Барселона бас бапкері Х.Гвардиола өз өзін ұстай алмады

Кезекті турда Осасунамен кездесетін Барселонаның бас бапкері Хосеп Гвардиола матчтан бір күн бұрынғы баспасөз мәслихатында өз өзін ұстай алмай күліп жіберді:



— Алдағы ойынға қатты дайындалдық. Осасунамен соңғы ойынымыз 8:0 ірі есеппен біздің пайдамызға шешілгені ештеңені білдірмейді. Қарсыласымызды сыйлаймыз, қазіргі футболда үлкен команда, кіші команда деген жоқ. Кез келген команда басқа команданы жеңіп кете… Буахахахххааа  

Осы сөздерден кейін кешірім сұраған Гвардиола баспасөз залынан шығып кетті. Микрофонды команда капитаны Пуйол алды:

— Дайындалуын дайындалдық бұл матчқа. Бірақ қарсыластың соңғы ойындарын видеодан қарадық, зерттедік деп айтсам өтірік болар. Шынымды айтсам бұл команданың қазіргі бапкері кім, команданың формасы қандай, қай ойыншылары мықты ойнайды екенін білмейді екенмін.
Командаластарымызды ойын алдында ескеруін ескереміз, қарсыласты менсінбеушілік болмасын, олар да 11 адам шығады, соңғы ойындарында жеңілмей келе жатыр деп. Алайда біздің ойыншылар да ақымақ емес, олар да түсінеді қарсыластың жеңілу үшін шығатындарын. Яғни не айтсақ та болмай тұр.
Жанкүйерлерге не дейін? Уақыттары болса келсін әрине стадионға. Олар қолдаса да қолдамаса да нәтиженің қандай болатыны белгілі.

Баспасөз мәслихатынан кейін клубтың баспасөз хатшысы Хосе Алварез Федерацияға бұдан кейін матч алдында мәслихатқа қатысқылары келмейтіндіктерін айтып, өтініш жіберетіндерін айтты. Себебі мұндай нәрселерге уақыт құртқымыз келмейді, айтатын сөздеріміз бірдей деп мәлімдеген Алварез команданың ертең таңертең клуб базасында жиналып, кешке ойын басталғанға дейін табиғат аясында пикникке шығатындарын айтты.
Бөлісу:

11 пікір

manfan
еее ПЕП! пока күле тұр деп көре алмай, ішім күйіп баратыр
Robin
Пеп Гвардиола сен Ван Персидің Барсага соққан әдемі голынан кейін бір рет күліп немесе таң қалған жоқсын ба? Осыны білгім келеді???
Rafaello
Бәрібір жеңетін болғасын мән бермеген болар?
Nur
Лібә, жынды екенсіңдер е…
konvict
Лібәә, осында жазылған сөздерді «Алаш Айнасынан» оқимын деп ойлаппын ба? alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/702da78dc28ae3727effe5969ac11170.pdf мына жерден 7-ші беттің астыңғы жағында «Білгім келген бір сұрақ» айдарын оқысаңдар бұттарың шіріп кетеді
asaubota
бұл туралы бөлек пост жазамын дүйсенбі күні, әзірше үндеме