Ақ ханша


Кітап туралы мағлұмат:

Авторы: МАРИЯ ДЮРИЧКОВА
              Орыс тілінен аударған Кәдірбек Сегізбаев
Аты: Ақ ханша
Жанры: Чех ертегісі
Жылы: 1982
Баспасы: Братислава, «Младе лета»
Көлемі: 16.0 Мб

Көшіріп алу

Кітап сипаттамасы
Бұл кітапқа Чехословакияның белгілі балалар жазушысы, ертегіші Мария Дюричкованың таңдаулы ертегілері топталған.

Бөлісу:

23 пікір

nurjanbay
кеше "Қозы Көрпеш — Баян Сұлуды" әкеліп сканерлеп едім. сөйтсем кітаптың 3-4 беті жоқ екен. беттерін толықтырып барып салармын. ал бүгін балаларыңа чех ертегісін оқып беріңдер.
madlen
Ух тыыыыш!!! Рахмет, өзіме оқып беремін
satibaldi
1982 жылғы кітаптардың жоқтаушысы жоқ деп, мәз боп жүрген шығарсың нақ! @Zako мен Ламашәріп жоқ саған!!!
nurjanbay
кітап шірігенше мен шіриін.
qisyq
Осындай сөздер айтып қазақ афоризмдер тарихының алтын қорына еніп алмақсың ғой ақырындап, ә, қу десе?
Aramza
:*)
Aramza
Сымайылдыңда дәуірі біткен екен
nurjanbay
«1982 жылғы кітаптардың жоқтаушылары» сілтемелерді өшірткізіп тастамай тұрғанда мен салған кітаптарды көшіріп алыңдар.
Gastarbaiter
Аудармалар қауымдастығын ашсақ қалай?
Сонда кез-келген керек мәліметтерді қазақшаға аударсақ.
Газеттер аштан қалмасын
nurjanbay
қауымдастық аш та, аудара бер.
Gastarbaiter
Сен рұқсат бересің бе
nurjanbay
рұқсат.
Gastarbaiter
Ақша ше?
nurjanbay
бос сөз жазуға ерінбейді екенсің. жаза бер.
Gastarbaiter
Сен бос сөз жазып отырсың, мен саған іс ұсынып отырмын пәтуалы. Балағыма жабысуды ешкім саған міндеттемейді.
nurjanbay
бұл жер ертегі қауымдастығы. соның Ақ ханша деген посты. ал сен келіп «Аудармалар қауымдастығын ашсақ қалай?
Сонда кез-келген керек мәліметтерді қазақшаға аударсақ.
Газеттер аштан қалмасын» дейсің. маған іс ұсынсаң жекеге жаз. аудару ісі туралы мәселе көтерсең жеке пост ашып жаз. мен сол себепті саған "қауымдастық аш та аудара бер" дедім. «Сен рұқсат бересің бе» деп сөз көбейтіп жібердің.
Nurgisa
Мәәә, Асқар, өшіріпті ғой сені Нұржан…
Gastarbaiter
Кінәлі болған соң көтімді қысып отырмын:)
Ертегілер қауымдастығы екенін көрмеппін.
nurjanbay
студент кезімде ғылым академиясының зданиясында (осылай аталған сияқты есімде жоқ) аударма жасау мәселесі туралы конференция ма бірдеме өтті. студенттер, профессорлар қатысты. әр қайсысы әр саланың мамандары. бәрі өз пікірін айтып жатыр. «аударма ісі дамымай жатыр», «терминдер қалыптасқан жоқ» деген сияқты. бір эканомиканың профессоры сол жерде өзінің аударған кітабын жарнамалап кетті. «мен бұл кітапты аудару үшін кітап авторына 4000 доллар төлеп рұқсатын алдым. бұл кітап Қазақстанда жоқ» деп көп сөздер айтты. қасымда отырған қытайдан келген қазақ жігіттің маған айтқаны: "қытайда қытайлар ешкімнің рұқсатынсыз кітаптарды да, программаларды да қытайшаға аударып шығарып жатыр. авторский праваға ешкімнің басы ауырмайды. ешкім неге рұқсатсыз аударасың деп тиісіп жатқан жоқ. 4000 доллар төлеп аударған кітабы кімге керек." деп.
asaubota
осы кітап та есімде, рахмет Нұржан! нағыз керек инфо бастаған қауымдастығың.
ken
Осы кітап менде де болған. Ішінде суреттері көп болатын.