Мақтақыз бен мысық



Осы ертегіні бала кезімде сүйіп тыңдайтынмын. Қазір балама айтайын десем ұмытып қалыппын. Интернет аман болсын, бір оқып жаттап алдым. Ұлыма ұнағаны соншалық қатарынан 3 рет айтқызды. 4-ші рет айтпадым, «болды, жат» деп массаж істеп ұйықтатып тастадым. Сіздермен бөлісейін дедім, балаларыңызға барлық заманның бұл суперхит ертегісі міндетті түрде ұнайды деп ойлаймын.

Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
– Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
– Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады.
– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
– Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
– Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
– Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
– Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық:
– Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

http://kazakhtili.wordpress.com/2010/12/28/%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0-%D2%9B%D1%8B%D0%B7-%D0%B1%D0%B5%D0%BD-%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%8B%D2%9B-maqta-girl-and-a-cat/
Сурет: Фаттах Галла
Бөлісу:

86 пікір

Nurgisa
Бартер дегенді әлімсақтан білген дана халықпыз ғой. Тауар алмасымы экономикалық категория ретінде қазақ жерінде шыққан. Ғалымдар осыны дәлелдеуге күш, уақыт, ал мемлекет ақша жұмсаса екен :)
Jacqabaies_Chirac
Суретке қарап ертекті аса бір ыждахатпен тағы оқып шығып есіме түсірдім нақмет рақ
asaubota
иә, мысықтың құйрығының кесілген жерінің таңылған жері де сәтті шыққан. суретші жануар!
Bayan_
Осы ертегіні айтып болған соң апаларымнан үнемі «сонда мысықтың құйрығын қалай жалғап берген деп?» сұрайтын едім:) «Жалғап, тігіп берген құйрығын» дейді. Қазір жиеніме айтсам, сенбейді, «Суперклеймен» желімдеген деп құтылдым:)
asaubota
мен тігіп беріпті дедім.
omarbirat
Қазақтарда хирургияның әлімсақтан-ақ жоғары деңгейде дамығандығының мысалы болса керек қой :)
Nurgisa
Мысықтың көзқарасының өзінде біраз абдыраушылық барына қарағанда…
qisyq
Мақта қызға сындым.
asaubota
қайтейін, тапқан суретімнің түрі сол :)
Zhan
қайтейін, тапқан суретімнің түрі сол :) — Если что суреттегі қызға анықтап қара, өзіңе ұқсайды :)
Nurgisa
Maqta girl and a cat :)
Jacqabaies_Chirac
Maqta girl
дұрысы коттон гирл ма сонда
Nurgisa
«Maqta kyz» не болмаса «Cotton girl» деп берілсе қалай болар еді?
asaubota
ұлыма әсіресе қыздың мысықтың құйрығын кесіп алған жері және мысықтың тышқанды ұстап алған агрессия толы жерлері ұнады картуннетворкбентенбакугандженерейшінісссс!

