Еңбек демалысы

Шілденің онында еңбек демалысын алып, ауылға келіншегім екеуміз тарттық. Пойыз деген жақсы ғой, егер ішінде өмір сүрерлік жағдайлары қарастырылса. Үш күн бойы пойыз терезесінен далаға телмірумен болдым. Көргенім мен байқағаным мынау: Қазақстан шынымен де кең байтақ екен. Бірақ басым бөлігі қураған шөлейт. Сол далада қаңыраған ауылдар, шатыры жоқ үйлер, сырты сиыр тезегімен боялған ескі тамдар. Қала деген статусы бар, үлкен пәселкелер. Мораль: "Мүмкін Астана дамыған елу елдің қатарына кіретін шығар, бірақ Қазақстан тошны кірмейді. Жо-жоқ кірмейді".

Атырауға жеттік. Қала біршама өзгеріпті. Жаңа көпірлер, жаңа асфальттар, жаңа ғимараттар… Дегенмен сол баяғы сасық та шаң басқан Атырауым. Бұрын жаяу жолаушы болған соң байқамайды екенмін, қазір автомектеп бітіргелі жол қозғалысына сырттай көп мән бере бастаппын. Атырауға келгенде де жолға назар аударып жүрдім: жалпы Атырауда жол ережесі деген түсінік жоқ сияқты көрінді. Күрделі де қауіпті маневрларды ескерту-белгілерсіз-ақ, үлкен жылдамдықта келе жатып жасай береді. Нұрбергенмен кездесіп, қонақтап келген Гастарбайтерді күтіп алғаным болмаса, аса ешкіммен кездесе алмадым. Керекинфодағы sigma есімді Алмас брат бізді көлігімен анда мында апарды. Гүлстан, Света ханумдармен бас қосамыз деген ниет болған, военкоматтағы шаруаларыма байланысты қаладан ауылға, өз мекеніме тез кетуге тура келді. Атырауда тек бір тәулік қана болдым. Осы орайда, кездесе алмаған достардан кешірім сұраймын.

Ауылда бір апта болдық. Үйленгелі ауылға әйелім екеуміз алғаш рет қыдырып келіп отырмыз. Оны ауылдың ерекшеліктерімен таныстырып мен әлекпін: «мынау мектеп, мынау клуб, мынау Есенболат деген алқаш» деп… ))). Басты мақтаныш ауыл сыртындағы шағыл (кімге қалай: құм төбелер, мини сахара):





Содан кейін жұбайымның төркіні, менің қайын жұртыма кеттік. Кеттік болғанда біздің жүргеніміз он бес-ақ шақырым. Қайын атам Ресей шекарасынан келіп өзі алып кетті (Білмейтіндерге ескерту: Әйелім Ресейдің Астрахань облысынан, менің ауылым шекараның түбінде орналасқан). Бұл сапар да алғаш рет.

Қайын атаға ырысбек. Күтіп алысымен, рөлді бажама беріп, екеуміз пибілеттік:



Содан не тастарыңды ауыртайын, үш сағатта екі кеденнен өтіп, қайын жұрт тұратын ауылға жеттік. Содан ішу де ішу, бір апта өтті. Қайын жұрт жаңадан үй сатып алыпты, соның жөндеу жұмыстарына көмектестік. Енем елу бес жасын сол жаңа үйде атап өтпек болды. Оған да «шоу бағдарлама» дайындадық. Ол шарада ди-джей қызметін атқардым. Мерейтойды өткізген соң, өз ауылымызға қайттық.

Ресейдің бір ерекшелігі сол, табиғаты әлі бұзылмапты. Ормандары жайқалып, өзендері ағып жатыр. Суларына шомылып, шешен ұлтты бажам жасаған шашлык жеп мәз болып қайттық. Суреттегі Бақтемір өзені, Еділ (Волга) өзенінен бөлініп шығады. Ені 700-800 метр. Үлкен танкерлер емін-еркін жүзе береді:



Алматыға келген соң Ресей сырасынан керекші жігіттерге дәм татқыздым. Бағасын өздері бере жатар. Жалпы демалыс осылай өтті. Аса бір күшті оқиға бола қойған жоқ, бірақ мен үшін өзінше қызықты өтті.

Бір ғана өкініш: Атыраулық керекшілердің көбімен кездесе алмадым. Сол үшін тағы бір кешірім сұраймын.

ПыСы: Журиктер құсап сапар бағытын көрсетіп қояйын: Алматы — Атырау — Жыланды — Астрахань — Жыланды — Атырау — Алматы.
Бөлісу:

34 пікір

AKY
Өтпіскең мәнді де сәнді өтіпті. Мини-сахара супер!
KILYZAMAN
Қайын атаға ырысбек. Күтіп алысымен, рөлді бажама беріп, екеуміз пибілеттік:
— сыра сырыңды емес шыныңды айтқызсын деген ғой
Nurgisa
Қайын атаң мың болғыр екен, «Волганы» да, кемесін де дайындап қойыпты. Келін шырақты да солай алып қашып па ең, алдымен жол көлік, кейін қайықпен?  Ескегін кезектесіп ескен шығарсыңдар
gerakl
Ол жақта өзен көп, солардан пароммен өтеді. Аташкі «Волгасымен» күтіп алғанымен, айдауға беруге қимады . Ескі «Жигулиін» шығарып беріп, ауыл арасында айдауға рұқсат етті.

