Қартайтпайтын һәм жасартатын «әбілхаят суы» қашан пайда болатыны туралы

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ — Адам баласын қартайтпайтын құдірет ойлап табу — бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Өзекті жанға бір өлім барын біле тұра, ұзақ ғұмыр сүруден үмітті адамзат «мәңгілік өмір» кілтін іздеу жолында тер төгуін доғармақ емес. Барлығының іздегені де, көксегені де бір — қартайтпайтын һәм өлтірмейтін «әбілхаят суын» ойлап табу.
Бұл бағыттағы ғылыми ізденістерге Астанадағы Назарбаев университетінің «Өмір туралы ғылым» орталығы да белсенді түрде араласып келеді. Оның тұңғыш жемістері мен соңғы заманауи жетістіктері жайлы сайт тілшісіне «Өмір туралы ғылым» орталығының бас директоры, хирургия профессоры Жақсыбай Жұмаділов әңгімелеп беруге өз ықыласын білдірген болатын.

— Шынын айтыңызшы, «әбілхаят суы» сынды адамның өмір жасын мәңгілік ете алатын дәрі қашан пайда болады? Ғалымдар оны ойлап табудың сәл-ақ алдында тұр деп айта аласыз ба?
— «Әбілхаят суы» — бұл адамзаттың ежелден келе жатқан ең асқақ арманы. Өздерінің ғаламдағы ең әлсіз жаратылыс егесі екенін сезінгеннен бастап пәнидегі пенделер қартайтпайтын, өлтірмейтін күш ойлап табуға жанталасты. Оны ойлап табуға кезінде ғалымдар емес, алхимиктер тырысып көрген болатын. Ғалымдар бұған тек соңғы 10 жыл ішінде ғана шындап кірісе бастады. Қазір адамдардың «ғұмырларын» ұзартып, «өлтірмейтін су» ойлап табу зерттеулеріне қажетті ғылыми база енді-енді жасақталып жатыр. Дегенмен ғалымдар қазірдің өзінде бірқатар жетістіктерге жетті десе болады. Дегенмен бұл дәл әбілхаят суын ішкен сықылды бір қабылдағанда қартайған қарияны, тепсе темір үзетін жас жігітке айналдыра кететіндей технологиялар емес. Себебі біз білеміз, адамның ұзақ жасауы бір емес, бірнеше себептерге байланысты. Ол генетикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау, экологиялық және тағы басқа факторларға тәуелді. Мәселе адамды сауығуға, жасаруға және ұзақ өмiр сүруге мүмкiндiк туғызатын әсерлi жүйенiң жасалуы туралы болуы тиіс. Онда медициналық факторлар да және адамның генетикалық фоны да есепке алынуы керек. Дәл осындай жүйе пайда болған кезде ғана адамда ұзақ жасау үміті пайда болады. Сол кезде ғана біз өзіндік бір «әбілхаят суының» пайда болғанын айта аламыз. Біз жоспарлы түрде бұл жұмыстарға атсалысып жатырмыз. Егер қандай да бір нәтижелер болып жатса, Сіздерге міндетті түрде хабарласамыз.
— Әңгімеңізге рахмет!
www.inform.kz/kaz/article/2420564
дейді ҚазақПАРАТ. Адамның бәрі сол суды ішіп, өлмейтін болса жерге сыймас еді ғой
Бөлісу:

7 пікір

Janasil
Іске сәт!!! Ақша шаша берсін!!! Қайда кетпей жатқан ақша. Мүмкін нәтижелі болар!!!
dark_nazgul
ол мүмкін емес қой. мен естігем, кейбір шалдар жас босанған әйелдердің уызын ішіп, тың болып жүреді дегенді.
a63a1
әйелдердің уызын
тәтті болады екен) деп қуып кетейін)))
KILYZAMAN
Деградацияланудың сусыны жаңалық болып па? Шайтан болуды армандайтын заман туған ба?
satibaldi
Өзіңнің қлың жетпейтін су болғасын, өзеуреп не керегі бар, ішпиен?
KILYZAMAN
Қолыңды жеткізіп, қылғытып жүргеніңді айтудың сәтін қолданып қалғаның осы болар…
patick
Тиын сындырудың жаңа түрлері ма? :)