сосын соңында құйрығын қайтып беріпті деп аяқтаған кезімде «мысық „урра, алақай“ деп айқайлапты ма?» деп сұрайды. Балапан жақсы канал!
Nurgisa
Дұрыс, дұрыс… Сен телебизірдегі, Әмин сенің аузыңнан шыққан ертегілерге сеніңдер :)
Adiletshu
Мақта қыз бен мысық байланысты ағамның басынан өткен бір оқиғасын айтып берейін. Студент кезі. Физкультурныйда оқиды (қазіргі туризм және спорт академиясы). Сессия боп жатыр екен. Ол кезде оқытушылардың көбі қазақша қақпайтын орыстар. Соларға Гандбол сабағынан 4 қазақ (орысша сөйлей алмайтын)қазақша эмтихан тапсыратын болыпт. Емтихан тапсырардын алдында бір қазақ оқытушыдан не айтамыз деп сұрамайма. Ол: «Бұлар қазақ дым түсінбейді, ертегі айтсаңдар да тоқтамай, арасына гандболдың терминдерін қосып айтып шығындар»-депті. Мені ағам Мақтағыз бен мысықты айтып беріп, «4» алып кетіпті. Тағы біреусі Алтын сақаны айтқан
omarbirat
Осыған ұқсас жағдай бізде де болып еді. Физик мұғалім — түрік. Орысша онша жақсы біле бермейді. Сабақ үстінде жыбырлап отырған бір балаға тоңазытқыштың құрылысын орысша айтып бер деді. Анауың тақтаға шығып (тойыс алдында тұрып) алып:
Однажды, в студеную зимнюю пору,
Я из лесу вышел; был сильный мороз.
деп өлең оқып шығып еді :)))
qisyq
Досымның әкесі айтқан әңгіме:
«Бізге физикадан бір мұғалім сабақ берді. Ойға берілгіш, қиялилау адам-тұғын (ескерту: досымның ата жұрты Қызылордадан). Бір күні үй тапсырмасын айтуға дайындалмай келген баланы тақтаға шығарды. Өзі ашық тұрған терезеге қарап, көз алмай отыр. Ана бала қипақтап, аяқ киімінің ұшымен жер шұқылап, төмен қарап „ағай… не… оқымап едім… кеше… сиыр қайтпай өрістен… соны іздеп… әжем қрсып… ана сиыр да… әрең таптым… үйге келсем қараңғы… шаршап… ұйықтап қалыппын...“ деген сарында біраз әңгіме айтыпты. Сәлден кейін оқушы үндемей қалады. Физик үнсіз терезеге қарап әлі отыр. Бір уақытта „Болдың ба?“ дейді. Анау „Ия“ дейді. „Отыр, төрт“ деген екен сонда мұғалім...»
sammita
:)))))
"әжем ауырып қалды" деп сылтау айтып сабаққа келмей қалатындар болады:) соған қатысын еш ұға алмаймын да)
patick
Бұл жерде де бюрократия :*)
Nurgisa
Ертегідегі су бермей қойған қыздарды айтам да. «Сағыз әкеліп бер» деп тәлпіштеніп… «Адамның» қиналып жатқанымен жұмысы жоқ. Сиырдың «адамгершілігі» ұнады: жапырақ әкел, қатығыңды берем деп тұр. Ағаштыкінде де гуманизмнің үлгілі көрінісіне куә боламыз…
Zhan
Ертек демекші, бірде группаласым маған бір ертек кітапты көрсетті. Кітаптың дизайнында, суретінде, әдемілігінде әңгіме жоқ. Бірақ ішіндегі мазмұнына келгенде ана ертектерді кішкене бала тұрмақ менің өзім әрең түсіндім. Өте күрделі, баланың санасына ауыр ертектер. Сосын бірде бір ертегі есіңде қалмайды. Балаға айтып беру үшін әлгі ертекті бала тұрмақ өзің бір қайталап оқып шығуың тиіс. Кітаптың атын ұмытып тұрғаным… Есіме түссе осында қайтадан жазам.
Nurgisa
Керек емес кітап екен :) Іздеп әуре болмай-ақ қоярсың, бәлкім? :)
Zhan
Не ғой, фактімен сөйлейін дегенім ғой. А так жаңағы кітап шынымен керек емес кітап екені рас ))))
Bayan_
Қазір есіме түсіп отыр, ең соңғы оқыған ертегілер кітабым «Тоғыз құйрықты ақ түлкі» екен. Қателеспесем, аты солай секілді.
Zere
Шығыс халықтарының ертегісі болар. Оларда сондай ертегі бар, тоғыз құйрықты түлкі туралы. Әдетте өте қу келеді ))
Altygradus
Тоғыз құйрықты тұлкі НАРУТО ғой:)))
Zere
«Nine tale fox» деген дорама да бар еді ))
patick
Негізі, ескі ертегілерді комикс түрінде безендіріп, қайта басып шығарса — балалардың қабылдауына жеңілірек болар еді
Delhi
Қазіргі ертегілер қызық және қорқынышты екен. Бірде балабақшаға барып жүрген сіңлім "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісін былай айтып отыр. Қасқыр келіп лақтарды жеп кеткен соң мамасы барып қасқырды тауып алатын жерін «Ешкі пышықпен барып қасқырдың ішін кесіп жібереді, сосын ішінен лақтары атып шығады да, қасқыр өліп қалады» деп. Апайлары солай айтыпты ертегіні, ужсқо мынауы.
Erkekyz
Ия, Дельфи, қазіргі балар сондай қорқынышты ертегілерді жақсы көреді. Маған да ертегі айтып бер десе, енді бір осындай «мақта қыз», «Ер Төстік» сияқты ертегіні айтып жатсам, арасынан бөліп жіберіп: Кунг-фу Панда келіп қала ма? Киааа деп төбелесе ма? Спайдерман ұра ма? Басын кесе ма? Ата ма? Басы қанай ма? осындай сөздермен бөліп жіберді, ужс.
sammita
бұндай қызықты ертегілер есімде әлі күнге дейін.
«Аю біздің апамыз, апамызға кім тисін, қасқыр біздің ағамыз, ағамызға кім тисін...» деген ертегі кімнің есінде?
«Кеше иттің күшігін жеп едім, сол өсіп шығайын деп жатыр» дегенде түлкі (әлде басқа) алды артына қарамай қаша жөнеліпті":)
Nurgisa
Сіздің ертегі әлеміңіз қызықты екен :) Мен естімеппін мына нұсқаларды.
sammita
3 класс ана тілінде бар еді ғо.
«Аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті?» ("Үш дос"), «Жақсылық пен Жамандық» т.б. тағы бар.
balzaminka
«Апайтайым, анашым» деген өлең есіңде ме? Есіңде болса жазасың ба? Сондай-ақ, «Аппақ қар»? :)
AKY
Апатайым, анашым,
Ақылы мол данасың,
Қамқорысың сәбидің,
Гүлі де сен әр үйдің…
balzaminka
мұндай қысқа емес еді, сосын «данашым» сияқты еді ғо
AKY
Куплетін мұтып отырм(( Данасың.
sammita
Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың,
Апатай өзің менің- асқақ әнім.
Өсірдің әлдиледің, аяладың,
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.

