Көрер қызық көбеюде...
Кеше дейм да, әдеттегідей «Жұлдыздар фабрикасын» көріп бітіріп, өзге каналдарда не болып жатыр екен деп, ақтрып отырсам, "Қазақстанда" кастинг сияқты бірдеме болып жатыр. Ух тыы дедім. (негізі өзімнің осындай ән жарыстар, конкурс, фестиваль десе бір иығым бұрып тұратын.) Қызық көрінді. Төрге Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, сосын бір түрікті (Бурак Кут екенін кейін білдім) отырғызып қойып, әнші болам дегендерден сынақ алдырып жатыр екен. Бір уақытта конкурсанттар сыртқа беттегенде олардан қзақша-түрікше сұхбат алып жатыр екен, бұл не деп қоям. Соңына дейін көрдім сосын. Алайда толық не екенін онша түсіне алмадым. Содан қазір жұмысқа келе салып, бұл нендей жоба болды екен деп іздеп көріп ем, біраз мәлімет алдым.
Сөйтсем, түріктердің «TRT AVAZ» каналы бауырлас — Түркия,Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикаларынан «Евразия жұлдызын» іздеп, жаһанға жар салыпты Қазақстандағы кастинг 17-18 қазанда "Қазақстан" қонақ үйінде өтіпті. Солардың арасынан «кіші финал» 30 қазан күні тікелей эфирде (22-50де) көрсетілетін болыпты. Бұл жобаның жүгін бізде ұлттық арна көтерген көрінеді. Жоба күнделіктерін әр күн сайын кешкісін көрсетіледі екен…
ПыСы: Мұны аталмыш арнаға жарнама деп қабылдамағайсыздар, тек маған қызық көрінді, сосын өзгелерге де айтқым келді

қысқы демалыс кезінде түркітілдес елдердің командаларымен бір турнир өткізуге болар еді. мысалы әр елдің чемпиондары қатысса. Қазақ, түрік, қырғыз, түркімен, әзірбайжан, татар, өзбек және қабылдаушы жақ тағы бір команда қосса қызық турнир болар еді.
TURKSOY-ға жазсаң болады шынында, жақсы қолдау көрсетеді бұл сияқты жобаларға.
ал андай студенттер арасындағы турнирлер бұрын да көп болатын, ол қызық емес.
Б. Тілеухановтың "қазақ елім" бе еді сол әнді айтты. Жігіттердің барлығы жанды дауыста, оркестрдің сүйемелдеуімен орындады әндерін. Солтүстік Кипр Түркия Республикасының жігіті тек музыкамен, елдерінің басшысының қазасына байланысты үнсіз тұрып өткізді. Опщым қырғыздық жігіт жұлдыз атанды, ұйымдастырушыларды 30 000 долларына ие болды. Жалпы жақсы жоба екен. Барлығы әділетті болған сияқты.
Бұл әнді Ильяз бен Қайрат Нұртас мектепте оқып жүргенде Гауһар Қаспақова орындаған
Ал Ильяздың төл әні «Жамгыр»
Авторы Ильяз емес