Аватар: Аанг туралы аңыз.
Аватар: Аанг туралы аңыз.
Бұл мультсериалды ініммен бірге мультарнаны қарап отырып, көріп қалдым. Көргенім сол-ақ екен, бул мультфильм мені өзіне баурап алды. Бір күні 2х2 арнасыннан үш күн қатарынан «Аватар»ды береді дегеннен (жақсы мультфильмдер беретін екен деп қалмаңыздар) тірліктің бәрін ысырып, жайғасып үш күн бойы осы мультфильмді қарап шықтым. Алған әсерімді жеткізе алсамшы. Керемет! Негізі былай қарасаң аниме жанрында сияқты, ал мульт Америкада жасалған. Сол үшін аниме деп атай алмай отырмын. Әлде жасап шығарылғаны маңызды емес пе?
Бұл мультсериал кішкентай көрермендерге ғана емес, сонымен қатар үлкендерге де арналған десе болады. Ішінде достық, махаббат, сатқындық, зұлымдық бәрі бәрі бар. Ерекше трюктарғс, орынды әзілдерге, ашық түсте боялған пейзаждарға, ұмытылмас кейіпкерлерге толы мультик.
Сонымен, мультфильмнің басты кейіпкерлері Аанг, Катара, Сокка, Тоф және ханзада Зуко. Одан бөлек Зуконың ақылды көкесі Айро, ана мейірімінен ада болған, жауыз қарындасы Азула, зұлым әкесі От еліңнің Лорды Азая, төбелескіш Гейшалар атай берсең көп және бәрі ерекше. Бейне бәрі шынайы сияқты.
Аанг-ауа әлемінің ең соңғы кұдіретті ұрпағы. Тек қана сол төрт стихияның басын біріктіріп, әлемге бейбітшілік орната алады.
Катара — аса мейірімді кейіпкер. Барлығына ана ретінде қарап, қамқор болады. Бұл да су тайпасының жалғыз магы. Мейірімділігі сонша, өз анасын өлтірген кісіні өлтірмек болып, жүрегі жылып, өлтірмей қояды.
Сокка-Катараның ағасы. Ақылды бала, үнемі әзілдеп жүргені. Керемет ақылымен От елінің кемелеріне тойтарыс беріп, жеңіс жолында жақсы қызмет етеді.
Тоф — жер магы. Көзінің соқырлығына қарамастан, батыл, өз-өзін қорғауға шамасы жететін қыз. Сыртқы көзге өрескел көрінгенімен, жаны таза әрі сезімтал қыз.
Ханзада Зуко — зұлымдық пен жақсылықтың арасында өз жолын таба алмай, адасқан бейбақ. Әкесі өз елінен қуып шығып, анасынан ерте айырылады. Мульт кейіпкер болса да, осындай жігіт болса ғой менде шіркін деп те қойдым.) Сондай тартымды кейіпкер, зұлымдық жасап жатса да, жаның бір түрлі ашиды. Менің ойымша мульфильм осы Зукомен де қызық болған сияқты.
10дық шакаламен семіз 10! Мен үшін «Аватар» №1 мультфильм! Жалпы, көруге, балаларыңызға да көрсетуге кеңес беремін. Шайқас бар, бірақ қантөгіс жоқ.
Мұны мен алдыңғы жылы көрдім, ол кезде эмоция тіптен басқа еді, яғни қазіргіден күштірек. Жазуға түрткі болған себеп, кеше 31-арнадан осы оқиға желісінен «Повелитель стихий» деген киноны көріп қалдым. Бұл киноның шыққанына біраз уақыт болып қалды. Алғаш фильм шыққанда интернеттен рецензияларын оқып, көрмейтін болып шешкенмін. Кеше көрсетіп жатқан соң, арманда қалмасын деп көрдім. Соңына дейін шыдай алмадым, осыншама құсық фильм жаратқан Найт Шльямалан қатал жазаланса екен, ох қатал жазаланса ©. Актерлік шеберліктері де, спецэффектілері де, бәрі бәрі жүректі айнытады. Хроники Нарнии сияқты болатын шығар деп үміттенген едім… Қайран $150 000 000..((

7 пікір