Капиталисттік тәрбие немесе балаға қиялды кім береді?
Бұрын Кеңес өкіметінің кезінде, әрбір мамандықтың қажеттілігін, әрбір колхоз бен совхоздың қажеттілігін үнемі халық санасына құйып, үгіттеп отырушы еді. Есесіне етікшіден, пеш жағушыға дейін әрбір «совет» азаматы өзін елдің дамуына үлес қосып жүрген, демек өмірінің мағынасы бар, қоғамның маңызды бір бөлігі сезінетін.
Қазіргі телевидение, ойын-сауық газет жорналдарының көбі адамның түбегейлі мақсаты шетелде тұру, немесе «жұлдыз» болу, бизнес корпорацияның топ менеджері болу, пластикалық хирург болу екендігіне екпін салып, дизайнер, қыртым-сыртым тағы басқа сыртқы жылтыраққа қатысты арман қиял тамырына су құйып отыр. Бәріне универсал жауап — заман талабы солай!
Сорри, Майкл- бұл бизнес!
Алайда баяғы-бұрыңғы деп ностальгияға берілді дей көрмеңіз, қазіргі балалар "ұшқыш, ғалым, инженер" болам деп армандамайтын сияқты көрінеді. Білмеймін, байқайтыным: бизнесмен, әнші, актер, министр,… жақсы ғой, егер арман өзіндегі қабілетке сай болса, немесе өзінің шын жүрегінен шықса. Әлдебір индустриялар санасына құйып тастаған шешім болмай.
«Престиж» деген сөз де ауадан ақша жасау құралы, әдемі сөздермен әлденені атау да бизнес ғой.
АҚШ-тың доллары секілді, маңыздылығын баса айтып, соған сенген адамдардың «жүнін қырқып, еркіне қоя беру» құралы сияқты көрінеді.
Сені сотқа берем, Мама, менің де құқығым бар! © Саша, 6 жаста
"Қинамау керек баланы, балаға өз арманыңды тықпаламау керек, өз қалауымен таңдау керек" дегендер қазір сәнге айналған демократиялық пікірлер.
Бірақ қарап отырсаң, оған бағыт бермесе, оның тәрбиесімен кім айналысады, оған жалған қиял-армандарды санасына кім құяды?
Телевизордегі кей бағдарлама, жарнамалар — дайын, комплекске булыққан, өзінің сенімсіздігін қанағаттандыру үшін кез-келген шартқа, құрбандыққа дайын мәңгүрттер армиясын тәрбиелейді.
Сөйте тұрып, кейде біз ата-анаға бала тәрбиесінің рөлінде тек мүдделі ұйымдарға көмекші болуды ғана артатын сияқтымыз.
«Get rich, or die» түйсігі
Сонда ата-аналар егер бай болса, «Get famous or die» (Атақ ал, я қата қал!) деген принциппен, ал орта таптың өкілі болса, «Get rich, or die» (Олигарх бола алмасаң, өлеғалнах!) деген ойдың сіңірілуіне еш тосқауыл болмауға мәжбүр, өйткені балаларға өз ортасында сондай психология ендіріліп отыр. Мәселен, бір кішкентай қарындастарыңыз, үйге жылап кеп «Пәленше маған сендер сыйлаған көйлек „фейк“ деді, ал оныкі Миланда тіктірілген екен» деп болмашыға бақытсыз боп егіл-тегіл болыпты дейік, сіз не дейсіз?
Немесе, кішкентай ұлыңыз/ініңіз үйге бұлқан талқан боп келді делік,
«не болды?»,
"қойш бармаймын сабаққа",
«Неге?»
«Мен ғана автобуспен барам, қалғандарын Крузакпен әкеп тастайд, мазақтап болды әбден»
-десе, реакцияңыз қалай болмақ?
Ата-аналық еңбек өтілі барлардың жауабы әсіресе қызықтырады.
Жалпы қалай жауап берсең де, осы жағдай қалыпты жағдай ма? Әлде ауытқушылық па? Менің жүрген жерімде, маған ғана солай көрініп жүр шығар әлде?
Пост-скриптум емес
Жазба феминизм мен гендерлік саясат жайлы болмаса да постскриптумның орнына орыстың балаларға арналған өлеңінің мынадай үзіндісін /аудармасымен бірге/ келтірсем деймін:
****
«Кто трусы ребятам шьет?
Ну, конечно, не пилот!
Летчик водит самолеты — Это очень хорошо!
Повар делает компоты — Это тоже хорошо.
Доктор лечит нас от кори,
Есть учительница в школе.
Мамы разные нужны,
Мамы разные важны...»
Михалков С.В.
— Еркін аудармам мынау:
Кім саған дамбал тігед,
Ұшқыш емес шығар енд,
Ұшқыш ұшақ жүргізер,
Оның өзі керемет!
Аспаз компот қайнатар,
Бұның өзі керемет!
Дәрігер тұмау емдесе,
Мұғалім сабақ оқытар,
Көре көрме біреуден кем анаңды
Сыйла, кім боп істесе де, мақанды...
Мың қарғаға бір кесек
Бір өзі жүзге татитын
Арысым еді ау Юлдузбек
Тоныкөк
Сондай балалардың бірінің әңгімесі бойынша, билеп тұрып, подносқа кімнің қанша ақша салғанын бір көзімен бақылап, шамамен есептеп тұрады екен.
Бұл не? Заман талабы? Есектің көтін жусаң да мал тап?
Дұрыс бұрыстығын айта отырыңдар жамағат!
Баланы бұлай пайдалану дұрыс емес. Ақша табудың ең оңай жолын көрген баланың басқаға, оқу-білімге қызығушылығы қалмайды.
Әзірше пысықтығым тек сөз жүзінде болар, өкініштісі…
Флудты доғарайық