CЫНАУҒА МА ,СЫНАҚҚА МА БАРДЫМ....

Бүгін жергілікті Қазақстан-Өскемен каналына пробаға бардым.Бара салысымен визажист отырғызып қойып, бояды. Шашымды жинап тастады. Мен бірден +5 жасқа үлкейдім)Сосын жазатын залға кіріп, отырғасын,қызық басталды. Электрондық суфлер бар екен, мен очки алмағанмын не линза кимей барғанмын,қағаздан оқимын деп, суфлерынан оқи алмадым.
Сосын режиссер айтты: бір тақпақ оқып берші деп, есіме түк түспей, Пушкин атаның «Сказка о царе Салтанесін» оқи салдым: Три девицы под окном, пряли поздно вечерком… деп, аяғына дейін тоқтатпады. Сосын өзің туралы айт деді.
Маған ұнаған жоқ. Бірақ ертеңге тағы шақырды.
Бөлісу:

54 пікір

Gastarbaiter
Каналға не мақсатпен барсаң да жолың болсын!
Біреумен интернет арқылы кездесіп өлтіріп кету, денесін бөлшектеп тастау — деген сияқты сюжеттерден алыс болуыңа тілектеспін.
Altygradus
ертең линзаңды киіп бар онда
не үшін сынақ айтпақшы
VKM
Алла жазса, бір хабар жүргізетін боламын))) тек орысша
meirzhan
 Сәттілік! Саған нешеде шығады?
VKM
Әлі белгісіз, басталса, видео қоямын ғой
meirzhan
Уақытын айтсаң болды. ТД-дан көремін.
Altygradus
а күЧт. Хайырлысы не болса да, ол болмаса басқасы болар. Саған үміт зор ғой Айтпақшы жергілікті арна ма?
VKM
иә, жергілікті канал
meirzhan
Не үшін барып едің?
Бір рет мен барғанда өзімше тікірейтіп қойған шашымды, бір пышылдақпен жабыстырып қойды. Визажистерде индивидуум деген түсінік жоқ екен, нақ. Біз демократиялық елде тұрамыз емес пе. Қандай шашпен барсам өзім білем емес пе.
VKM
жоқ, олар экраннан адамның қалай көрінетінін, сосын жарық қалай түсетінін біледі
meirzhan
Уже жақтап жатырсың болашақ әріптестеріңді.
Gastarbaiter
Бар бірақ, сен телевидениеде істесең, сенің сыртқы келбетің компанияның меншігіне айналады. Өйткені, сенің түріңді, даусыңды, киіміңді 8 сағат арендаға алғаны үшін саған айлық төлейді.
Жұмыс уақытынан кейін қандай шашпен жүрсең де өзің білесің. Ол сенің жеке басыбайлы уақытың енді.
meirzhan
Е-е, жоға мені қайтсын олар. жай пыросто 1-2 рет қатысқам бадарламаға.
Beytanis
Ісіңе сәттілік, жас өрен!
balzaminka
ойың жүзеге ассын
VKM
ой, рахмет, Бальзаминка.
alisha
Мүмкіндігіңді жіберме, ВКМ! Тілекшіңмін!
VKM
Ой, Алиша, көп рахмет.
Zilola
Бір рет «миллион кімге бұйырады» бағдарламасына қатысуға барғанымда, менің де бетімді бояп тастаған. Румяна жаққан еді, қасымда тұрған құрбым, жарасады екен ғо неге солай бояп жүрмейсің деген. Ол кезде бояу дегенді дұрыс білмейтін едім.
Мені бояғаны ештеңе емес, спорт комментатор Амангелдіні жаңалықтар жүргізушісі Бексұлтанды да бояндырған. Олар үйреніп қалған екен, ыңғайсыз сезінбеді өздерін
VKM
Қатысып па едің, Мақпал? Қанша ұтывалдың?
Zilola
 дым да ұтпадым, позор болып қайттым
VKM
хехе, тағы байқап көрсей)))
Gastarbaiter
Сендей сұлуға ұтылған да позор емес.
Zilola
хе-хе, төбемді көкке жеткізіп қойдың ғо
Бірақ Аршат ағатай сияқты ақша ұтқанда да жақсы балар еді.
Gastarbaiter
хе-хе, төбемді көкке жеткізіп қойдың ғо
Венера ұстазым ғой Ляляля
qisyq
Іске сәт!
19852407
кастинг де
маладес
товарный видің өтіп кетсін!
Beytanis
Айтпақшы, журиктің дипломынсыз тв-ға ала беретін болған ба?
VKM
алавереді екен. Бір диктор юрист, біреуі мұғалім… мен бірақ өтсем оқимын, сырттай болса да
Beytanis
Маған орын бар ма?
Zilola
Папам физ-матты бітіріп келген кезде ауылда химия пәнінің мұғалімі жетіспегендіктен математикаға қоса химиядан да сабақ жүргізген екен.
Ара-арасында басқа да пәндердегі мұғалімдерді заменять етіп.
Қазір жағдай басқаша ғой, мамандар көп қай сала болмасын, мсо (мен солай ойлаймын).
Beytanis
Иә, Орал жақтағы құдаларымның бір қызы универ бітіре сала мектепке оқу ісі жөніндегі директор орынбасары болып кіргенін естігем. Бәрі мүмкін бұл өмірде.
alisha
ол жерде негізінен филологиялық білімнің болуы талап етіледі
Beytanis
Әдемі сөз саптау, жағымды дауыс, сүйкімді бет пішіні — ең керек критерийлер.
VKM
Жұма күні эфирге шығатын болдым Уррррряяяяя))
madlen
Маликоооош! Жақсы жаңалық қой. Қай каналда? Сағат нешеде?
Менің бала кезгі арманым — жаңалықтар оқитын диктор болу еді
VKM
Жергілікті канал ғой.Рахмееет))
madlen
біз көре алмаймыз ба?
VKM
видео қоямын осында.  Мяя, жалпы эфирге шыққаннан емес, осында қойғанға қорқады екенмін
Dinara
жарайсыңң ВКМ, биіктерден көріне бер, видеосын бөліс міндетті түрде
Beytanis
Жұма күні эфирге шығатын болдым Уррррряяяяя))

Қандай бағдарлама жүргізесің?
VKM
бір жаңа программа-типа креативных новостей
Beytanis
а-а-а
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 22:41
meirzhan
сағат нешеде көрсетеді?
TERISKEI
Вааааай, вааааай, вааааааааай! Қуаныштеееемееееен! Журналистік кәсібіңнің алғашқы баспалдағы болғай және сәтті өтсііііііііііннн!
VKM
Рахмет, Микось.Қорқамын...блин
Altygradus
мадисс, біз саған сенгенбіз
VKM
Жанна, рахметиии… ана коробкалардың қақпағын дұрыстап жауып жүр
Altygradus
ойбаааааай айтпа, кеше бір түр бисерді шаштым ғой все таки Бірақ жаңа ыдыстарыдң бір жақсысы шашылса бәрі емес, қолданып отырғаның ғана кетедіБір түрді жинауы тез ғой