Қ-сы:
Апатайым-анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің,
Гүлі де сен әр үйдің.

Ойладың бүлдіршіндей бала қамын,
Сипады маңдайымнан алақаның.
Сөзіңді екі етпейді қадірлейді,
Қарайды қабағыңа балапаның.
sammita
айтпақшы Аппақ қарды алдыңғы бір поста жазғам:)
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан,
О, алақай, Аяз атай
Келе жатыр алыстан.

Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жана жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын Жаңа жыл!
patick
зоопаркта оқыдың ба бастауышты?
sammita
өтпеді. Бастауышта ертегі не туралы болушы еді?
patick
жануарлар, адамдар да болатын еді кейіпкерлер қатарында…
sammita
жаздым гой "Үш дос", «Жақсылық пен Жамандық». Аңдар туралы болады көбіне.
AKY
Мен білем бұл ертегілерді
«Аю біздің апамыз, апамызға кім тисін, қасқыр біздің ағамыз, ағамызға кім тисін.
"Қасқыр біздің — Қабан би, Қабан биге кім тисін? Түлкі біздің Түмен би, Түмен биге кім тисін? Қоян біздің қойымыз, қойымызды сойыңыз" дейді барлық аңдар бірігіп қоянды жеп алыпты…
asaubota
иә, иә осы ертегі ғой. осыларды еске түсіріп осы қауымдастыққа жазыңдаршы. ертең өздеріңе де керек болады бір күні :)
sammita
ауылдан аю қашып келе жатып, тесіктен өте бере бөксесі сыймай қалады, қуып жеткен аңшылар соғып алыпты:)
qisyq
Соғудың алдында жасаған іс-әрекеттері аңшылардың ориентациясына байланыст ма деймін.
sammita
албасты бассын сені:)))))))))))
Zhan
Ужс… (Қисықтың өз стилімен айтқанда :)
Abilakim
Итің күшігі жайлы есіме түсті. Аюдың кептеліп қалатын жері бар ма еді?
Bayan_
"Қызыл телпек", «Маша мен аю» дегендер есімде қалыпты. «Жеті лақты» "Әліппеден" оқып алып, артынша көрініс ғып қойғанбыз.
asaubota
қызыл телпекті күшті қылып жазып беріңдерші осында, Алла разы болып көп балалы болғырлар!
Bayan_
Баяғыда бір кішкентай сүйкімді қыз болыпты. Ол анасы мен әжесінің еркесі екен. Әжесі оған қызыл телпек сыйлапты. Қайда барса да, сол телпекті басынан тастамайды екен. Бір күні анасы бауырсақ (пирожок)пісіріп, Қызыл телпекке " Әжеңе бауырсақ апарып бер! ", дейді.
Әрі қарай жалғастыратындар бар ма?:)
asaubota
уақыт болса орысшасын оқып алып, мында әдемілеп тұрып аударып жазып қойсаң қаншама баланың және әкенің сауабына қалар едің, Баян-ау!
Bayan_
Баяғыда бір кішкентай сүйкімді қыз болыпты. Ол анасы мен әжесінің еркесі екен. Әжесі оған қызыл телпек сыйлапты. Қайда барса да, сол телпекті басынан тастамайды екен. Бір күні анасы бауырсақ (пирожок)пісіріп, Қызыл телпекке " Әжеңе бауырсақ апарып бер! ", дейді.
Қызыл телпек жолға жиналыпты.
Орманда келе жатса, алдынан қасыр шығады.
— Қайда барасың, қызыл телпек?- дейді қасқыр.
— Әжеме. Оған бауырсақ пен май алып барамын.
-Әжеңнің үйі қай жерде?- деп сұрайды қасқыр.
— Диірменнің ар жағындағы ауылда, шетінен санағанда біріншісі-әжемнің үйі.
-Жарайды, мен де әжеңнің жағдайын білгім келеді. Мен — мына, ал сен ана жолмен бар. Әжеңе кім тезірек жетер екен, байқайық, — дейді де қасқыр, ең жақын жолға түсіп алып, қызыл телпектің әжесінің ауылына қарай жүгіреді.
Қызыл телпек болса, асықпай, жолда әжесіне гүл тереді. Диірменге жақындап қалған кезде, қасқыр бірінші болып әжесіне жетеді. Қызыл телпектің әжесінің үйінің есігін қағады: Тук-тук!
