Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеті
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиетін келтіреді:
«Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: „Әй ұлым! Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз серік қосу — орасан зор зұлымдық“ деді»(Луқман сүресі, 13-аят).
Лұқман хакім ұлына ең әуелі жамандықтың ең ауыр түрінен сақ болуын өсиет етті! Бұл — Аллаһқа серік қосу. Яғни, сені жоқтан бар етіп жаратқан, саған рызық берген, өміріңнің әрбір сәті Оған байланысты, бұ дүниең мен о дүниең Оған байланысты болған Аллаһ Тағалаға біреуді теңеу. Құдайдан қорыққандай Аллаһтан өзге біреуден қорқу, Аллаһтан өзге біреуге тәуекел ету, Құдайға үміт еткендей Аллаһтан өзге біреуден үміт ету, Құдайды жақсы көргендей Аллаһтан өзге біреуді жақсы көру — ширкке жатады.
Құран оқу, Аллаһты еске алу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару — мұның барлығын тек Аллаһ үшін істеу керек. Басқа біреу көрсін деп емес, адамдар мақтасын деп емес.
Намаз оқу, ораза ұстау, қажылық жасау — бұлар да тек қана Аллаһ үшін істелу керек. Егер бұлардың біреусі пайғамбарға, періштеге, жұлдызға, күнге, талға арналса — ширк болғаны.
Зекет беру, садақа беру де тек Аллаһ үшін ғана арналу қажет. Алладан басқаға арналса — ширк болып кетеді.
Сондықтан Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, одан (ширктен) кішісін қалағанына кешіреді» (Ниса сүресі, 48-аят). Аллаһ серік қосқанды кешірмейтінін білген Лұқман хакім ең алдымен ұлына Аллаһқа серік қоспа деп өсиет қылып жатыр.
Не себепті Лұқман хакім басқа күнәларды айтпастан бұрын ең бірінші ширк жасама деп сақтандырып жатыр? Өйткені, Аллаһқа серік қосу — адамның өмір бойы жасаған жақсы амалдарының бәрін жоққа шығарып, күлге айналдырады. Істеген ізгі істеріңнің ешқандай пайдасы болмай қалады. Кісі өмір бойы еңбектеніп намаз оқыған еді, кейіннен Аллаһқа серік қосты да намаздың бүкіл сауабынан айрылып қор болып қалды. Қандай қауіпті нәрсе?!

діни педагогика дамымай біздің халықтың діни сауаты да дамымайды.
түсініспеушілік. Мұндағы өзге біреу кім?немесе болуы мүмкін