңдар, мен — Ланд Крузер Джиппін, ввың-вың-вың-выңңңң, ха-ха-ха-ха!
Топ режиссері: «Білә, ойыңнан неге қосып жібересің нақ, тап солай діңк еткізбедің бе, қызық болмай қалд».
Ойыншы: «Мен де жынды емеспін ғой, үш жылдан бері ойнап жүрм — білем ғой, сенбейсің бе не?».
Шымылдық жабылды.
Gastarbaiter
Дәл өзі нақ. Тек КВН де емес, дизайнда да, аудармашылықта да сондай, «мен үш жыл болдым бірдеңе білетін шығармын», "қайдам әйтеуір жұрттар мақтайды, сізге ақ жақпай қойдым",
— Бауырым, мынауыңның бәрі дұрыс, тек...(әлі ештеңе айтқан жоқсың)…
— Уфффф, не? Не? Тағы не ұнамай қалды?
Одан артық спец таппайтыныңды, тапсаң да сен берген ақшаға келіспейтінін білген соң
— Жо-жо… базар жоқ, бәрі нормально. -дейсің.
Gastarbaiter
Аудитория төмен деп бастауыш мұғалімдері де примитивті боп кетпейді. Үнемі оқушыларға бір саты қиын тапсырма беріп отырады.
Шайнамай жұтатын әзіл жақсы, бірақ кей юморларға екі рет күлесің.
Мысалы, Сатыбалдының жазюаларында қарапайым бес жасар балаға түсінікті Чарли Чаплиндік комизмге оқыған бойда бір бұттан кетіп аласың. Араға бірер секунд салып, кейбір тіркестерге тағы бұттан кетесің. Екінші рет жеке жеке абзацтарды оқығанда, терең намектар мен адам ақылына сыймайтын астарға тағы бұттан кетесің.
kokbori
Осы сен дәрігерге қаралсай, үнемі кетіп жүресің
kokbori
Мынау менің постымнан кейін жарық көргесін плагиат деп атауға бола ма?
kozildirik
Біріншінің артықтығы бар дейт))))
patick
Сосын КВН телевизордан көрсетілгенде біртүрлі жиіркеніп кетесің. Даусы жаңғырығып дұрыс естілмейді. Бұл ТВ-дағы жазу жабдықтарының кемшілігі ма, әлде залдағы акустиканың кемшілігі ма?
kozildirik
Негізі твға жазылғанда залдың акустикасы әсер етпейді, бұл телевидениенің кемшлігі. Біздікілер фонограммен концерт жазып үйреніп қалған ғой, жанды дауыс әзілдер айтылғанда реттей алмай қалады, дұрыс мәменттерді ұстай алмай қалады. Түзелеміз дит бірақ, кім білсін))))
patick
КВН-ды теледидардан көргенде біртүрлі пиратский диск көргендей әсерде отырасың, әйтеуір
kozildirik
Ол да бар))) осы жолы жақсарады дейді. 26 күні Қазқастан арнасынан қарап көрейік. Сапасы жайлы тағы бір пост менен
Janasil
біртүрлі пиратский диск көргендей әсерде отырасың
Себебі бәріміз қазақша квн-мен сол пираттың арқасында таныстық. ОРТ-1 дің шамасы да солардан сәл жоғары. /Бастысы қазақша деп ұра берді/. Қанымызға сіңіп қалған ғой.
patick
Жанасыл, мен бұл жерде дыбыстың сапасына қатысты теңеу айттым. Ал сен қуып кеттің
Janasil
пират дискілерде кім айтты дыбыс сапасы керемет деп.
asaubota
тәлібтің, осы бізде бір есі дұрыс дамып келе жатқан сала бар ма екен? ең болмаса суицидтен де 2-ші орында келеміз…
patick
экономикамыз қарыштап дамуда на
satibaldi
Рас епті. Зал жапырыла күледі, бұл уақытта оператор тасына дейін бүрісіп күліп жатқан жюри мүшесін көрсетіп тұрады. Қимылға негізделген күлкілерді операторлар дым түсіре алмайд.
Меніңше, Болат ағайдың қажеттігі күннен күнге сезіліп келе жатыр.
kazprose
Қазақта «бұралқы сөзге күлгенге жақсы» деген сөз бар. Бұл баяғы — бұралқы сөздің ғасыры.
kozildirik
Бұралқы түзелкі қылу үшін не істеу керек ағасы?
e_zhalgas
КВН көрмегенімді, көрмейтінімді тағы айтайын. Бірақ, ілуде бір кездескен роликтерден байқайтыным, әзілдерінде сөз көп, көбіне еш қажетсіз сөздер шұбырып жүреді. Қысқа әрі моменттерін іліп, интоннациямен айтса, қызығырақ сияқты. Әй, қойшы…
Aldeken
Не ғо, Алмас, текст жазуды үйрету керек командаларға… Мысалы, кешегі маусымашарда «Экспресс» командасының тексті көңілге қонарлықтай болды. ГОН әзілдерді қысқартудың 1-ақ жолы бар, редактурада ГОН-ды алып тастаңдар. Ережеге қойып бекітіңдер, кезінде уақытты езіп ойнайтындарды, балл қысқартумен-ақ, тәртіпке келтірдік қой, 2-3 ойында. бұл да болады. Ал, жалпы, жазбаң жақсы, маладис, керекке қош келдің, жазар көбейсін.
kozildirik
Амин! Бұйыртса жұмысымның жұмысының арасында сығалап)))
satibaldi
Болат ағайдың тірілуіне заманның өзі мүдделі болып тұр ма деймін.
meirzhan
Жалпы КВН-щиктер өмірде де қуады, жүрген жері гон. Және терең әзілдер көп айтпайды. Әйтеуір жастар саясаты осы екен деп, концерт қойғанда да керек болады деп ЖОО, колледж, мектеп әкімшіліктері қолдайды.
meirzhan
«Казахские кинжалы»-да ойнаған жоқсыз ба?
kozildirik
Жоқ, негізі мен өте аз ойнағам, көбіне авторлық қызметке кетіп қалдым. Әртістігіме өзімнің күмәнім көп болды))))
balenti
1 курста окып типі нақ факультет арасындағы КыВыНыға қатысатын едім… ешкім тусінбейтін ед еее...))) еще бір миниатурамды 4 рет қойды ғо атыраулықтар...))) 1 рет біздің факультет, 2 рет қала аралықта, сосын ЕсАқада… ешкім даже сурап алған жок меннен… алайыкшы аа деп хотя бы...(((
timurrr
«Кластарың жап-жарық, жып-жылы екен, ә?»
kozildirik
Aldeken
тек қана «Көзілдірік» командасы көрсете алатын әзіл «Мұрты сынған тарақан»
Gulistan
Осы КВНщиктердің тойда өнер көрсетуіне қалай қарайсыңдар?