Линза туралы бірер сөз
Маған көзілдіріктен гөрі линза таққан ыңғайлы. Линзамен «дос» болғаныма 6 жылдан асыпты, бастапқыда 3 айлықты алатынмын, қазір бір айлыққа ауыстырдым.
Кез келген нәрсенің артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны сияқты линзаның да өзіндік ерекшеліктері бар.
Кемшіліктері:
— денсаулыққа: сапасыз линза көру қабілетін нашарлатуы мүмкін, кей жағдайда аллергия туындатады, ал кейде микроб түсуінен қабынулар болуы мүмкін.
— қаражатқа: яғни бір алған көзілдірікті ұқыпты кисең кемінде 1-2 жыл пайдаланасың, ал линзаны мерзіне байланысты үнемі жаңадан сатып алып отыру керек, оған қоса растворына, желді не ыстық күндерде қолданылатын растворларға тағы да ақша жұмсайсың.
— уақытқа: көзілдірік кию уақытыңды алмайды әрі көзіңді тынықтырғың келсе шешіп қоя саласың, ал линзаны тағу біраз машақат тудырады. Көзге тікелей жанасатындықтан мұқият тазалықты талап ететін линза тағу процедурасы уақытыңды алады.
Артықшылығы:
— линза дұрыс таңдалған (ылғалдылығына зор мән беру керек) әрі тазалықпен киілген болса, оның көзіңде бар-жоғы тіпті білінбейді!
— күн салқында көзілдірік буланып әбден мазаңды алады, шақырайған күн сәулесі болса көз жанарын «сорып» тастайды, ал линза тақсаң күннен қорғайтын көзілдірікті киіп ал да жүре бер!
— жаңбыр жауса да, қар жауса да линзамен еш ыңғайсыздық туындамайды!
— спортпен айналысқанда линза өте ыңғайлы, ал көзілдірікті шешіп қоюға тура келер еді.
— ұзақ уақыт кигенде көзілдіріктің іздері бәрі-бір байқалып тұрады, ал линзада ондай жоқ)
— қазіргі уақытта линзаның ұзақ уақыт тағуға болатын (ұйықтағанда шешіп қоюды қажет етпейтін) нағыз «жалқауларға» арналған түрлері де бар)
— түрлі түсті линзаны тағу арқылы көз түсін де өзгерту қолыңызда!
Ескерту: линзаны көз дәрігерінің тағайындауымен ғана таққан жөн және бір маркаға тәуелділік пайда болмас үшін оны алмастырып отырған дұрыс.
Астигматиктерге арнайы линза керек екен.
Линза су тимей-ақ шығып кететін кездер болады. Бір рет линзамен сарымсақ турап жас ақты. Бірақ линза орнында қалды. Исключение де болуы мүмкін.
Линзалар бізге бармайтын нәрсе екен. Айнасы сызылып қалған күннен қорғайтын әшкидің шаң шаң боп машинада жататыны есіме түсіп отыр.
Сосын линзасыз жанарың солғын болады дейді линза бардағымен салыстырғанда. Рас, өтірігін білмедім
ал мынау — контакт линза.
тағы бір кемшілігі, линзасыз кезіңде білінбейтін шаң-тозаң линзалы кезіңде көзіңе кірсе, бірден дискомфортты сезінесің.
Өзім қазір жарты жылдан асты, линзаға көшкеніме. Сауфлондыкін пайдаланам. Және Циклин деген ерітінді бар, ыңғайлы, бұралатын контейнерімен. Линзаны жуғанға жақсы.
Кейде, кешке таман көзіме ауа жетпегенін сезінемін. Жақсы көзәйнек ала алмай жүрмін.
Идеалда линзаны үйге келісімен ерітіндіге салып қою керек, үй ішінде тек көзілдірікпен.