“Ән айтатын әйел”
Ресей әншісі Алла Пугачеваны өз жерлестері «Примадонна» деп еркелетеді. Ел арасында қаншама өсек-аянға, сөзге қалып жүрсе де Алла Пугачева сахнаға шыққан сайын халық оны қолпаштап, қошаметке бөлейтінін жиі көреміз.
Біздің ұрпақтың есіне Алла Пугачеваның жас жігітпен бас қосқаны, жалпы көбіне жеке өмірі ғана оралады. Алдында «ОРТ-Евразия» телеканалынан осы әншінің 2000 жылдары түсірілген есеп беру концертін көріп қалдым. Өмірімде мұндай актриса-әншіні ешқашан көрмеген екенмін. Образға кіріп, тіпті дәл сол сәтте, дәл сол мезетте сондай оқиға басынан өтіп жатқандай ән салады, айқайлайды, күледі, жылайды… Не керек, тіпті бір театр спектаклін көріп жатқандай әсерде болдым, сондағы сахнада тек бір ғана әнші — Алла Пугачева ән айтып тұр.
Алла Пугачева бір сұхбатында айтқан екен, «Қызыма (яғни Кристина Орбакайте) бақыт пен қатар қайғы тілеймін» – деп. Өйткені қайғы көрмей ол ешқашан әнші бола алмайды деп. Жалпы Алла Пугачеваның сұхбаты болсын, жәй әңгімесі болсын тыңдасаң, өмір көрген, өз философиясы қалыптасқан адамды көресің. Бәлкім тағдыр оған осындай ауыртпашылықтар көп берген шығар, соңында осындай атақты актриса-әнші болуы үшін, халықтың ішкі зарын айту үшін, жан-дүниесімен түсініп, елге жеткізу үшін, жұбату үшін.
Қазіргі кезде ән айтуын қойғанын білеміз, бірақ осы бір-екі жыл бұрын, Юрмалада өтетін «Новая Волна» фестивалінде «Менің соңғы махаббатым» атты ән айтқан еді. Сонда мынадай сөздері бар «Менің соңғы махаббатымды қарғалар келіп айналады, өсекпен толтырады, ал бірақ топас құстар менің бұл махаббатымды оңай құрта алмайтынын білмейді» деп өзінің ішкі мұңын шағады.
Шынымен өмірі өсек пен сынға толы, ақшасына, танымалдылығына қызыққан қаншама «достар» кездесті. Бәрін ғұмыр бойы өз арқасында тасып жүрген қиынның қиыны шығар. Жастайынан «Ән айтатын әйелге бақыт берші» деп жырлаған әнші қартайған шағында сол бақытқа жете алды ма екен, алайда артында миллиондаған тыңдарманы бар әншіге басқа бақыт керек емес те шығар…

Дүниелік байлығы болса да, рухани байлығы жоқ әнші деп ойлаймын оны
Пугачеваны керемет әнші санамаймын, бірақ профессионал екені рас. ))
«Позови меня с собой....»деген ән айтушы еді ғой бір кезде
хабар, сұхбаттарында болсын, телешоуларда болсын, жауаптары, коменттері дәл, «в тему», сосын еш жасандылық жоқ. Қызына сол жетіспейді.
Мықты әнші, актриса. Ал оның әйел бақыты жайлы біз не білеміз, "әр кәллада бір қиял". Өзінше бәлкім бақытты да шығар…