Новелла бәйгесіне. Сатыбалды Кербабаев. «Тауық махаббат»

«Ақзеренің аватары құшті, үйленем, ғыӘ» ©СаянҮш

Ермектің М-Агенті

«Охх…». Ермек өзіне ызаланды. «Виртуал өмірді жүректеріңізге тым жақын қабылдамаңыздар: ол бар болғаны – шынайы өмірге пародия ғана» деп пе едім кешегі семинарда? Айтқан екенмін нақ! Біреу қыштаған жоқ қой, ең болмаса осы соңғы сөзді айтпай-ақ қойсам нетті-ау! Енді міне, өзімнің ындыным құрып, танауым желпілдеп кеткені...».
Тек қолмен ұстап, көзбен көргеніне ғана сенетін педант Ермектің өмірлік ұстанымы найқалып, құлауға әзер тұрғанына бүгін үшінші күн. Желілерді қаңғырып жүріп, біреудің досының досы арқылы шықты ма, есінде жоқ: әйтеуір түн жарымында онлайн отырған осы бойжеткенді әуелде біртүрлі қызық көрінген. Суреттерін қарады. Сұлулығы ма, бәлкім сиқыры ма; әлде екеуі де бар ма — әйтеуір баурап алды. Имене-имене достық ұсынған – бірден қабылдады. «Атым — Қырмызы» деді ұяң дауыспен. Иә, ұяң дауыспен! Себебі Ермек осы бір биязы қыздың тіпті дауысын естігендей болды! «Жазбадан да адамның үнін естуге болады екен-ау»деді Ермек іштей. Сосын: «Жазбадан да адамның үнін естуге болады екен-ау» деп, сырттай да айтып көрді, әнасстың: үйде бір қой ешкім жоқ еді.
Әншейінде сылбыр сағат сол күні зулады дейсің! Жаңа таныс бойжеткеннің жазған сайын елітіп бара жатқанын сезді Ермек. Тіпті аздап қауіптенді де. Сезімді басқаруға болады деп есептейтін Ермек, өзінің аңсары осы бойжеткенге үнемі ауып тұратынын байқады. «Махаббат? КетЧ». Не болса да, бұрын-соңды өзімен өзі осылай арпалысқаны есінде жоқ…
...Қырмызы байланысқа шықпағанына үш күн. Біраз білісіп қалып еді. Ең кереметі – ол да сырын ашып, Ермекті іш тартқандай. Осыдан бір апта бұрынғы Ермектен бүгін ештеңе қалмаған: виртуал әлемді мойындамайтын менмен жігіт енді — мессенджердің жылт еткенін немесе «дыңқ!» етіп дыбыс шығарғанын аңдып ұйықтайтынды щығарды. Түні бойы елгезек жататын болғасын ба, түс ауа ұйқысы келетін болыпты. Ал Қырмызыдан – «бір хат жоқ».
«Алдап жүрген де! Бір рет болса да сезімге ерік беріп көрсем деген, уа Аспан Әміршілері — оны да көп көрдіңдер! Жарайды ендеше!». Ызаланған Ермек мессенджерді ашып, Қырмызының әдемі аватарына барды да, «Del-ды» басуға оқталып… «Бәлкім іссапарда? Шығып қалар?». Өзінің сұқ саусағына — жаңа ғана қиянат жасай жаздаған кісіше жиіркене қарады. «Не боп барам мен өзі?...».
Әлем-тапырық күйде жүргеніне бүгін – үшінші күн. Жұмыс та жөнінде қалды. Іздеп-іздеп, телефонын қайната жаздаған бастыққа жауабы біреу: «Қойыңызшы: демалыс, түн демей жеті жыл жүрдік қой!». Әншейінде сөзіне жауынгердей қақшия қалатын Ермектің бұл қылығы бастығын кәдімгідей абдыратты. «Ауырып қалсаң, жайсыз болып тұрсаң түсінем ғой, тек хабарыңды беріп қойсаң ғой...» деді ол күмілжіп…
… Бейберекет саңқылдаған радионы өшірді. Тыныштықтан тұңғиыққа кетіп бара жатқандай болғасын, телевизорды қосып қойды. Бір есін жиғанда, өзінің пультті бейберекет басып отырғанын байқады. «Не дейді: «Шіркеу уағыз жүргізуге енді Интернетті қолданбақ» дейді? Құдайым-ай, жаңалықтарыңның кескініне болайын, журье ептібайымайд!». Қауға сақалды әулие әкей әйтеуір сампылдап сөйлеп жатыр. «Біз уағыздау жұмыстарымызда әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланып жүрміз» — деп қояды… «Тұра тұр! Немене?». Көзі шарасынан шыққан Ермек қалбалақтап барып, телевизорға үңілді:
Әулие әкейді М-Агенті
«Мынада менің контактім не істеп жүр? Ом манэ падме хуум – Қырмызы???!!!»...
Бөлісу:

