Screenr.com: Скринкаст жасайтын тегін онлайн бағдарлама

Интернет — дұрыс пайдалана білгенге өте-өте тиімді. Пайдаңызға жарайтын бір бағдарлама тауып алдым жақында: screenr.com Бұл — компьютердегі жұмыс үстелінде жасаған әр әрекетіңізді видео ретінде сақтайтын бағдарлама. Интернет қолданушыларының компьютерлік бағдарламалар жайлы бөліскісі келетіні болады. Шет елдерде бұл-видео арқылы тәжірибемен бөлісу әдісі-кең таралған. Біз де бұл әдісті үйреніп алып, өзіміздің білім беру контентін көрнекі, интерактивті түрде ұсынуды қолға алуымыз керек деп ойлаймын.
Сонымен, screenr.com — интернетте орналасқан, тегін видео жасайтын бағдарлама. Арнайы тіркелуіңіздің қажеті жоқ. Егер сіздің фейсбук, туиттер немесе gmail.com-де аккауынтыңыз бар болса, сонымен кіре салуыңызға болады. Ары қарай видеодан көрсеңіз болады.

Бөлісу:
  • 23
  • 1

13 пікір

asaubota
рахмет, керек инфо екен!
qisyq
Осындай бір бағдарлама жайлы ойланып қойып едім алдында, рахмет:)
madlen
Димаш, не в тақырып сұрақ қойсам бола ма? Неге осы біздің кинотеатрларда онлайн бронирование и онлайн выкуп билетов жоқ? Сондай жасауға бола ма?
2 күн бойы Сумеркиға бару үшін ертерек билет алу дегеннен шаршадық :)
qisyq
Бұл мәселені қазір бірнеше топ талқылап жатыр, менің білуімше.
Естігенім: кинотеатрлардың өздері мүдделі емес. Себебі онлайн-сатушы ресурс та пайда табуы керек, ол үшін я билеттің бағасын арзандату керек, я екі жақтың біреуі пайдасын азайтуы қажет. Ал оған ешкімнің барғысы жоқ. Қазіргі жағдайда кинотеатрларға билетті оффлайн сатқан ыңғайлы, саудалары онсыз да жүріп жатыр.
Бірақ, болашақта болады деп ойлаймын, қазір тәжірибе алу жүріп жатқан сияқты осы жүйе дамыған елдерден.
madlen
Себебі онлайн-сатушы ресурс та пайда табуы керек, ол үшін я билеттің бағасын арзандату керек, я екі жақтың біреуі пайдасын азайтуы қажет.

қымбатырақ болса да, солай ыңғайлы болушы еді.
Иноға рахмет.
qisyq
Аха, ыңғайлысы ыңғайлы ғой.
Бірақ бізде әлі күнге сервистен гөрі баға басымдыққа ие.
balzaminka
мына жақта онлайн алуға болады, бағасы бір тура сатып алғанмен. Ортақ бір порталдан алуға болады, немесе сол кинотеатрдың өз сайтынан. Даже сезонный алуға болады, ол әрине арзанырақ
19852407
«Сумеркидің» сенесіне де сығалай алмай қайттық кеше біз де. Интернеттен қарап алып, 20:40-тағы сеанска жетіп барсақ, билет жоқ. 22:40-тағы сеансқа да алдын-ала сатылып кетіпті, барған еңбегімізді-ай :(
asaubota
бүгін қолданып көрдім. өте оңай екен.
qusbegi
Байқайтыным видеокурс жасайтындар Камтасия қолданады. Жаман емес сияқты ғой.