Берекесі қашқан kk.wordpress.com


Қазақ блогосферасы wordpress блогтұғырында кең етек жайғаны бәрімізге аян. Қазақша блогтарды топтастыру мақсатында арнайы kk.wordpress.com жүйесі де қалыптасқан еді. Алайда соңғы кездері бұл блогтұғырдың бір ашылып, бір жабылып берекесі қашқан сияқты.

Осы жазда діни-экстремизмге байланысты ашылған бір блогтардың кесірінен мемлекет тарапынан бүткіл kk.wordpress.com жүйесі жабылған еді. Кейін тек сол қауіпті блогтарды ғана жауып, қалған қазақ блогтары қайта қалпына келген сияқты болған.

Ал қазір Мегалайн пайдаланушыларына kk.wordpress.com жүйесі мүлде ашылмай, қазақша блогтар бір ашылып, бір ашылмай әбден мезі етті.

Проблема wordpress.com блогтұғырының өзінен бе, әлде провайдерден бе, белгісіз. Алайда көптеген қазақ азаматтары блогтардағы ақпараттарды пайдалана алмай дал болуда. Блог жүргізушілер болса өз блогтарын басқара алмай ыңғайсыздануда.

2007 жылдан бері қазақ тілінде 500-ден аса блог тіркелген. Оларға салынған мәліметтер санын есептей беріңіздер...
Бөлісу:

7 пікір

asaubota
ашылады, бірақ ұзақ күту керек. ал анонимайзер арқылы тез ашылады. бұрынғыдай алғашқы беттегі колонкаға ештеңе шықпайтын болған.
urimtal
сол себептен де блогшылар бір жиналуы керек деген ой бар. Блогқұрылтайды блогшылардың саяси көзқарасын танытатын (қайткен күнде де бір көзқарас бар деп ойлаймын) алаңға айналдыруға болады деп ойлайсыңдар ма?
Abilakim
Астанада жиын өткіземіз десеңдер баруға болады. Алдын-ала бір күнді белгілеп 5-6 адам емес әжептеуір адам алдын-ала бір жиналып алсақ
bekkerey
Мынау дұрыс пікір. Жиналып тұрсақ. Жұртқа бар екенімізді бір қауым екенімізді таныта берсек блог тұғырларын сұрамай жаба салу секілді жаман әдет тыйылар мүмкін. Санасар бізбен.
AL-ASTER
Provider megaline tek ukimet tapsyrmasyn oryndaidy ghoy
talgatjez
Айтпа, жабылып-ашылып отырғаны шаршатты шынымен.
Qojeke
Проблема wordpress.com блогтұғырының өзінен бе, әлде провайдерден бе, белгісіз.
ВП жақтан болуы мүмкін емес. Ал біздің қазекем ұнамаған ресурсты «Заңға сай келмейді» деп жаба салады. Дүниенің барлық елінде дрступно ВП Қазақстанда ашылмай қалады. Неге? Өйткені бізде даланың жабайы демократиясы. "Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса"