Әзірше айызың қанбайды немесе кезбенің арманы.

Кейбір кездері — Қазақстанның құстары, немесе аңдары, табиғаты т.с.с пайыммен өз тілімізде қызықты графикалық мәліметтер іздесең аз табасыңда, орыс тілінде құмарың қанғанша түрлі мәліметтерге қарық боласың.
Әңгіме жасап отырған нәрсем — түрлі форматтағы суреттер. Қазақстанның бұрыш бұрышындағы небір ғажайып табиғи көріністерінің фотобейнелері мен сол бейне жайлы қысқаша мағлұматтардың барлығы дерлік орысша(т.б. тілдерде). Ал енді, сол табиғат аясындағы сәттер бейнеленетін өз тіліміздегі материалдардың көрнекілік жағы көбінесе табиғатты емес, аста-төк дастарханның, немесе түсініксіз ракурстағы адамдардың бейнесімен шектеледі :-(.
… Ғаламтор кезбелерінің айызы қанып, көзі тояттайтындай, еліне-жеріне деген махаббатына мақтанатындай құнды фотосуреттердің ана тілімізде көбейуіне атсалысуды өзімізге алғы шарт қылып қояйықшы ағайын…
Бөлісу:
  • 0

4 пікір

KILYZAMAN
satibaldi
Алынған жері мына жер деген сөзді ұмытып кеттің.
KILYZAMAN
Әй, сен кетшіей!!!
KILYZAMAN
Демалуға барған кездеріңнен алған әсерлеріңмен қоса Отанымыздың түпкір-түпкірінен жиналған, еліміздің әсем табиғатын паш ететін суреттерді Керекинфоға іліп жүруді ұмытпаңдаршы
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 22:57