Зумба дегеніміз не?


Бұл қазіргі таңда әлемдегі өте танымал фитнес бағдарламалардың бірі. Зумба – арнайы дайындықты қажет етпейтін, африка тайпаларының, латиноамерикалық билердің, сондай-ақ шығыс «қарын» биі (немесе танец живота), фламенко, рок-н-ролл және хип хоп билеріне негізделген ерекше заманауи бидін түрі болып табылады. Бұл би оңай қимылдардың, әртүрлі музыкалық ритмдердің, бөксемен жасалынатын қимылдардың көптігінің арқасында қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі — артық салмақты тастауға зор ықпалын тигізіп қана қоймай көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
«Зумбамен бір сағат айналысудың өзі құдды бір мерекеде жүргендей әсер қалдырады», — дейді, әлемнің танымал жұлдыздары жеке хореографы ретінде шақыратын бидің негізін салушы Альберто Перес. Бұл биде Merengue, Salsa, Samba және Flamenco билерінің де қимылдары бар.
Бөлісу:

27 пікір

GulL
Бұл жарнама емес жай әсіресе күні бойы компьютерді еміп отыратын, күні бойы отырып жұмыс жасайтындарға керек деген мақсатпен. Атырауда жаңадан ашылып жатыр естеріңізге сала кетейін ;-)
VKM
 жәй жаттығулар емес, би элементтерімен жаттығу қызықты сияқты. Мен естімеппін, енді тауып оқымасам.
satibaldi
Сен естімеген болсаң, бізге не крест жорығы десейш.
GulL
сонысымен қызық, бидің аты би ғой
Gulistan
Гүл, Атырауда қай жерде екен мекені? Ренесссенста емес пе?
Жазылуға кесте, прайсы бар ма?
GulL
Өткен аптада ашылуына байланысты презентациясы болды ФОКта. Келгендерге жеңілдік купонын берді. 1 айға жазылу құны 15 мын, ал егер жеңілдік купоны болса 10 мын.Сол Фокта сенбі жексенбі күндері сағат 12-00 ден 13-00 ге дейін болады. Өте қызық бидің түрі, ішінде бәрі бар шынындада праздник, музыкалары күшты
monti
видеолары баршылық негізі инетте. Маған ұнағаны музыкасы.
былай ойлайм да, барлық би атасы африкадан шыққан, кезінде бір жерден оқып қалып едім, африкада аштықты бимен жеңген деп, қарап отсақ расында адамның денесі үнемі қозғалыста болса бөлінген энергия, ну очм организимің тамақ сұрамайд, от. өзімде байқап жүрм(). сол батыста небір би түрлері шыға бастауы, бәрі қара нәсілділермен кеген, яғни олар небір, өнер туындыларын шығарып атр
Gastarbaiter
Отыздан асқанда болмаса, тым попсалау екен.))
GulL
Отыздан асканда тым кеш болып кетпесе )))
Gastarbaiter
Ешқашан кеш емес.
Altygradus
ұнамайт маған дым осы Зумба, аэробикаға ұқсас болғасын видимо
одан да сол басқа билеріне барған жақсы сияқты фитнестегі
VKM
Менде 2 күн жұмыс,2 күн демалыс болғандықтан, бір клубқа тренер болғым келеді.
kokbori
Ал, сен Атырауда тренер болғың келме ме?
VKM
Мен Астанадамын ғой
kokbori
Білемін, жалпы айтқаным ғой, менде бір жоба бар еді
VKM
Астанада аш, мен тренер болайын, прибыль пополам
kokbori
, мұнда мені қолдайтындар жоқ қой, оның үстіне миссиям басқа, бірақ би үйретуді жақсы көретін қыздар мен жас жігіттерді іздеудемін
VKM
kokbori, егер спорттық бал биін алсақ, ол өте қымбат би түріне жатады.Мен білдім: Астанада айына 15000 екен, аптасына 3 рет болатыны+жеке үйретсең, осынша аласың,1 пардан. Ең маңыздысы-клубта 2-3 пар республика көлемінде жақсы орындарда жүру керек.Бір іскер адам болса, жақсы жұмыс істеуге болар еді.
kokbori
Рахмет,VKM ал басқа өңірлерде қандай болады екен, Астана астана болғасын ба, әлде басқа себептері болғасын ба екен?
VKM
Жоқ, барлық жақта солай. Қымбат.Туфлидің өзі 100-150 доллар тұрады
kokbori
Онда сенімен алға қарай дұрыстап ақылдасу керек екен. Мүмкін блог құрылтайында кездесерміз.
Gulistan
Ал, кездестіңдер ме?