— Кім бұл?-дейді әже.
— Мен ғой, немереңіз қызыл телпек. Сізге қонаққа келдім, дорбамда бауырсақ пен май бар.
Науқастанып жатқан әжей қасқырдың сөзіне сеніп қалады.
— Ілмешекті тартсақ, есік ашылады! — дейді қасқырға.
Үш күннен бері нәр татпаған қасқыр өте аш еді. Үйге кірген ол әжейді жұтып қояды. Сонан соң, қызыл телпектің келуін күтеді.
Есікті қаққан дыбыс естіледі.
-Кім бұл?- дейді қасқыр. Даусы қырылдап, дөрекі естіледі.
Қорқып кеткен қызыл телпек әжесі салқын тиіп ауырып жатқандықтан, даусы қарлығып қалған болар деп ойлайды.
— Бұл мен ғой, немереңіз. Сізге бауырсақ пен май әкелдім, — дейді қызыл телпек.
Даусын сәл-пәл жіңішкертіп, Қасқыр былай дейді:
— Қызым, ілмешекті тарт, сол кезде есік ашылады.
Қызыл телпек үйге кіреді. Қасқыр болса, әжесінің төсегіне тығылып үлгереді.
— Қызым, бауырсақты үстелдің үстіне, ал майды сөреге қойып, өзің жаныма кел!- дейді.
Қасқырға жақындап:
— Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?
— Сені құшақтау үшін, балам.
— Құлағыңыз неге үлкен?
— Сенің сөздеріңді есту үшін, қызым.
— Әже, көздеріңіз неге үлкен?
— Сені анық көру үшін, балам.
— Ал, тістеріңіз неге үлкен?
— Тезірек сені жеп қою үшін, қызым!- деп, қызыл телпекті ұстап алып, жұтып жібереді.
Осы кезде үйдің жанынан отын шабуға бара жатқан жұмысшылар өтіп бара жатады. Үйден шыққан абыр-дабырды естіп, көмекке ұмтылады. Қасқырды өлтіріп, ішін жарады. Қасқырдың қарнынан қызыл телпек пен әжесі аман-есен шығады.
asaubota
бөлек пост қылып жаз :)
nurjanbay
осы ертектегі "үш күн нәр татпаған аш қасқыр" қызыл телпекті әжесіне бармай тұрып жеп қоймағанына түсінбедім.
satibaldi
@nurjanbay, сен әлемдегі барлық нәрсені осылай жүрегіңе жақын қабылдайсың ба?
nurjanbay
ақылым жетпей отырған соң сұрадым. жүрегіме жақын қабылдайтыным рас. оны қайдан білдің? сенің адам екеніңе күмәнданып отырмын.
satibaldi
Қазіргі Ібілісің де адам қағып кетер деп, аулақ жүретін заман. Соншама өзінше болуын, исматулласстың!!!
araika
Қазір "Қазақ ертегілері" деген кітаптар көп-ақ, алайда ішіндегі ертегілерді қанша оқығаныңмен есіңде қала бермейді.
Ал «Мақта қыз бен мысық» және «Бауырсақ»-тар керемет. Өзім екіншісін айтып беремін сұрағандарға :)
ken
шешініп тастапты. мысықтың зәресі ұшып тұр.
KILYZAMAN
Тәрбиелік мәні тым тереңде жатқан ертегі…
satibaldi
Иә, пешті өзің құрастырып әлекке қалғанша, дайынын ала сал дейді бұ ертегінің базынасы…
Esmeralda
1-сыныптың "Әліппесінде" бар ғой, балаңыз мектепке барғанда осы ертегіні біліп тұратын болад)
dark_nazgul
Өзің маған мият күн,
Сен деп таңым жиі атты,
ақ мамамның айқайы,
айналайын сияқты.
Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейрімі сезілген,
бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңне,
Жақын жан жоқ өзіңнен.
balzaminka, осы емес пе?
satibaldi
Дәл өзі, сверхточно!!! Егер сен зымыран болғанда, BGM-109A Tomahawk болар едің.
dark_nazgul
тормыз-томагавкпын мен. Асықпай, арбамен қоян алып жүрміз. )))
balzaminka
Сәтекесі, мен Сізді Сәтеке екен деп жүрсем, Бальзаминка екенсіз ғо :)
Esmeralda
мен бұл өлеңді айтқам жоқ) "Әліппеде" «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бар
balzaminka
Нәке, рахмет!!!

