Қайран...

Бала кезімде әрнеге бас қатырушы едім. Үлкендерден «плюс»,«минус» дегенді естіп алып, егер розеткаға шнурды былай тықсам телебзір жанып кетер ме екен.Бұның плюсі қай жағы екен деп ойланған да кездерім болған.
Балалығым саман кірпіштен қаланған ескі үйде өтті. Қонақ бөлмеміз енсіздеу ұзын болатын. Ана шетінде бір ләмпішке, мына шетінде бір ләмпішке сол бөлмемізге жарық түсіріп тұратын. Мен «включателді» қосып қалып, қайсысы бірінші жанады екен деп қарайтынмын.Осындай әрекеттеріңіз болса бөлісе отырыңыздар
Бөлісу:

82 пікір

satibaldi
Мен 1 желтоқсан міндетті түрде қар жауып, 1 наурыз күні барлығы еріп кетіп, жемістің барлығы 1 қыркүйекте пісіп, тап сол күні бүкіл жапырақ атаулы сап-сары болып тұруы міндетті деп ойлайтынмын.
Abilakim
Ал мен әжемнен "Қадыр түні күні маған бір қап мишка кампит пен бір қап алма тілеші" деп өтінетінмін
Erlan
қазірде жуынатын бөлменің жарығы, включателді басқаннан кейін сол бойда жанбайды, 1-2 секундтан кейін жанады, кейде бір жанып -бір сөніп, айнага карап турганда, андай ужс кинолардагыдай эффекті болады.

кішкене кунімде бірнеше узарткышты бір — біріне қосып, ойнап отканмын, кішкене саусактарым вилкасының арасына кіріп кетсе керек, дыз еткізгенде, узарткышка бакырайып урке бір карап, втю зыттым гой
Abilakim
кішкентай кезімде кипятильникпен су қайнатып жатқан үлкендер шелекке. сосын маған қайнап жатыр ма қарап келші деді? Мен бардым да шелекке саусағымды малып көрем деп…
Gastarbaiter
Мынауың енді…
Abilakim
содан бері не толаумын негізі
Gulistan
Мен де солай..Қайдан білейін енді…
Abilakim
сен де нетосың ба?
Gulistan
қолымды суға тыққанымды айтам да.«Нето» емеспін
VKM
a63a1
Жаным жайдарлым, осылай арасында бар екеніңді білдіріп қойш, әйтпесе кейінгі кезде өзімді кбөтенсіп жүрмін
VKM
ой, Абзал, сәлем, сәлем)))
Abilakim
Иә, бұл сайт ВКМсіз жылусыз үй тәрізді екен
VKM
тронутпын ©көп рахмет.Шын жылағым келіп кетті
Abilakim
жыла, жылап ал қызым, жеңілдеп қаласың
a63a1
Розетка демекші, менің кіішкентай кезімде бір қол сағатым болған еді (қара пластмасс, электронный)соның батарейкасы отырып қалып, әкем ауданға барып келгенша өзім зарядтай тұрайын деп, лампочка бұралатын патронды алып артына сым жалғап, вилка (вилка для розетки) тағып, жасалған дайын зарядчик ретінде патрон ішіне "+" "-" қарап әлгі қолсағат батарейкаларын салып қойдымда розеткаға тыққаным сол екен, пытыррррррррр деген дауыс сүйемелдеуімен розеткаға дейінгі сым бұрқ етіп жанып кетті, үйдің іші қара түтін
satibaldi
Лібә, мен де дәл сөйтіп едім нақ. Счетчиктің енегі айналып кетіп еді.
satibaldi
Пақан келіп, розеткада плюс-минус болмайд епті деп, наққа жібергені бар.
