60 пікір

Gastarbaiter
Лібәймайдтар, не план?
edige
«Балалы үй — базар, баласыз үй — мазар» деген.
Біз көрмеген қуаныштарымызды көрсын, өмірлері сәнді, БАЛАЛАРЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!!!
VKM
Құтты болсын, мереке!
Айанаға көз тимесін…
omarbirat
Бірге болсын дейміз бе, не дейміз? :) Қайғы-мұң дегенді білмесін балаларымыз.
Maya
Балапандарымыз аман-есен, дендері сау болып, ата — анасының құшағында еш жамандық көрмей бал тілдері былдырлап бізді қуанышқа бөлеп өсе берсін, көбейе берсін!!!
KILYZAMAN
Қандай жанұяның болмасын сапалық көрсеткішінің шынайы индикаторлары — бүлдіршіндер!!! Көрер қызықтары мол болып, денсаулықтары мықты болуына біз жауаптымыз… (Тіпа-тіпа нағашылы жиенді болған ынтымақтарын ай өздерінің)
madlen
жаным Айанаш қооооой :)))
Aizhantabyn
Рахмет! ))))

Бізде күнде балаларды қорғау күні))))))))))

Айана саған ұқсамайды ма, қалай өзі? Өткенде жұбайыңның суретін көргем, больше похожи)) Вообще, қызы анасына тартса күшті же))
madlen
ОЙ ОЛ ГАСТАДАН АУМАЙДЫ!
Gastarbaiter

Гастарбайтер 6 жаста.
sammita
қазіргіден айырмасы жоқ. Сол қалпыңдасың.
Onlasyn
Дым өзгермепсің)
edige
Бейкүнә Гаста :))))))))))
Gastarbaiter
Апаймен түскен суретте өз шашымды өзім қырқып тастағам:))
Aizhantabyn
бізде бе осыған ұқсас сурет бар, және бір адамның беті жоқ)))

З.Ы. Жұбайың мамаңа ұқсайды ғой дейм
Gastarbaiter
Какой жұбай ол — келіншек. Әрі кетсе қатнишка. Жұбайым деп 25 жыл мерейтойымызда айтармын:))
Aizhantabyn
)))))))))))) ойбай ай! Катынка деп папам айтады. Келіншегіңе жарайды. Қазақша сөз қорым құрып барады. Осы сөзді есіме түсіре алмай қойғам))))))))))))))))))))))
Ал елу жыл мерейтойда жолдасым дейсің бе?)))
Gastarbaiter
Қатынка емес, уменьшительно ласкательно Қатнишка:)
Aizhantabyn
орысша оқысай, катынка!!! ласкательно же)))
sammita
бұрын осындай отбасылық сурет міндетті түрде әр үйде болатын. «Дом быта»ға барып арнайы түсетін. Шекесінде жылы жазулы тұрады:))
a63a1
Бір кісінің басын неге кесіп тастағансың?
Gastarbaiter
Шаруаң қанша, берген нәрсені көр де тыныш отырсайш:)
a63a1
Тыныш отыра алмай отырм, 3те 4 фотаға кеттіме деген ойғой
madlen
Қоя қойшы, Абзал!
Gastarbaiter
Ағам кесіп алған өз фотосын. Ия дедік ғо
AKY
Апаң (әпкең, әпщең, апайың) екеуің ұқсайды екенсіңдер.
Aizhantabyn
)))) көргенге сенем ғой)))

Бала көп өзгереді ғой…
Мысалы ағамның қызы туылғанда менен аумайтын, қазір ағамнан аумай қалды))) Мамасынан тек аппақ терісі ғана))))

А біз ағам екеуміз мүлдем ұқсамаймыз))

Сол себеп, уақыт көрсетеді ғой.