Бірақ бұл емес еді. Саммита ханым жазып кеткен екен жоғарыда ол өлеңді :)
sammita
«Түлкі, аю және қойшы» ертегісі. Оны Алтыградус білетін шығар көрініс қойдық деген.

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіреді. Аю да тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай қалады. Ал, түлкі болса, басқа бір тесігінен жылт етіп шығып, айналып, есікке жақындайды. Есіктен не әрі, не бері шыға алмай ілініп жатқан аюды түлкі әжуалап, күліп кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең дегенде қайта шығып, жан-жағына қарайды. Болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді…
Altygradus
мяя Сэмми памятың мықты екен:))
мен мұтқаппын бұл ертегіні.Әйтеуір түлкі қойшыға көмектесіп ақысына бүйрегін бер дейтіні ғана есімде қапты:)))
qisyq
Түлкінің ориентациясы қандай екен деген ой келіп тұр.
sammita
Шалқан ертегісі.
Бағзы заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды...(естеріңе түсірдім:)
sammita
Тырнага тарелымен суп берген сиякты
деген Aigolek-тің пікірі еске түсірді. Осындай бір ертегі болып еді ғой, Түлкі мен тырна туралы. Толығырақ кім біледі?
Daniar-Alan
мақта қыз нандай болса
b-asan
Қасқыр мен Кұшік деген де ертек бар. «көзім қайтіп тұр, құлағым қәйтіп тұр, құйрығым қайтіп тұр» деген сөздері бар
Abilakim
ия, сосын күшік жанына мысықты ертіп алады))
b-asan
кездесуге шығар алдындағы қыз:
— шашым қандай боп тұр?
— көзім қандай боп тұр?
— кофтам қандай боп тұр?
— туфли қандай боп тұр, өзім қандай боп тұрм? т.б.,