Осы біз оқыдық па?

«Оқыту бағдарламасынан әдеп сабағын алып тастағаннан кесірінен білім алушылар ешқандай этика, эстетика дегенді білмейді» © maskarbaeva www.kerekinfo.kz/blog/7114.html

Әдеп, әдеп, әдеп… Біз осындай пән оқыдық па?.. Айтпақшы, тұра тұр, оқыдық!.. Бірақ, пәннің не туралы екенін ақыры есіме түсіре алмадым. Бір есте қалғаны сабақты класс жетекшісі (негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі) өткізетін. Очм, оқи тұра оқымадық десе де болады. Және бұл жалғыз мысал емес. Тағы бір пән "Құқық". Осыдан тіпті олимпиада өтетін еді. Ал, бізге сабақ берген әдебиет пәнінің мұғалімі. Сызу — физик сабақ берді, әлде берген жоқ. Бұл сабақтың дұрыс өткен күні, кәдімгідей циркуль, сызғыш ұстап отырғанымыз есімде жоқ. Ән-күй — ағай сүймелдеп отырады, біз бәріміз қосылып ән айтамыз. Жиі айтылатын ән «Айттым сәлем, Қаламқас». Бірде, ағайды көндіріп «Не жаздым мен жаным саған» дегенді әнді айтқанбыз, завуч естіп қалып, бізді қойшы, ағай жаммман косякқа кірді. Ең сорақысын айтайын, менің аттестатымда «шеттілі (ағылшын) 5» деп жазулы тұр. Ағайындар мен мектепте ағылшын тілін оқыған да жоқпын. ))) Бірақ, беске шықтым. Күшті парадокс иә!)))
Иә, айтпақшы аттестатым қызыл))))
Бөлісу:

47 пікір

Abilakim
сырты жасыл кітап болатын.Басқасы менің де есімде жоқ
Aldeken
Ырғызда адами ресурстардың аз екені рас қо енді…
ErNur
 Ауылға аудан орталығынан келіп оқыған бала портфель ұстап келгенде сабаққа, бәріміз жыртылып күлген едік. Сабаққа сумка ұстап келу типі «западло» жоғарғы класқа көшкен кезде. Кластағы балдардың әрқайсысының «писарь» қыздары болатын еді.
Marco
Портфель дегенді тек бастауышта ұстап едік. Бір уақыттары жаппай пакет ұстау басталды. Сосын, противогаз салатын сумкалар бар емес пе, соны ұстау мықты мода болды. Бір-бірінен айнымайды ғой, сосын ажырату үшін мықтылап тұрып сәндейтін едік.)))
Adiletshu
ір уақыттары жаппай пакет ұстау басталды
Пакет ұстағандарды көріп қатты қызығатынмын. Мамам ұрсып ұстатқызбайтын
19852407
Мамаңызға алғыс айтыңыз
Aizhantabyn
біз валеология деген сабақ өткен едік. Гомиктау ағай беретін… Әдеп, Абайтану, құқық негіздері деген мини сабақтарда алгебраны көшіріп отыратын едім.....))))
omarbirat
мини сабақтарда
5-10 минуттық сабақтар?
Aizhantabyn
жоға, мәні мини да) сол 45 минут қой, просто бізде сабақтан 90 минуттан болатын еді мектепте, пары дейтінбіз, ал ол сабақтар бір бірден))))
omarbirat
Түсіндім. Опшым, маңызсыз сабақтар
monti
неге 90 мин.? жеке меншік мектепте оқыдың? 
бірақ оларда қазір 45 мин. себебі, баланың миы ашып кетеді дид
omarbirat
Екі-үш сабақтан бере беретін универсал мұғалімдер бізде де бар еді. Ауылда ағылшын тілі болмады, бірақ кластың жартысын неміс, жартысын француз тілі тобына бөліп оқытушы еді. Бір рет апайымыз болмай қалғанда, неміс тобымен біріктіріп, немісше де, французша да сабақ берген неміс тілі апайының полиглоттығына таң қалып едім. Институттарда қосымша да мамандықтарға үйрете беретінін ол кезде қайдан білейін.
Aizhantabyn
ал біздің физрук негізі тамада еді, музыкант. Мектептің музыканты да, физругі де сол болды. Сосын орнына суретші ағай келді, сызу мен суреттен берді + физра (блиииин, кіп кішкентай ағай еді), сосын орнына енгезердей ағай келді: бойы екі метр: НВП мен физрук болды. Қысқасы, бір норм физрук бұйырмады)))))))
asaubota
физруктар мен оқушы қыздар туралы сөздер босқа айтылмайды екен ғой

