Оқысаңыз - өзіңіз..., оқымасаңыз - тағы өзіңіз...
АФоризмдер оқығанды жақсы көремін. Ұнаған ой-пкірілерді қойынкітапшама түртіп отырамын әрі.Мұны оқушы кезден «жабысқан» «доброкачественный» әдет десем болады. Құдайберді Бағашардың «Тағылым тамшылары» кітабын оқығанмын осыдан біраз бұрын. Сондағы жауһар ойлардың, кеңестердің сіздерге бір пайдасы тисін деген ниетпен ұсынып отырмын. Ұнаса, оқыңыздар, жазып алыңыздар. Ұнамаса, тағы өздеріңіз білесіздер…
«Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммед расулаллаһ»
Бір адамды жақыннан тану үшін 3 шартқа аса мән берген жөн. Не қоян – қолтық араласатын көрші болып тұрасың не саудаласып көресің, не бірге сапарға шығасың. Ал осы үш шарт жүзеге аспаған болса – ол адамды танимын деу ағаттық. (Хазірет Омар)
Төрт жерде: төрт нәрсені сақтау, екі нәрсені ұмытпау керек. Сақталатын нәрселер: намазда ой, халық арасында тіл, ас келгенде өңеш, қонақта отырғанда көзді сақтау керек. Ұмытатын нәрселер: Аллаһтың ұлылығы мен өлім. Тез ұмыту керек нәрсе: біреуге жасаған жақсылығың мен саған жасаған басқаның жамандығы. (Лұқпан хакім)
700 жылдық насихат
«Балам, таң қыла бере туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады.
Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойындағы күш – қуат пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.
Ата – анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін ұмытпа!
Бұ дүниеде наным – сеніміңмен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді көңіліңе ала берме.
Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айрыласың.
Үш кісіге жаның ашысын:
• Надандар арасында ғалымға,
• Байлығынан қол үзген кедейге,
• Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айырылған пендеге.
Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа!
АҚ ЕКЕНІҢ РАС БОЛСА, КҮРЕСУДЕН ҚОРЫҚПА!» (Шейх Әдеб-Али, ислам ғалымы )
Он өсиет
«Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен арақатынасыңда мін болмайды:
Үйге ішіп жейтін не әкелсе де шын жүректен қабыл ал, қанағат иесі бол.
Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
Үй ішін де, үсті-басыңды таза ұста.
Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
Оған қарсы шығушы болма.
Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
Күйеуің қайғырып отырғанда- сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде –сен қайғырма»
«Түнге қалсаң таңды күтпе, таңды атырсаң кешті күтпе. Денсаулығың болса ауырмауға әрекет жаса, өміріңді өлімге дайындық деп есепте». Ибн Омар (р.а.)
Ана жатырынан шықтық базарға,
Бір кебін алып қайттық мазарға…
«Уәде – Құдай сөзі» демекші, рас, Пайғамбарымыз қай істе де үмметіне өнеге бола білген.
«Кішкентайларымызға мейірімділік танытпаған бізден емес» (Әбу Дауыт, әдеп, 58)
Хазірет Пайғамбарымыздың немерелерінің бірін сүйіп жатқанда, оны көрген Акри ибн Хабис: «Менің он балам бар, ешқайсысын да әлі маңдайынан сипап көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың оған: «Сен басқаға мейірбандық көрсетпесең, саған да Аллаһ мейірбандық көрсетпейді» — деп жауап бергені айтылады. (Әбу Хурайрадан)
Бір күні баласын жоғалтып, тұтқандардың арасынан кез-келген баланы бауырына басып іздеп жүрген әйелді көрсетіп, пайғамбарымыз:
«Біліп қойыңдар, Аллаһтың құлдарына деген мархабаты, сүйіспеншілігі, мына әйелдің өз баласына деген махаббатынан асып түседі» деген.
«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың өзі мүміндерінің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!»
Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.
Иә, Аллаһ тағала пендеге күнімізді қаратпай-ақ қойсын деп тілейік!
«Үмітсіз-тек қана шайтан». Неғұрлым шын жүректен шықса, тәуба соғұрлым қабыл болады.
Ағаттық жасау- о бастан адам баласына сіңісті әдет. Алайда дереу кешірім тілеп, тәубаға келгендер-сол ағаттық жасағандардың ең ізгілері болып саналатындығы хадисте айтылған.
Құдіретті шексіз Аллаһ тағала бәрімізді де оқыстан болатын жамандықтан сақтасын!
КӘЛИМА
«Әшхәду ән лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадан расулаллаһ»
(Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі)
Негізінде, Аллаһ тағаланың атымен не салыстырылса да онымен бәрібір тең келе алмасы анық.
Пайғамбарды өзінен де қатты жақсы көрмейінше ешкімнің де иманы толық болмайтындығы шындық.
