Бала махаббат...

Екеуі колледжден бүгін де бірге қайтты.Әдеттегідей алдымен қалалық саябақтың адам аз жүретін жолдарымен қол ұстасып келеді. әлденені айтысып күлісті. содан кейін тұра қалып көзбен өбісіп, еріндері еріндеріне тие бергенде сарғайған күзгі жапырақтың бірі үзіліп түсіп екеуінің еріндерінің ортасында қалды…
Оянып кетті.Бұның бәрі бала жігіттің түсі еді. Иә, бұл оған ғашық.Ол қызды ұнатпайтын жігіт кемде-кем.Бірақ, ешбірі дәл бұл тәрізді сүйе алмас.Дәл түсіндегідей қол ұстасып жүргісі келеді,қосыла күлгісі келеді, бірақ, жеме-жемге келгенде қызға батып сөз айта алмай қалады.Қыздың қай аялдамадан түсетінін де біледі. Алдынан гүл алып шығып тосып алмақ та болған.Гүлді алды да, тосып та алды.Бірақ көзімен ғана тосып алды.Көзімен шығарып салған соң гүлді қоқыс жәшігіне лақтырып жіберді. Өзінің дәрменсіздігіне ызаланып қоқыс жәшігін аяғы ауырғанша тепті. Тағы бірде қолына екі балмұздақ алып алдынан шықты.Қыздың үнемі қандай балмұздақ жейтінін де біліп алған еді.Бұл жолы да ішкі сезімін жеткізе алмады.
Ендігі күйі мынау.Күнде бір түсті көретін болыпты.Қыздың нөміріне смс жазып сезімін білдіруге жігіттік намысы жібермейді.Жоқ, қалайда бүгін өз сезімін білдіру керек.Білдіре алмаса ше? Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
Бөлісу:

22 пікір

e_zhalgas
соңғы сөйлемің өлтірді :*)
Abilakim
бала өліп қалды ма?
AKY
e_zhalgas-ы бар ма?
Abilakim
әркім өз қалауынша жалғастыра алады.Өз ойында. Менің ойымда жігіт тірі қалады.
a63a1
Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
орнынан апыл-ғұпыл тұрып, шалбарын іле салып арқанды күрмеп, қорада тұрған қара тайыншаның басына ноқта жасай бастады
just19
Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…

