Балаңызды жамандыққа баулап жүрген жоқсыз ба?
Сүйіспеншілік, сенім, қолдау, қорғау көрген бала өзіне сенімді, ашық-жарқын және ақжүрек болып өседі. Алдау-арбауға ұшырап, қағажу көріп өскен бала жігерсіз, сенімсіз, ынжық болады.
Көңіл бөлінбей өз бетімен өскен балалардың әлсіз, зиянды әдеттерге әуес болып өсу ықтималы көбірек.
Сүйіспеншілік — балаға қараған сәтте жанарыңыздан төгіліп тұратын сәуле: мұны баланың басынан сипау, жай сөйлеу, оған көңіл бөлу, онымен ойнау арқылы әрдайым сездіре аласыз. Кейбіреулер бала тым еркелеп кетер деген үреймен көп сөйлеспейді, сезімдерін іште сақтайды. Бала ұйықтап жатқанда ғана иіскеп, тамашалайтындар да жоқ емес.
Жаңа туған сәбиге ананың ыстық алақаны, жылы кеудесі мен даусы ерекше сенім ұялатады. Өзін қорғайтын асыл жанның бар екенін бала анасының еміренгенінен байқайды. Шетелдік бір балалар үйінде бұндай ыстық сезім мен ықыластан шет қалған балалардың өлімге тез берілетінін көрсеткен оқиғаға зер салайық.
Мақала мен сурет muftyat.kz сайтынан алынды.

Осының әсері ғаламат деседі психологтар.
Negizi, kazakhtar balasyn bes jaska dein patwandai kor, on eki jaska dein kulyndai kor, on jastan tenindei kor deitin be edi, bir soz bar edi goi :)) sol princippen tarbielesek jaman bolmaityn sekildi :))
Жаманнан жақсы туса — теңі болмас.
Баланы — бала деме, ақылы болса, аға болар. :)