Abilakim
менің әпкем розеткаға сым тығамын деп 12 метр жерге ұшып кеткен көз алдымда
a63a1
менің әкем шатырдан сальто айналып түскен
Abilakim
бала кезінде ме?
satibaldi
Соны бала болды дейсің бе сірә…
a63a1
менде солай ойлайм, көзім көргелі Папа деп келем*(
a63a1
ой лібә не то смайл кетіп калды
Abilakim
норма ғой, тоққа түскен адамға келеді
a63a1
жоқ, осыдан 5-6 жыл бұрын Федоровский ВХ жақтағы дача білесіңбе? сол жақта Дачамыз бартын, сондағы үйге тоқ тартып жатып тоқ соқті, қайта картошка егеміз деп жер қопарып қойғанбыз сол жақсы болды,
satibaldi
Менің әкем розеткаға жабысып тұрған кісіні күрекпен ұрып түсірген.
Abilakim
ал менің әкем, менің әкем…
Abilakim
менің әкем үйдегі счетшикті шұқылап жатып өтірік тоқ соққандай болып дірілдеп құлап түскен ғой,әжесі талып қалыпты көріп тұрып
ErNur
 Тоқ соғып тұрған адамның дауысы лақ, ешклердің дауысынан айнымай қалатын
konvict
Бізде де болып еді. Тетрис деген болушы еді ғой. Соны ағам екеуміз АКУмуляторға жалғап көрдік. Плюсін плюсіне, минусын минусына. Ар жағы белгілі ғой…
omarbirat
Үйдегі электр пештің спираліне қарап, сым темірден спираль орап жасап, розеткаға тікелей қосып көмек болғанмын бір рет. Шарт етіп, лақтырып жіберді сым темірді. Өзім аман қалдым, бірақ үйдегілерден жақсылап бір ұрыс естідім. Көздерінше сұғып едім, кешкі тамақты ішіп отырғанда
Gastarbaiter
Екі шегені үш жасымда розеткаға тыққанмын. Есімді жисам, бір апамыз ойбайға салып "өлді" деп жылап жатыр екен үстімнен төніп.
satibaldi
Мен адам міндетті түрде 100 жасауы керек деп ойлайтынмын, кімге қанша жыл өмірі қалғанын айтып, мазаларын алатынмын.
Abilakim
мен сәбіз жеп отырып «Бойым өсті ме?» деп қайта-қайта сұрайтынмын.Орнымнан атып тұрып, айнаға қарайтынмын
Gastarbaiter
Мазаларын қайдам, риза қылатын шығарсың.
a63a1
мен телевизор көретінмін де ойлайтыынмеен, лібә бізді де біреу көріп отқан шығар нақ деп
a63a1
ишшо қабырға ға қарайтынмын, шамасы осы жақтан көретін шығар деп
a63a1
сосын бала қайдан туады деп ойлайтынмын, негізі мен жұрттың балаларындай АИст майит қа сенбейтінмін, өйткені сиыр қой жылқы туып жатқанының куәсі болатынмын
a63a1
Неге сиыр бұзаулағанда бірінші үлкен шарик шығад деп ойлайтынмын
satibaldi
Мен апай «ертең бірің космонавт, бірің ғалым, инженер боласыңдар!» дегеніне қатты, қатты сеніп, армандап кететінмін. Қаравотсам — қазір бәріміз пяншікпіз, ептібайымайдтың мұғалимасыннстың.
Abilakim
қолтықтан кеттім)))
a63a1
Назарбаевты атам деп ойлайтынмын, Елцин көрші Жанболат досымның атасы
a63a1
Кесірткені крокодилдың баласы деп ойлайтынмын
araika
Ал мен жыланның ұрпағы екен деп ойлайтынмын
satibaldi
Жақып атаның: «адам болудан кетті ғой бұл қаззақ, адам болудан кетті; жүдә адам болмас енді, сірә оңбас енді!» дегенін сандырақ деп ойлаушы едім.
satibaldi
Сақыпжамал әже:«Таста бұ қаззақты, одан қаңғы шикісары орысқа жақсылық жаса!» деп кейігенде, «НегеҰ, әжеҢіғҰә?» деп ойлайтынмын.
a63a1
«НегеҰ, әжеҢіғҰә?»