біз тек практикант қыздарға қарап қоятынымыз болмаса былай мұғалімдердің қандай екені бәрібірлеу еді.
Adiletshu
Адам және қоғам, құқық, ағылшын, әдеп деген сабақтар дұрыстап болған жоқ.
Marco
Айтпақшы Адам және қоғамнан сабақ беретін ағайды, Адам дейтінбіз, әнебір актердан айнымайды өзі
Abilakim
Біз еңбек сабағында да сурет сабағында да сурет салатынбыз.Кеңес өкіметінің ыдыраған тұсында мектебімізде станок-мстаноктар қалмағантын. 10-11-ді Балқаш қаласынан оқыдым.сол жақта еңбек сабағында бір рет балғаға сап жасадық.Басқа бірдеңе жасағаным есімде жоқ
omarbirat
Физика мен математика, тарих пен география, химия мен биологиядан бірдей сабақ беретіндерді көп кездестіріппін.
Abilakim
бір қыз күнделігінің «дене шынықтыру» деген жолына «далада доп ойнадық» деп жазып қоюшы еді жыл бойы
Adiletshu
Мен ол жерге форма әкелу деп жазатынмын
dark_nazgul
сөйтіп жазатынбыз. қазір баламның да күнделігіне мұғалімі сөйтіп жазып жіберетін болыпты.
zhanar-seitmat
Біздің Құқықтан беретін апайымыз сабақты күшті өткізетін. Құқықты жақсы көретінбіз. Қалай басқа апай келді, бетін ашпайтын болдық қой кітаптың. Дінтану болды, 1 жылда 5 рет қана болған шығар. Ал технология, ең жек көретін сабағым, формула жаттатқызатын айқайлап, бақырып. Блузка мен жең, жағаны обоиға сыздыртатын. Жылап жүріп сызатынмын.
laurik-81
Бізде химиядан биология апай беретін, бір элементтін атын, формуласын білмей кеттім ғой, хотя аттестатта 5, шет тілі мулде болмады, орыс тілінің өзі 1жыл оқысақ, келесі жылы оқымайтынбыз (жалғыз апай болды: бір жыл күйеуімен тұрса, келесі жылы ажырасып журетін)
dark_nazgul
ЖенПИ химия мен биологияны қосып береді.
Gastarbaiter
Былай түрімнен білінетін шығар. Мен әдептен үнемі үш пен екі алатынмын.
Бірақ апайымыз мейірімділік танытып, кейін бәрібір қорытындыны беске шығарды.
AKY
Біздің "Әдеп апай" өзі де әдепсіз болатын
Gastarbaiter
Ал сен әрине сүйікті оқушысы болдың
AKY
жоға, мен ол кезде бып-биязы едім, сендер ғой мені осындай күйге жеткізген
Gastarbaiter
Қазірде біп-биязысың ғой.
Barsa
СПИД, Жолда жүру ережесі деген де сабақтар бағдарламада бар-тұғын. Мұғалім шығып кеткенде журнал қарап жатып байқадық оны. Директордың көңілдесі… береді екен.
AKY
өсекші!
Barsa
Біздің "Әдеп апай" өзі де әдепсіз болатын
AKY
ол өсек емес, факт. ал сенікі — өсек, егер өзің шырақ ұстап тұрмасаң.
Barsa
Логикаңдысссс
aikarakoz
"Өсектану" деген пән ашуға қалай қарайсың?
AKY
"Өсек — өмірдің гүлі" деген ұранмен ба (мяяя, флудтан шаршап кеттім)
Gastarbaiter
Жігіттердің ойлайтыны төсек, қыздардың ойлайтыны өсек. Кейде керісінше де болады.
AKY
өткенде бір жігіт статусына жазып қойыпты "қазір тек қана төсек іздеуші қыздар мен тек қана махаббат іздеуші жігіттер көбеюде" деп.
Gastarbaiter
білмеймін, өзімде екеуі де жеткілікті
satibaldi
Бізге апайлардың ешқайсысы бермейтін.
dark_nazgul
Пост менің атымнан жазылған сияқты екен. Тура солай оқыдық біз де.
satibaldi
Түсінбедім???
dark_nazgul
Тура солай оқыдық. Музыкадан білім жоқ, сызудан білім жоқ, «Мемлекет және құқық негіздерінен» Конституцияны жаттап шықтық, әйтеуір. Мен мектеп бітіретін жылы "қазақстан 2030" деген бәле шықты. Тарих сабақтарының көп уақыты соны жаттауға кетті.
Әдептен сынып жетекшіміз, химия мұғалімі беретін. Класс сағатына айналып кететін ол сабақ. Оның үстіне, химияны тереңдетіп оқытатын класс болып саналғандықтан, химия сабағына да айналып кете беретін.
Дене шынықтыру деген тек норматив тапсыру керек болғанда ғана мұғалімнің есіне түсетін. қанша уақыт бойы стадионның жанында отырып әңгіме соғамыз да, нормативті әйтіп бүйтіп үшке тапсырып шығамыз, бірақ бес аламыз.
Ағылшын тілін оқыған жоқпыз. Өйткені, мектебіміз ашылғанда араб тілін тереңдетіп оқытатын бағыттағы мектеп болып ашылған. екінші сыныптан бастап араб тілін оқыдық, сегізге дейін. Сосын, мұғалім жоқ болды. Сегіз, тоғыз, екі жыл жарым жартылай араб тілін бірде оқып, бірде оқымай жүрдік. Оннан бастап ағылшынға көштік. Happy English оқыдық, екі жыл. Жарытпадық оны да. Бірақ, үздік аттестат алып шықтым.
Ең жақсы оқытылған сабақтар алгебра, геометрия және физика еді.
AKY
Сызу ағайға өкпем жоқ, өз пәнінің маманы еді. Жақсы оқытты, оның үстіне сымбаты да келісті керемет ағай болатын.
Музыкадан да ағайымыз тырысып бақты, тіпті боянн тартқызуға дейін барды.
Военрукқа да әңгіме жоқ, қыздарға да противогаз кигізіп қанды ішкен)
Әдепті санамағанда, жалпы біздің мектептің жайы әлдеқайда көш ілгері ме деп қалдым.
Marco
Дене шынықтыруда қыздар солай отыратын. Біздер футбол, волейбол ойнаймыз. )))