Силуэтті өмір салты!

Украинаға келгелі «таңертең ерте тұрып жүгіру керек еді» деген ой жиі келетін. Неге Астанада емес? Білмеймін, әйтеуір құнт жоқ ол жақта. Жұмыстың өзі адамды шаршатады.
Дайындықты кеше бастадым (шыны керек, ең жағымдысы осы дайындық болды:))). Спорт дүкенінен арнайы шорты, майка, басқа киетін кепка алдым. Ондай қажеттігі болмаса да, қызулықпен бір шалбар ала кеткенімді жасырмай-ақ қояйын)))
Бүгін таңертең сағат 6-да тұрдым. Ауа керемет! Адамдар да некен-саяқ. Құлаққа наушникті тығып алып 20 минуттай жүгірдім. Ужыс, соның өзіне ентігіп қалдым(( Сосын 10 минуттай жаттығу жасап, үйге қайттым да, душқа түсіп алып...ұйықтап қалдым. Осы жері ұяттау боп қалды негізі.
Жарайды, ең бастысы, бастамасы басталды, жүре-бара жөнделерміз, ұзағынан болғай еді)))
Бөлісу:

32 пікір

Lyaila
Маладеес! Бұл бір үлкен бастама ғой! Керемет табиғат аясында жәй жүргеннің өзі-салауат! Енді тастап кетпе!
Aizhantabyn
Ғажап!
Тастамай жүр енді))
Астанада ЕНУдің жанында жүгірген бір рахат (келеріңде жүгіруге деген ынтаң кетпесе). Сіңлім екеуміз жүгіреміз сол маңда, тек кеште. )))

Алға!!!
AKY
Ия, гребной каналдың маңында жүгіруге болады. Барған соң сол жерде жалғастырам-ау:))
sammita
«Грибной канал» шығатын бар ма:)))))
AKY
М?
sammita
Кей кондукторлар осылай «Саңырауқұлақ арнасы» дейді ғой:))))))))
AKY
Аааа)) Тупняк ұстап отырм, кешіріп қой)))
sammita
сен жүгірмей-ақ қойшы, чета түрің жаман ше:))
ми клеткалары жылжып, проводтары шатысып кетсе тағы)))
AKY
Болды енді, айныта берме))) Өзім онсыз да сыныққа сылтау іздеп жүргенде)))
monti
йықтап қалдым. Осы жері ұяттау боп қалды негізі.
))) ұятты нәрсе жасама енді ;)
былай қалай ұйықтайсың? жүрек тарс/тұрс болып тұрса, білмеймін өзім көп жүгіріп қоямын ба, 1-2 сағатқа дейін басыла алмай денем қызып тұрады тура :)
AKY
Білмейм, ұйықтамай-ақ қояйыншы деп едім, бірақ жатқым кеп кетті. Бірден ұйықтап қалған жоқпын әрине. Бірақ, ұйықтағасын, тұра алмай қалдым)))
Ощм, ертең ұхтамайм.
qisyq
Бәсе, шай ішіп отыр ең.
Мадис.
AKY
Ол кезде ужы сағат 11 еді)))
AKY
А сен қанша жүгіресің?
monti
А сен қанша жүгіресің?
сұрақ маған ба? :)
мен 1 км. жүгіруге тырсам ;)
AKY
Ооо, мен одан аз жүгірдім((
patick
душқа түсіп алып...ұйықтап қалдым.

душта ма?
Jacqabaies_Chirac
О міне осындай нарселерді жазсаңдаршиш байымайтын ептілер, отырып алып дін террор деп бұтағымды күйсей бергенше ширктер өңшең. Ахи сахи жоғалыңдар нақ
Altygradus
Ондай қажеттігі болмаса да, қызулықпен бір шалбар ала кеткенімді жасырмай-ақ қояйын)))
ххахахаа ой Әйгерім:)))) қыздармыз ғой енді қайтеміз
Altygradus
@АКУ қазір осы туралы жаңа пост жазамын:)
AKY
Дабай, дабай))))
Erlan
Buirtsa 1 mausimda bastaimin, vitamin jane sporttik kimder alu kerek, kiziktirip jiberdinder ))
nurbergen_makym
… бірақ, махито ұртап жүрген шығарсыз?
:)
AKY
"Қуанғаннан ішіп кете жаздап, бөтен елде жүргенім есіме түсіп, өзімді әзер тоқтаттым." © Палымбет Ришелье. «Байбақтина Әселдің дипломдық жобасы»
meirzhan
Сосын 10 минуттай жаттығу жасап, үйге қайттым да, душқа түсіп алып...ұйықтап қалдым.
хе-хе. Менде де осындай болатын. Тым ерте тұрғандықтан болар.
Daniar-Alan
енді екінші деміңіз блогқұрылтайда ашылып жүр деген үміттеміз…
salta
98 жылы гребной канал — Ақбұлақ деген атауы болмайтын. Соленая балка дейтінбіз, жан-жағының бәріне арам шөп өскен, кішкентай ғана арық еді, үстінен бір аяқ темір көпір арқылы ЦИСИ жаққа өтетінбіз. дене шынықтыру сабағында Азамат Төкеновичтен тығылып, келесі круг айналып келгенше сол арам шөптердің арасында тығылып отыратынбыз. Тоғай сияқты болатын. кейін ғой, цивилизация келіп, бір емес екі көпір салынып, жан-жағына асфальт төселгені. Қазір керемет демалатын жер…
Adiletshu
Жастық шағыңыз Украинада өтіп пе еді
Anar70
цивилизация… Со соленая балка мен циси жақты, арам шөптерді сағынам))))))