Арқанды мойнына салғысы кеп кетті. Керемет қой. Ілініп тұрсам, кілең нақтар қадірімді түсінер. Езілген жаным мен жылаған жүрегімді қатайтады. Ал менің жаным рахатқа батып, осылардың назары маған ауғанын қалап тұруым міне орындалды. Әсіресе анау қыз мені қимастықпен көзіне жас алып тұр. Сол керек саған… Тап осы жерден тағы бір ой сап ете қалды: жоқтайтындар жоқтап, жамағат жиналып болатын іс болған соң, өмірден кеткен амиго ұмыт болды. Ешкім де еске алмайды, еске алса да, қағылған-соғылғандардың аузындағы лағнетке айналған пыразылардың арасында, бәленшенің баласы бүйтіп өліпті деген көне сөз тіркесіне айналған. Е, өмір?! Менің әлсіздігім саған мазақ па? Өмірге әңгіме айтатындай мен кіммін өзі? Өмір кім? Жо жоқ, өмірге кім дейтіндей ол адам емес қой? О, Йоханнесбург! Қорқым кеттім. Жүрегім дүрс дүрс, тез тез соғып кетті. Енді, адамға болған жәйт түсініксіз болғанда басына неше түрлі ойлар кеп, шошып кететіні бар емес пе? Ана қыздың дәл жанына таяғанда, әрі қарай не болатыны бұлыңғырланып жүрегім аузыма тығылатын, адамдар өздерінше қатайып қалғанда кіретін тесік таппай қалатынмын. Неге? Негесі нес, қатайған адамнан не күтуге боларын кім біліпті? Балалықтан қалған поняткі ғой. Мұғалім немесе үлкендер қатайып қалғанда, болмашыға бола ұрысқанда әрі қарай өз қалауыммен істегім келгенді істей алмай сіресіп қалатыным бар емес пе? Ия, ия. Сол жағдай мына қыздың алдында да орын алды. Жоқ, амиго! Қарасай сен… :) «Тығырықтан» шығарға тесік таппай қалғандағы түріңді көрсем, аяп кетемін. Дос ретінде немесе бауырым ретінде. Ал сен анау қыздың қорғаны болмақ ниетпен барып сондай күйде қалғанда, сірә ол қыз сені аяғаннан немесе саған қапаланғаннан немесе көңіліне жақпай қалғандығыңнан наққа жіберер, ә?! Жә, жә… Қатты айтсам кешір. Қатты айтқанда не тұр, сен өз өзіңе айтып жатсың ғой. Өз өзіңді қанша жерден алып жерге салсаң да ренжімейсің, тіпті өз өзіңді кейде әлесдегі ең бақытсыз адамдардың қатарына қосып қоясың. Сосын сөйтіп жүре бересің. Сырттан біреу сәл епсіз сөйлеп қалды ма, кішкентай нең бетіңе шапшып шыға келесің. Әсіресе жақын адамың сөйтіп тұрса, онымен ұрсысып шыға келу сондай оңайдан оңай нәрсе. Йоханнесбурге қайта оралайық, сөзден сөз шығад деген осы екен-ау. Мұрттыбаймайд, бұл қыздың алдында «мал» боп қалдым. Енді сол қызға тағы барып тұруға, іші толған тұтін көкірек жіберер емес. Ең дұрысы, жігіт көзі түспейтін қарапайым онша әдемі емес қыздармен тренировкі жасап алайын. Ох лібад, арқанды туалетке тастау керек. (Қай бір өңірде, үлкен дәретті арқан тастау диткен)
Nurgisa
Жасың шынымен 19-да ма? :) Жастарымызды жазғыра беруіміз дұрыс емес, ендеше. Бар ғой, бар :)
Aikona
аяқтасай :). НЕГЕ арқанға? суицидке бастайды…
Abilakim
аяқтамайм
VKM
Жоқ, ол арқанды алады да, качели жасайды. Жаңағы қызға
Abilakim
дұрысы сол,әркім өзінше аяқтауы керек қой
KILYZAMAN
8 жасымдағы сезімім нағыз Махббат: Сол Махббаттың шуағына шомылудамын...(Қисаймаңдаршы...)
KILYZAMAN
Махаббат(қате кетті :-()
Nurgisa
Аршат, 29-шы мәрте зар илейік…
Armanjan

… Гүлді де, балмұздақты да бере алмағаны былай тұрсын, кеше оны басқа жігітпен (шындығында ол бейтаныс жігіт қыздың туысқаны еді) көргені қайғысына қайғы жамай түсті. Қызға барып бар шындықты жайып салып, бетінің қайтып қалатынын көз алдына елестетсе, өзін қоярға жер таппай кетеді...


...Қаншама жігіт сөз салса да, оларға іш тартпай келгенінің өз себебі бар еді. Тек оның «мен сені сүйем» деген сөзін күтіп жүргені, әйтпесе қыз басымен жігітке барып осы сөзді айтуға қанша талпынса да батылы жетпеген. Алайда, күте-күте төзімі біткен қыз жігітке барып сезімін бірінші болып сездіруге шешім қабылдады… Есікті жігіттің інісі ашты. «Ағам гараж жақта жүр» — деді басын қылтитып. Гараж есігінің тұтқасына қолын созғанда іші алай-дүлей боп кетті. Ашты-ау ақыры...


...Қыз есін ауруханада жинады. Жинады деген тек сөз жүзінде ғана, әйтпесе ананы-мынаны айтып сандырақтай береді.

bizbike
мыжғылап, езіглей береді екен
Armanjan
Abilakim
әркім өз қалауынша жалғастыра алады
— деватыр екен, сіз де өз қалауыңызша мыжғылап жіберсеңізші бір.
danakyz
менде біраз мыжғыладым миыммен… «нем кетеді»нің керімен байғұс баланы нақақтан нақақ өлтіре салдым, кешірерсіз.