«Ойы да, жөні де түзу достардан Аллаһ тағала бізді мақұрым етпегей! Менікі ғана дұрыс деп, кеудемсоқтыққа салынудан сақтасын! Білмегеніңді білгеннен сұрап, соның айтқанына көне білген қандай жақсы!» Расында да, қарғыстың ең жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» емес пе?!
«Ішкен-жегені харам болған кісілерге Аллаһ тағала Жұмақты нәсіп етпейді»
«Мына жайтты жақсы ұғыңдар, әр қонақ өз рызығын алып келеді. Ешкім де ешкімнің несібесіне ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің рызық-несібесімен қоса берекетін арттыра түседі »
Пайғамбарымыз
Кейбір екі жүзділер: егер Аллаһ бізді өз кеңшілігімен дүние, мал-мүлік, байлыққа кенелтсе, садақа беріп, игілерден болатындықтары жайлы Аллаһқа сөз береді. Ал, олар Аллаһ тағала байлыққа қауыштырған кезінде, байлықтарына сараңдық қылып, Аллаһтан жүздерін бұрып (әміріне қарсы келіп), берген уәделерінен айныды.
«Тәубе» сүресінің аяттары
«Иә, Аллаһ! Бергеніңді алсаң да береріңді алма»
Ел арасында даналығы әрі діндарлығымен танымал Шақиқи Белхи: «Алдымен ішіп, артынша зәр ғып сыртқа шығарған бір жұтым су құрлы құны жоқ байлығыңа сеніп ешқашан астамсып дандайсыма! Дүние-мүлкіңді айтып ешкімге де мақтанба! »
Иә, өзімен бірге көрге ала кетпейтін байлыққа адам ешқашан сенбегені жөн. Тырбаңдап өмір бойы жинаған дүние-мүлкінен әп-сәтте айырылып қалу ғажап емес. Жердің бір сілкінгенінен-ақ небір елді мекенді жермен-жексен етіп, топыраққа көміп тастап жатқан жоқ па?!
Аллаһ бізді өзі жақсы көретін құлдарының қатарына жазсын! Аллаһтың жақсы көрген құлы болу қандай бақыт десеңші!
Адамның ең осал тұсы- мақтан. Көкке көтере өтірікпен мақтағаннан небір надандар өздерін ғалым сезініп, көпірген құрғақ сөздің жетегімен тура жолдан тайып, көрсоқырлыққа салынған. «Мақтан-мақтамен бауыздағанмен тең» деген сөзді де ұмытпаған жөн.
Қашан да қай істе болмасын түпкі ниет аса маңызды. Шейіттіктің де ниетке байланысты екені сөзсіз.
Тақуалық қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік несібе Құдайдан» деген сөз де осындай тақуа кісілердің айтқаны болса керек.
«Шүкір етсеңдер, ырыс-несібемді молайта түсемін. Ал шүкіршілікті ұмытсаңдар, қолдарыңдағы нығметімді аламын да шүкіршілігі бар басқаларға нәсіп етемін. Шүкіршілік етпегендерді әрі қатты азапқа ұшыратамын… »
(Құран Кәрім, 14/7)
Бір іске тап болғанда кейде іштей көп ойланып тұрып қалатынымыз бар. Сондайда адам жамандыққа бастайтын нәпсіден гөрі жақсылыққа жетелейтін ақылға жүгінгені жөн.
Алпыс жылдық ғұмырды 21 900 күнге теңер болсақ, күн сайын бір күнәдан істесек, осынша көп күнәмен Аллаһтың алдына қалай барамыз? Иә, біздің күніге қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін?! Соңымыз не болар екен? Аллаһ бәрімізді де кешірсін!..
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қорқып, қуыстана беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажет үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!
«Асығыс шешім айта салмаңдар! Өмірдің аз бөлігіне қарап тұтасын бірден кесіп-пішпеңдер. Ақылға салып, әбден саралап барып қана шешім айтқан жөн. Әліптің артын бақпастан тон пішуге әдеттенбеңіз. Бірақ сонда да ақыл-ойдың адамды ылғи да тиянақты бір шешімге итермелемейтіндігі шындық. Өйткені бір шешімге келе алмай әрі-сәрі күйде жүру адамды сергелдеңге салады. Ал өмірдегі саяхаттың жалғаса берері сөзсіз. Бір жол бітсе, екінші жол енді басталады. Бір есік жабылса, екінші бір есік ашылар. Бір мақсытқа қол жеткізсеңіз, екінші бір одан биік мақсаттың қол бұлғап шақырып тұрғанын көреріңіз даусыз. Сондықтан беті көрінген мұзтауының астына да көңіл аударыңыз».(Лао Цзу қытай ойшылы)
«Ұлы Жаратушы бәрімізді де осы айтылған ақиқатқа мойынсұнатын жақсылық сүйгіш иманды құлдарынан қылғай! Әумин!»

ал егер қайшыны таба алмаған болсаңыз, онда кат кодын қолмен жазу. ол үшін клавиатураны ағылшын немесе латын әліппесін қоланатын кез келген тілге қойып, мына кодты жазу керек:
)