Өртпен төбелес. Жанайым.

Осы артта қалған екі күнде біраз оқиғалар бастан өтті.Ауыл жақтан хабар келді "Қысқа дайындаған шөп өртенді" деген. Бұндайдан соң қалада қалайша тыныш жата аласың. Келіншегімнің толғатып жатқанына қарамай елге тарттым. Шүкір, қалада әкемнің әпкесі бар ед.сол кісі өзі басы-қасында болатын болғантын.




Ауылға барсақ 30 тонна шөп өртеніп кетіпті.ел-жұрт болып, жан-жақтағы біздер жеткенше өртті ауыздықтап, қора мен малды аман алып қалыпты.Мал-жан аман! Садақа.Ендігі мәселе ол шөптің орнын жабу мен шөпке орын дайындау.Біздің жақта оны «аран» деп атайды. Өткен жолғы аяздардан соң, өртке шашқан сулардан соң тоң біразға кеткен екен.Жаңадан бағаналар орнату біраз қиынға түсті.Дегенмен Балқаштан келген інілерім, ауылдағы, аудандағы ағаларым барлығымыз жұмыла істеп бұл шаруаны да бітіріп тастадық.Осындай қарбаластар бітіп, кешкілік шайымызды ішіп отырғанда Қарағандыдан жақсылық хабар да келіп жетті. Жаңагүл аман-есен босаныпты.У-шу болып отырғанымызда. Күндіз басылған оттың шоқтары қайта тұтанып өзеннен 3-4 тонна су тасып әрең сөндірдік.
Айтпақшы, қызымның есімі ЖАНАЙЫМ!
Бөлісу:

42 пікір

AKA
Аллаһ амандығын берсін! Жанайым деген әдемі есім екен, сұлу да ақылды қыз болып өссін!
dark_nazgul
өрттің артының қайырын берсін.
Жанайым жанып тұрған қыз болайын деп тұр екен!
Erlan
нема 30 тонна, ол примерно 10 машина шоппе
Abilakim
Машина дегенің Газон болса оған 3-4 тонна ғана сияды ау деймін
FaraOn1
Әр нәрсенің қайыры болат деген осы емес па))) Жаратқанымыз Жанайымыңызды аман-есен жарыққа әкеліп, сіздердің жандарың өртенбесін деп, шөпті өртеп жіберген ғо)))
salta
тұлымдыңыз бен бұрымдыңыз көбейсін!
Zilola
Озiн адейiлеп дуга окып ортемесен несiне садака? кiмге жаксылык жасадын? кiмге садака?

Кызыннын бауы берiк болсын! Артынын бауырлары ере берсiн!
Abilakim
Әйтеуір осындайда «Садақа» деп айтып жатады ғой
Рахмет!
Abilakim
Әдейілеп дұға оқып өртесе Садақа болады деген де миға сиымсыз секілді
Maya
Мал-жанның аман болғанына шүкір. Балапаныңыздың бауы берік болсын!!!
Ал жанып кеткен шөпті САДАҚА деуге келмес. Керексіз зат садақа болмайды ғой, Әбеке.
meirzhan
Ел-жұрт аман болсын.
Abilakim
«Көп түкірсе көл» деген осы екен. Ауыл азаматтары 25 км жерден «пожарный» машиналар келгенше өртті қораға жібермей ұстап тұрыпты
meirzhan
Өртенген шөптің орнын қалай жапты?
Abilakim
Жан-жақтан келген біздің әулеттің ұлдары 20-30 мыңнан әкелдік. соған шөп аламыз.Жеке үйіліп тұрған он тоннадай шөп бартын, пока соны малға азық ете тұрады
Marco
Әйтеуір сатып алатын шөп бар болса болад та… Ең бастысы мал-жан аман. Біреулерге «садақа» деген ұнамай жатса, Жанайымның туған күніне арналған отшашу десей)))
MickThatsMyNick
Әдемі ат екен! Ал өрт ше сонда қалай пайда болған?
Abilakim
сірә, үйдегі 4-5 оқитын ініміз «бомбышка» атқан секілді.Қанша қинасақта мойындамады)))
omarbirat
Кейін Интернет бетіне «Бала кездегі бұзықтықтарымыз» деген тақырыпта шығаты шығар, егер шынымен істеген болса
meirzhan
Шындық бір күні ашылар )
Adiletshu
Қанша қинасақта
тырнақтың астына ине тығып, үтік басып
araika
Менің ауылда көргенім бойынша, өрттің өз «сезоны» бар болатын. Бір жылдары көршілердің бірінен соң бірі осы тілсіз жаумен арпалысқан кездерін көріп, қорқып жүретінмін. Әлі де қорқамын.
omarbirat
Қызыңа өте жақсы ат таңдапсыңдар  Атты осылай қазақша қойған дұрыс қой.
VKM
Өрт енді ужс(((
кіттей бөпе аман-сау болсын.
Armanjan
Барлық жамандық сол өртпен бірге сөніп жоғалсын, бастарың аман болсын, кішкентай ЖАНАЙЫМ ата-анасының көз қуанышына айналып, дені сау, мықты бір азаматша болып өссін!
KILYZAMAN
Біраз қарбалас болған екен… Бір сынаққа түскен екенсіңдер. Бауырың бүтін болсын Абекесі… Жанайым — керемет есім, моншақты болып өзінен кейін оншақтыларды шақырсын
a63a1
Бір жамандықтың артында әрқашан Жақсылық тұрадығой, қайырын беріп қызды болыпсың Құтты болсын!!!
Janasil
Дүниеге ұлы адамдар келген кезде оқыс оқиғалар болады деуші еді. Бауы берік болсын!!!
Gulistan
Мм, бір қайғы, бір қуаныш деген осы болар!
Жанайымның бауы берік болсын!
ErNur
М мм… Өртті қайғы деуге келмес, бастысы мал-жан аман ғой. Марко айтпақшы Жанайымның қуанышының отшашуы деген дұрысырақ болатын шығар. Осы өрттің қуаты өмірдің есігін енді аттап отырған кіп-кішкентай Жанайым бөбегіміздің бойына дарысын. Аман болыңдар!
Erke
Ал кутты болсын! негізі бір естігеним бар өрт байлык шакырады деп! Куаныш құтты болсын!
Gastarbaiter
Шөпті қойш, қызың құтты болсын. Әңгімені содан бастау керек ед
Abilakim
Рет-ретімен айтып жатырмын ғой. Болған оқиғаларды
omarbirat
Үйдегі патефонның бір пластинкасында «Ей, ей, жан айым, сәулем сені алайын» деген бір ән бар еді. Қай топтікі екенін білмеймін, «Дос-Мұқасан» айтатын сияқты. Аямахашы топтардың әлі шыға қоймаған кезі болатын әйтеуір
Abilakim
СМС голосавание кезінде Айсана деген есім алға шығып кете жаздап, осы Жанайым деген есім озыпты соңында
Zhan
Мерей, Аружан, Диана, Нұрай, Кәусар, Іңкәр, Інжу, Назерке, Әмина, Шынар — соңғы кездері осы есімдерді көбісі қоятын болып жүр. Бір подругам қызына Айназ деп ат қоймақшы болып еді, енесі «Жоқ өзім қоямын» деп Нұрай қойыпты.
satibaldi
Бір подругам қызына Айназ деп ат қоймақшы болып еді, енесі «Жоқ өзім қоямын» деп Нұрай қойыпты.
енесс
Abilakim
Узидың нәтижесін естіп алғаннан бері ат іздеп, алты ай ойланып, соңында Гүлден деп қойған жандарды да білеміз. ерекше бір есім күтіп ем.Гүлден деген есімді жаман дей алмаймын бірақта
direct
Табриклайман бобурым!!!
Үйіңнің Гүлі болып өсе берсін бүлдіршіндерің!!!