деп — уысыма қарайтынмын де  Көз алдыма Бір көзді дию елестеп кетті
Marco
Қабаған итке қарсы жүгірсең қашады дегенге сенетінмін. Және әрдайым солай болатын. Тек бір рет жаман таландым.
gunner
Көбісі Абай айтқандай ойлайтын: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп
Gastarbaiter
Мені әкем достарын қағыту үшін пайдаланатын кейде. екі досы бар еді біреуінің аты Жандос біреуі Тілеухан.
Дамбалсыз жүрген мені табуретке тұрғызып, «Жандос кәне?» десе, мен әлгінің басын көрсетем, «Тілеухан кәне?» десе, мен әлгімнің тасын көрсететінмін.
Қонақтар соған мәз.
Abilakim
оны біздің үйдегі қу да жасайды.Әкем өзінің екі құрдасын солай мазақтатады)))
Gulistan
Мында көбі тоққа соғылыпты ғой, мен керісінше.
оқиға менің 4 жасымда болған. Баяғыда қызыл вьетнамдық бальзам болушы еді ғой, «звездочка» деген.Әжемнің сіңлісі қайтыс болып, соның ауылына кеттік.Үйге бата оқуға келген адамдармен үлкендер шығып кетті. Сол сәтті күткендей, мен әлгі бальзамды бетке жағатын крем деп ойлап (бетке крем жақсам есейем деген есер ой ғой), ақ көңілмен бетіме толықтай жағып алдым сол кез еміс -еміс есімдеБір мезгілде бетім дуылдап қыши бастады, одан ісіп кетті.Ақыр соңында ауырып, жылап жатып қалдым. Үйге келгендер «Ойбай, мына бала тоққа түсті, неге жаңа тоқты жинамадық?» деп бір-біріне сөйлеп, дәрігер шақырып, бірнеше укол салып, бетімді бері қаратқан. Әрине, бальзам жаққанымды ешкім ақыры білмеді. Бірақ сол өзіме үлкен сабақ болды.
Abilakim
соның иісі ұнамайтын.әжемнің арқасына жағып беруші едік
Gulistan
"Әдемілік құрбандықты талап етеді" деп сол кезде иісіне қатты мән бермедім бе, шыдадым ба, ол жағын анық айта алмаймын. Қазір, расымен иісі бас ауыртады.
Gastarbaiter
Әжем аяғына жағатын «жыланның уы» деп аталатын мазьды 3-жасымда үсті басыма жағып алып, ол құрғыр күйдіріп, бақырып жылағаным есімде.
FaraOn1
Менің қолымда бомбошка жарылған. басын кесіп алып тастап, кукіртін жақсам, пжжж етіп сауле шашатын шығар деп ем, бытыр ете түсті. Бітті құлақтан кеттім(тура мағнасында). Бөлмеден качегарга әкем жүгіріп кеп бірдеңе деп жатыр түк ести алмадым)))
FaraOn1
электр самауырдың ескі резеткасы зайбал болатын. суырып аламын деп үнемі көөөп тоққа түстім) 12 вольт ниче нормально аяғында ұнай бастады)
FaraOn1
Сосын бұрынғы қыста опа қарды қазып ін жасап алып, қар атыс ойнағанды жақсы көрдім))
FaraOn1
Сосын кішкентай кезімде көршінің қызы Саидамен Мама, Папа ойнайтынбыз. Қайран...
Simona
мен кiшкентaй кезiмде қaйшыны тығып бaсқa бөлмеге aпaрып: кiрпiгiмдi, шaшымды қиқaлaп тaстaйтынмын
Есейе келе тaрaқпен кекiлiмдi бұйрaлaйм деп тaрaққa орaйтынмын, бiр уaқыттa әлгiнi шaшымнaн шығaрa aлмaй әлек болaм, aқыры кекiлiмдi құйқaдaн кесуге турa келетiн.