Келін шырақты өзара пәтуамен, құдаласып алып едік. Айтпақшы, соңғы суретте қайықпен кетіп бара жатқан менің қайнағам. Ол амигомен де біраз баклашка босатып едік.
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 11:16
Nurgisa
Ол амигоң ана танкердің ізіне түсіп, сомалиліктер сияқты бір ойлағаны жоқ па екен?

Әйтпесе атаңның өзінікін саған айдауға бермегнін жақсы түсініп отырмын…
gerakl
Жоқ, ол амиго кісі тасиды. Ана жағадан мына жағаға…
Nurgisa
Қызыл балық көп шығар ол жақта, Ереке?
gerakl
Аса көп деп айта алмаймын, бірақ дәм таттық.
Aizhantabyn
менің нағашы жұртым — Астраханьнан)
Aizhantabyn
З.Ы. Астраханьнің қай жерінен? Қаласынан ба, әлде ауылынан ба? Соңғы рет нағашы атам қайтқанда, жиырма жылдың ар жағында, болған ем сол жақта…
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 14:52
gerakl
Облысы, Икрянинский район, село Маячное.
Aizhantabyn
а менің нағашыларым Семибугрыдан)
JAKO
Менің түсінгенім кіші Сахараңды, Бали, Мальдивтерге айырбастамайтын сияқтысың.
gerakl
бұл ойыңды қай сөзімді негізге алып айтып отсың?
satibaldi
Атаңмен сыралатып тұрсың ба баржада?
asaubota
«Мүмкін Астана дамыған елу елдің қатарына кіретін шығар, бірақ Қазақстан тошны кірмейді. Жо-жоқ кірмейді».

Астананың тек сол жағалауы

ана судың арғы бетіндегі ауылдың аты қандай? қазақша аты бар бір ауылға түнеп едік баяғыда Астраханьға бара жатып.
gerakl
бұл ауыл Астраханның арғы жағында. Маячное.
Gastarbaiter
Анәбір суға жүгіріп кеп бір қойып шықсаң, ә?
Marat
Қиғаштың Ресей жағына өте салысымен табиғаттың соншама мырзалығына таң қаласың. Бітпейтін теректер, әйтеуір. Бұл олардың (ресейліктердің) еңбектерінің табиғатты жақсартуға қатты сіңіп кеткендігінен емес, табиғаттың өзінің сыйы деп білемін. Бар жақсы солардың қолында қалған ғой.

Алайда, Астраханьмен Атырауды салыстыруға мүлдем болмайды. Жалпы Ресей үлкен тоқырауда қалып қойған ел. Эсенгіде көшбасындамыз деп көкірек соғудың шынымен реті бар секілді. Бір көргеннен алған әсерім ғой, әрине.
satibaldi
Орынбор облысын көп аралағанмын (Жаманқала, Айтуар, Дамбар, Тоцкое, Соль-Илецк, Мананник, т.б.). Қазақтардың қалаларынан кейін шынымен контраст, Ақтөбеге келгенде — Лас-Вегасқа қайтып келгендей боласың, әнасс.
saken
«Мүмкін Астана дамыған елу елдің қатарына кіретін шығар, бірақ Қазақстан тошны кірмейді. Жо-жоқ кірмейді»

51-ші ел болсақта жетеді маған. Көріп отырмыз ғой біріншілердің қатарындағы елдің де оңып жатпағанын (Норвегия мысалы).
Бастысы еліміз, жеріміз аман болсын.
Gastarbaiter
Норвегтерге не көрініпТ? Оларды да мешіттің түбінде мысықпен ұстап ап па?
sigma
Геракл=Патик?
KILYZAMAN
Геракл = Патик емес
Патик -> Геракл! Отыр — екілік саған!!! Логикаң қайда кеткен
Пікір түзетілген: 31 шілде 2011, 01:18
Abilakim
«Болмасаңда ұқсап бақ, Гераклды көрсеңіз» деген Абай атамыздың сөзін өзіне өмірлік ұстаным қылып алған бала ғой біздің Патик. Гераклден несі кем?
Gulistan
Патик, күшті демалыпсың ғой!
VKM
Күүүүшті!
Барып көрсе ғой мини-сахараны.
balenti
ммм… Жақсы демалыпсын Бауырым… маладес...әлі талай кездесерміз алды арты осы деймісін…
patick
Кездесе алмай өкініш ішті өртейді.
omarbirat
Демалыс күшті өткен сияқты.
Қайын жұрт жаққа Фольксвагеніңмен барсаң, крутой жігіттер келді дейтін шығар, тек ВАЗ, ГАЗ мініп жүргендеріне қарағанда )
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 00:29
vebred
Қайын жұрттың берген асының дәмі аузыңнан кетпей біраз жүретін болдың ғой енді))) (Жаман жігіт қайынсақ болып кетпе, дегенім ғой)))