Ойпырым айда айтады же: күйеуіңе тарта берсін, больше любить будут деп)))
Onlasyn
Автор мырза!
Осы мейрамның мағынасын түсіндіріп жіберсеңіз?
Gastarbaiter
Жұмыс-пұмысты ысырып қойып, алдыңғы жоспарға балаларды қыдыртуды қоятын күн. Балалардың туған күн мен Жаңа Жылдан кейінгі ең сүйікті күндерінің бірі. Өйткені бұл күні балаға күнде «ертең әперем, ертең көрсетем, ертең апарам» деп уәделеген нәрсенің барлығын орындауға тырысады.
Балалар көшеге шығып, түрлі программалар тамашалайды. Телеарналар күшті мультиктер мен күшті ертегі кинолар береді. Ауылдық жерде аса мән берілмегенімен, қалалық жерлерде big deal болады.
Onlasyn
Жоқ, мақұл ғой. Бірақ неге "қорғау күні"? Неден қорғау күні? Жәй «Балалар күні» деуге болмас па еді? деген сұрақ қой менікі
Gastarbaiter
А-а-а, сол жағын айтасың ба… Білмеймін, мозгоепизм қызметінен пенсияға шыққам. Жастау біреуден сұрашы.
Onlasyn
))))))
madlen
жалпы дүниежүзіндегі балаларды қорғау деген мағынада.
Бұл күні балалар үйіндегі балаларға сыйлықтар беріледі, қайырымдылық акциялар өтеді.
Балалар еңбегін эксплуатациясына қатысы бар сияқты, менің ойымша.
madlen
Международный день детей — один из самых старых международных праздников. Решение о его проведении было принято в 1925 году на Всемирной конференции, посвященной вопросам благополучия детей, в Женеве. История умалчивает, почему это детский праздник было решено отмечать именно 1 июня.

По одной из версий, в 1925 году Генеральный консул Китая в Сан-Франциско собрал группу китайских детей-сирот и устроил для них празднование Дуань-у цзе (Фестиваля лодок-драконов), дата которого как раз пришлась на 1 июня. По счастливой случайности, день совпал и со временем проведения «детской» конференцией в Женеве.

Интересно, что этот праздник активно поддержали в странах, избравших социалистический путь развития. В эпоху существования Совестского Союза 1 июня в школах начинались летние каникулы. Международный день защиты детей отмечали речами и дискуссиями о правах и благополучии детей, проводили показы новых детских художественных фильмов и телепередач, устраивали спортивные соревнования для детей, часто приглашая к участию и родителей.
neoman
Мен білмейтін тілдерде емес, тек қазақша жазылатын сайт деп қуанып келіп ем керекинфоға…
Gastarbaiter
Әйтседе тәуір пікір жазудан бастап, бізге еріп пысықкөт шымшыма жазуға еліріп кеттің.
neoman
Мен немене тоқалдан туып пе едім, басқаша жазуға рұқсат берілмеген?!

Форумға айналып барады мен үшін, бірақ керек жерде тартынбай жазамын ғой
Gastarbaiter
негізі жақсы жазасың. Бірақ агрессия көп. Білім+агрессия жойқан күш қой:)
madlen
уақытым жоқ аударып отыруға
Gastarbaiter
уақытым жоқ аударып отыруға
Қайтесің Нео, жұлдыздарымыз сондай енді.:))
asaubota
(36.54 Kb, 480x640)
VKM
Амин-фотомодель!
edige
— Шешесссс… /Амин/
— Ей боғауыз айтпа Әкессс… /Админ/
Екеуіңнің айырмашылықтарың «Д» ғана екен

Көзінен осы… Көз тимесін :)))))))))))))
Gastarbaiter
Әнек еске түсіп кетті:))
asaubota
Әминнен «Тобыл кім?» деп сұрасаң «Тобыл мал шешессс» деп соңын ссс деп созып әдемілеп айтады :) тілі шыққан кезде үйретіп қойғам.
Gastarbaiter
Мен қызыма боқтық үйретпеймін:))
asaubota
тілі тез шығады сонда :) кейін айтқыза бермесең ұмытып кетеді
madlen
аха, естігеміз өзінене :)
omarbirat
Дәл мына суреттен Гастаның кішкене кезін көргендей болып отырмын. Бала өскенше түр-әлпеті талай өзгереді ғой. Тіл-көзден аман болсын. :)
Maya
Гаста қызың саған тартыпты ғой… ;-) Алла тіл-көзден сақтасын!!!
Gastarbaiter
Рахмет:) Саған жұғысты болсын!
Maya
Әмин, Гастеке, айтканың келсін!!! Соны армандап, аңсап жүрмін :-(
Maya
Балапандарымыз көөөөп болсыншы…
Abilakim
Барлықтарыңыздың, барлықтарымыздың жалғасымыз балалар ғой. солар аман болсын!
asaubota
қалған өмірдің мәні балалар сияқты. өмірдегі ең үлкен стимул, солар үшін тырысасың, солар үшін өмір сүресің.
Gastarbaiter
Мен үшін олай емес. Әрине ойымды тап сол тереңдікке апарудың өзі қорқынышты. Бірақ түптің түбінде олай емес. Жүректің үлкен бөлігі балаларда. Бірақ барлығы емес.
Altygradus
қызың айнымаған өзің сияқты екен:) Көз тимесін!
balzaminka
аумаған нағашылары деп картоп жарайыншы :)