Maya
 Әбеке, жарайсың! Неше түрліні еске түсіріп күліп алдық
Gastarbaiter
Креслоның үстіне өрмелеймін деп батарейге құлап басымды жарып алғам. Кейін 4-5 жасымда тап сол креслоның үстіне шығып, әлгі гимнаст бала сияқты сальто жасаймын деп тап сол батарейге тағы соғып алғам басымды.
Кейін 6 жасымда көрші Жомарт деген 3 жасар балаға темір таяқ беріп, өзім ағаш таяқ алып қылыштаспақ болғанда әлгі епті басымнан бір беріп тағы жарып тастаған.
Содан кейін талай столб, есіктің рамасы, асфальт, лакированный туфлиді маңдаймен «сипап» көрдік
meirzhan
Жердің бетін шыбықпен тырнағандағы ақ түсті топырақтың алғашқы қабатын жерде көмілген адам сүйегі деп ойлайтынмын. Өзімді археологпын деп ойлап, жаңалық ашпақшы болғам. Ескі тақырыптарды тікелей эфирге шығару деген құмарлық содан алса керек…
Gastarbaiter
«мен неге осындаймын» деген терең гностикалық, психоаналитикалық ойларыңды жеке пост қылып неге жазбасқа?
meirzhan
Постқа сыймайды, кітап қылып жазу керек болады онда )
araika
Ех, балалықпен не бүлдірмедік… Ағаммен тетелес өскендіктен, екеуміздің арамызда бітпейтін дау, жоспарлар жиі болып тұратын. Біреу ренжітсе болды, үйдің жанындағы үлкен ағашқа өрмелеп кететінбіз. Оның өзі 5 қабаттан тұратын, мен төртіншіге орналасып, ол жоғарыдағы көршім болушы еді. Төмендегілердің жай-күйін бақылап тұрған сондай қызық болатын.
Gastarbaiter
Мен 8 жасымда ауладағы балаларды жинап, көше олимпиадасын ұйымдастырушы едім жазда. Ішінде күрес, биіктікке секіру, таспен тигізіп кірпішті құлатудан, ұзындыққа секіруден, т.б. жарыстар өткізіп) Қызық болатын ед.
Бір щеголға шіріген ағашты ұстатып қойып, оны бір ұрып сындырып, сосын басқаларына құрғақ, тастай тақтай ұстатып, «Ең бастысы концентрация! Ойларыңды бір нүктеге бағыттап, бар күштеріңмен ұрсаңдар сынады» дейтінмін.
Бір-екі бала қолдарын сындыра алмай, намысқа тырысып он рет ұрып, ақыры ашудан жылап, өздерін лузер санап кеткен.
Gastarbaiter
қолдарын сындыра алмай — емес тақтайды сындыра алмай
Abilakim
Сегіз жасыңда ойды бір нүктеге бағыттауды айтып жүрген сен де вундеркинд баласың ба?
Gastarbaiter
Кетш, Карате-До ШитоРюға қатысқанмын 2 класста Католары әлі есімде
Gastarbaiter
Вундеркиндтік дәнеңесі жоқ, арамдықта мәселе.
Жиенім 7 жасынан каратеде, 10-ға толады жуырда, медальдары көп әлден.
Омарбыраттың баласын қара тіпті. 8 жас деген әжептәуір жас.
bekkerey
Үйде дәу қара «рекорд» деген телевизор болды. Соның артын шұқылап бір кішкене жоғал қақпақшасын басып қалсам, бір нәрсе сырт етіп ұшып кетті. Таба алмадым. Кешке әкем теликті қосып істемей қалғанын көрді. Білмейтін нәрсесі жоқ еді марқұмның. Артын ашып жоғары кернеуден қорғайтын «предохранитель» шамы жоғын тез тапты. Дереу жәшігінен біреуін алып шығып салып, қосып қалып еді. Рекордтың қосылар кезіндегі сыңғыр ете қалған дыбысы шықты…