43 пікір

19852407
түрі бар болсыншы осы, аллилуя!
araika
«Атым — Қырмызы» деді ұяң дауыспен
Jacqabaies_Chirac
 бәйгессстің, қалған жазылатын новеллаларды оқып та қажеті жоқ мынадан кейін
19852407
Әңгіменің төркіні осымен тәмәм
Zhan
Қазақша білетін әулие әкейім-ай…
Aikona
 бар романтиканы құртып жібердіңіз ғой, блин сізден кейін жазып қажеті жоқ
serjan
Осы Сатеке неғып бір повест, романға қалам тервемеске сіздің мына новеллаыңыздан Оралқан Бөкейдің иісі шығып тұр.
sammita
Онлайн (жаулап алды махаббат)
ДәрТV
dark_nazgul
оу, Сатекесі… Байқауға қатысу шарттарын оқу деген болмас па еді?
satibaldi
Байқауға қатысу шарттарын оқу деген болмас па еді?
Оқыдым. Саған хат жазу керек екен. Ондай мәртебені өзіме қимадым.
dark_nazgul
маған жазғың келмесе, Аршатқа жаз))) базар жоқ)))
satibaldi
Ал мұндай сөз шартыңызда жазылмаған.
Егер сен банкир болғанда, анталаған салымшылардан артық есіктен қашып шығып жүрер едің.
dark_nazgul
артық кетем деп, тыртық кетіп жүрмесеңші))) шарт бәріне ортақ. кейбір уступкалар болады, бірақ белден басқан да болмайды. бұл біріншіден маған емес (мені қойшы), өзге қатысам дегендерге қатысты құрметтің жоқтығы.
сен мені емес, осы жердегі өзге қолданушыларды наққа жіберіп отырсың.
balzaminka
Адам еңбегін бағалау керек, бір кісі бастады ма, сол кісінің ережесі бар ма, бар?! Бұл не сыйлаусыздық? Жариялағыңыз келсе, былай да жарияламаймысыз
meirzhan
Ол кісіге бірнеше новелла жазу түкке де тұрмайтын шығар.
balzaminka
сонда да, адамды сыйлау керек
satibaldi
Бұл не сыйлаусыздық?
Қаззақ лексикасы жаңа сөзбен толықты. Толығырақ — Сайлау Сыздықтың апталық бағдарламасында.
Medium


Сыйлаусыздықтандырылмағандықтарыңыздан!
aak
 сөйлесер/жазысар алдында профилін қарап алатын болам
Aikona
профиль қарау аздық етер-ау
Erkekyz

Бір күні Жастар.бізде ғой деймін, бір әйел бар екен типі бал ашады деп әңгіме шыққан болатын. Ощм мынау mailдағы, ал мынау скайптағы адресі деп берді жастардағы біреу. Ну енді қызығушылық болды тура айта ма екен, өтірік айта ма екен деп. Скайппен қостым, сөйлесе бастадық. Бір жігіт бар екен артыңнан қалмай жүрген, сен оған қарамайды екенсің деп бастады. Ой мынауың қуады дегенім сол-ақ екен, «кришна бірдеме бірдеме» деп кетіп бара жатыр. Аңқау көңілім-ай дедім ғой
Zilola
Kezinde osylai tun jarymda agentte tanysyp tan atkansha ursysyp kalatynmyn. Kylymsyp otyra almaidy ekenmin, ote sirek kezdesedi achk bolgan kezderim
Myrzamnyn erinbei suretpen arleu jagynan da onerli ekeni katty kuantady
satibaldi
Сен «мырзам!» деген кезде қол-аяғым істемей қалатынын, жалпы — сендік екенімді бұрын да айтқан болатынмын.
e_zhalgas
Агентте (не басқа мессенджерлерде) танысуды, ол жақтағы таныстықты байсалдылықпен қабылдауды түсінбеймін. Сондықтан, мына әңгіменің шешімі маған әсер етпеді. Ойдан құрастырылғаны, жасанды, ал т.б. эпитеттерді жаудыруға да ерініп отырм.
Aya
сізбен толықтай келісемін…
e_zhalgas
ыңғайсыз жерден атып шыға келетінің жаман екен
Aya
«Бетті басқан, тұра қашқан»… ибайии, ыңғайсыз болардай не істеп жатқан едіңіз...
satibaldi
ол жақтағы таныстықты байсалдылықпен қабылдауды түсінбеймін.
Бала күніңде Каратэ-кино қарап отырып: «Мама, мынау өтірік: адамдар ұша алмайды ғой!» деп атып тұратын, сондай салмақты сәби болған болсаңыз керек. Жалпы, сенікі ештеңе емес: осы күні қырыққа келген кісілер де бар, киноны сондай камменттермен қарап ләззат алатын.
Zilola
салмақты сәби болған болсаңыз керек
жынД десе
VKM
капеееец
e_zhalgas
она в своем стиле, ржет до упаду…
VKM
бізде, то биш, Сатыпалды ағатай екеумізде,қазіргі кезде әңгіме тек смайликтермен. Көбіне күліватқан
konvict
Бәр нәрсе жассам ба деп ойлап едім. Мынадан кейін эпитет жоқ
TERISKEY
бұл да муахахаббат жайлы
sammita
бұл жазба өз бағасын алып қойған©
GulL
 сөз жоқ тек эмоция
ken
фотодағы қыз кім?
сол фотоны талай жерден көрдім.